Мекен пысықтауышы Мекен пысықтауышы амалдың орнын көрсететін сөз болғандықтан, «қайда?», «қайдан?», «қалай?» деген сұрауларға жауап береді. Мекен пысықтауышы болатын сөз таптары: Әуелі — мекен пысықтауышы болатын – мекендік үстеу.
1) Мысал: Атты әрман бара жатыр. Кім бара жатыр? - атты. Атты нешік? - бара жатыр. Қайда бара жатыр? — әрман. Екінші - мекен пысықтауышы болатын — мекендік үстеуге айналған зат есім.
2) Мысал: Тыста тықыр естілді. Не естілді? — тықыр. Тықыр не қылды? — естілді. Қайда естілді? — тыста.
Үшінші - мекен пысықтауыш болатын — зат есім өз қалпында. Мысал: Қапаш қалаға кетті. Кім кетті? — Қапаш. Қапаш не қылды? — кетті. Қайда кетті? — қалаға.
Төртінші — мекен пысықтауышы болатын — мекен үстеуіне айналған есімдік. Мысал: Мұқан мұнда келді. Кім келді? — Мұқан. Мұқан не қылды? — келді. Қайда келді? — мұнда.
Бесінші — мекен пысықтауышы болатын — үстеу орнына айтылған есімдік. Мысал: Оспан осыннан аттанды. Кім аттанды? — Оспан. Оспан не қылды? — аттанды. Қайдан аттанды? — осыннан.
Алтыншы — мекен пысықтауышы болатын — үстеуге айналған зат есім. Мысал: Қонақ тысқа шықты. Кім шықты? – қонақ. Қонақ не қылды? — шықты. Қайда шықты? — тысқа. [14]
Жетінші – зат есім мен үстеуге айналған көсемше қосылып мекен пысықтауышы болады. Мысалы: Қалашы елге қарай бұрылды. Кім бұрылды? — қалашы. Қалашы не қылды? — бұрылды. Қалай қарай (қайда) бұрылды? — елге қарай. 1-інші мысалда — «әрман», 2-інші мысалда «тыста», 3-інші мысалда «қалаға», 4-інші мысалда — «мұнда», 5-інші мысалда — «осыннан», 6-ыншы мысалда — «тысқа», 7-інші мысалда — «елге қарай» деген сөздердің бәрі амал орнын көрсетіп тұр жана «қайда?», «қайдан?», «қалай қарай?» (қайда) деген мекен пысықтауыштың сұрауларына жауап беріп тұр. Сондықтан бұл сөздер мекен пысықтауышы болады. «Әрман» — мекендік үстеу, «тыста» — мекендік үстеуіне айналған зат есім, «қалаға» — зат есім, «мұнда» — мекендік үстеуге айналған есімдік, «тысқа» — үстеуге айналған зат есім, «елге қарай», «елі» — зат есім, «қарайы» — үстеуге айналған көсемше.
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшесінің бірі- пысықтауыш. Ол да анықтауыш сияқты, басқа сөздің, əйтеуір бір сапасының, ерекше белгілерін білдіру үшін жұмсалатын бағыныңқы мүше. Солай болғандықтан, пысықтауыш анықтауышқа ұқсас. Дегенмен ол екеуінің елеулі айырмашылығы бар: анықтауыш заттық ұғымы бар сөздердің – зат есімдердің, субстантивтенген басқа есімдердің - əр алуан сапасын, меншіктілік - тəндік қатнасын білдіру үшін жұмсала, пысықтауыш, негізінде, заттың қимылдық сапасының сапасын, белгісін білдіреді. Басқаша айтқанда, анықтауыш зат есімнен болған мүшені, пысықтауыш етістіктен болған мүшені анықтайды. Сондықтан көбінесе анықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер етістікке қатысты болып етістіктен болған мүшені «анықтаса», оларды пысықтауыш деп атаймыз.
Мысалы, Үйге үш кісі кірді- дегенде, үш - пысықтауыш. Бұл сөйлемдерде найзадай, жақсы, үш анықтауыш қызметінде де, пысықтауыш қызметінде де өздері қатысты сөздермен қабыса байланысқан, екеуінде де лексикалық материалы мен тұлғалары бірдей.
Дегенмен олардың айырмашылығы бірде зат есімдерге, бірде етістіктерге қатысты болуында ғана емес, сол арқылы грамматкалық мағыналардың да өзгеше болуында. Бұл өзгешелікті оларға қойылатын сұрақтарға қарап та байқауға болады; найзадай (қандай шоқы?), найзадай қадалды (қалай қадалды?), жақсы бала (қандай бала?), жақсы сөйледі (қалай сөйледі?). Сөйтіп пысықтауыштар көбінесе етістік баяндауыштарға қатысты болып, мезгілді, мекендік, себеп-салдарлық т.б. мағынаны білдіреді. Бір қатар авторлар пысықтауыштардың жанама толықтауыштармен шендес елетін кейбір қасиеттеріне қарап,оларды сөйлемнің бес мүшесінің бірі деп есептелмей, толықтауыш қатарына қосып қарайды. Кейде жанама толықтауыштардан пысықтауыштардың жігін айыру өте қиын екені рас, бірақ солай екен деп «пысықтауыш» деген сөйлем мүшесін жоққа шығару дұрыс болмайды.
Пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер- үстеу мəндес есімдер, сапалық есімдер мен мекендік, мезгілдік, мақсаттық, амалдық мағыналарда жұмсалатын септеулі (жатыс, барыс, шығыс, көмектес септіктеріндегі) зат есімдер. Пысықтауыштар білдіретін мағыналарына қарай былай бөлінеді: мезгіл пысықтауыш, мекен пысықтауыш, себеп-салдар пысықтауыш, амал пысықтауыш. [15]
Мекен пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер, негізінде, мекендік үстеулер: жоғары, төмне, ілгеірі, кейін, соң, əрі, əрмен, бері, бермен, кері, ішкері, тысқары, сыртқары, алда, артта, соңында, бұлай, алай, тұс-тұстан, алды-артқы, ерслі-қарыслы, əрі-бері, жоғары-төмен, ілгері-кейін, жан-жақ т.б. Мекендік үстеулер түбір күйінде де, жатыс, барыс шығыс жалғаулы формаларда да мекен пысықтауыш болады. Жоғарғы үстеулердің бірқатарына-(ы)рақ,- (і) рек жұрнағы жалғанып та мекен пысықтауыш болады.
Мекен пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздердің енді бірқатары - көлемдік мағынадағы жатыс септікті зат есімдер, сілтеу есімдіктер. Оларға қайда? қайжерде? Қай жақта? Деген сұрақтар қойылады. Барыс, шығыс жəне көмектес септікті зат есімдер де іс-əрекеттің орнын жəне беталысын көрсетіп, мекен пысықтауыш қызметінде жұмсалады. Септік жалғауларындағы сөздердің мағыналарын бұрынғысынан да дəлдеп, айқындап тұратын сөздер бар. Олар- септік жалғауларын меңгеретін демеулер. Демеулер меңгеретін сөздерінен кейін тұрып, мекен пысықтауыштардың құрамына енеді. Сілтеу есімдіктері мен жақын, алыс, жер, жақ, маң сияқты көлемдік мағынадағы есімдер тіркесіп, соңғы сөздер жатыс, барыс, көмектес септікте тұрып, күрделі мекен пысықтауыш болады. Арты. Алды, асты, үсті, жаны, маңы, қасы, іші сияқты көмекші есімдер сол тобын жазбай жатыс, барыс, шығыс септікте айтылып.
Мекен пысықтауыш қызметінде жұмсалады. Бірқатар үстеулер жəне сөз тіркестері сөйлем құрамының өзгешелігіне қарай кейде мекен, кейде мезгіл пысықтауыш болып жұмсала береді. Бір қатар көлемдік, мекендік мағынадағы есімдер көбінесе мезгілдік үстеу қызметінде жұмсалады. Ол табанда ақшасын өндіріп алды.
Іс- əрекеттің қарқындық тəсілін білдіретін пысықтауыштардың мағынасы əр түрлі болады: бояу, шапшаң, үдеу, қайталау жəне т.б. Ондай пысықтауыштар мынадай сөздерден жасалады. а) тез, жылдам, шапшаң, ақырын, жай, шұғыл, қайта-қайта сияқты 6стеулерден тез қимылда, сəл көтерілді, ақырын сөйледі. Шапшаң бас, жылдам жүр, жай оқы, ол шұғыл бұрылды, ол жазғадарын қайта-қайта оқыды, т.б. Қарқындық амал пысықтауыш қызметінде жұмсалатын тез, сəл, жай, сияқты үстеулер қасындағы етістігінің магыналық өзгешелігіне қарай істің шапшаң орындалу амалын білдірумен қатар, кейде шақтық та мағынада жұмсалады. Жоғарғыдай пысықтауыш қызметіндегі сөздерге ырақ ірек жұрнағы жалғанып, олардың қарқындық дəрежесі күшейтіліп те айтылады. ə) Қылт, кілт, тарс, тарс-тұрс, жалт, бұрқ-бұрық, жалт-жұлт сияқты еліктеуіш сөздер: б) Бірден, бір-ақ, көзбе-көз, қолма-қол, жалма-жан, зорға, əрең сияқты үстеулер: Бейнелеуш амал пысықтауыштар қимыл тəсілінің түрде екенін білдіреді. Ондай мағынада пысықтауыш болатын сөздер: а) Шалқасынан, жүрісінен, етпетінен, алшысынан, мұртынан, тізелеп, жанбастап, бүге түсіп деген үстеулер. ə) Маң-маң, талтаң-талтаң, бүкең-бүкең, бүрсең-бүрсең, ербең-ербең, қарш-қарш, пырт-пырт сияқты еліктеуіш сөздер. Бұл топқа киімшең, көйлекшең, жалаң, бас, жалаң аяқ, қуанышпен сияқты сөздерден болған пысықтауыштар да жатады. Негізгі жəне туынды сын есімдер етістікке қатысты болып пысықтауыш қызметінде жұмсалғанда, олар бұрынғы лексикалық мағынасын өзгертіп, үстеуге айналмайды. Бірақ үстеулер сияқты пысықтауыш қызметінде жұмсалады. Сапалық сын есімдер пысықтауыш қызметінде жұмсалу үшін баяндауыш болған етістіктердің дəл алдында тұруға тиісті.
Ондай пысықтауыштардың баяндауыштармен осылай қабыса байланысып, қатар тұруы- олардың сол қызметте жұмсалуының синтаксистік амалы. Бірақ кез келген негізгі сын есімдерді етістіктермен қатар қойып пысықтауыш қызметінде айта беруге болмайды, тек санаулы сын есім сөздер ғана сол қызметте етістіктермен тіркесе алады. Ол туралы «Сын есім мен етістіктен құралған сөз тіркесі» дегенді қараңдар. Олардың лексикалық мағыналары етістіктердің мағыналарымен үйлесімді, солармен тіркесе алатын сөздер. [16]
Негізгі сын есімдерден гөрі, туындысын есімдер пысықтауыш болып өте жиі қолданылады. Онда да олардың бəрі емес, үстеумен шендес сын есімдер.
1. –сыз-сіз жұрнағы жалғанған туынды сын есімдер пысықтауыш қызметіңде қимыл процесіне біреудің не бірдеңенің қатысы жоқтығын білдіреді.
2. Зат есімдерге дай-(дей, тай) тей жұрнағы жалғанған туынды сын есімдер сапалық пысықтауыш қызметінде теңеу, салыстыру мағынасында жұмсалады. Кейде – дай|дей… жұрнағы жалғанған сөздерге- ың|| ің қосымшасы арқылыда пысықтауыш жасалады. Ша-ше жұрнағы арқылы үстеуге айналғанесіvдертеңеулік сапа мағынасында пысықтауыш болады: Суда балықша жүзетін бір балықшы шал бар екен. [17]
Сапалық пысықтауыш ретінде жұмсалатын сөздердің енді бірқатары– сан есімдер, сандық ұғымды білдіретін басқа есімдер. Сан есімдер ол қызметте түбір күйінде, кейде олардан кейін рет, есе деген көмекші есімдер тіркесіп айтылады. Заттың анық санын білдірмей, сандық ұғымда айтылатын аз, көп, шамалы, азырақ, көбірек, едəуір, талай, тегіс, біраз, бірқатар сияқты сөздер де сапалық пысықтауыш қызметінде жиі қолданылады.