Қазақ тілінен эссе жазудың ҚҰрылымы


- қадам. Қорытынды жазыңыз



Pdf көрінісі
бет26/38
Дата06.06.2023
өлшемі0,61 Mb.
#99028
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38
Байланысты:
эссе жинағы

6 - қадам. Қорытынды жазыңыз. Өз негізгі идеяларыңызды жинақтап, 
оқырманға қай бағдарда оқып, оларды дамыту керегін ұсыныс жасаңыз. 
Тезистен қандай қорытынды шығаруға болады? Қандай сұрақтар жауапсыз 
қалды?
7 - қадам. Кіріспені жазыңыз. Негізгі бөлім мен қорытындыны жазып болған 
соң оқырманға не туралы жазатыңызды хабарлаңыз. Тезистік дәлелдемені 
түсіндіріңіз және оны қалай дәлелдейтіңізді жалпы суреттеңіз. Төмендегі 
қарапайым сөз тіркестерін қолданбаңыз: «Эссе мына туралы...» немесе «Бұл 
эссе тақырыбы ...» немесе «Қазір мен сізге ...». Жалпы дәлелден бастаңыз, оны 
сұрақ немесе мәселемен кейін тезиспен және сіздің көзқарасыңызға қысқаша 
шолумен бекітіңіз.
8 - қадам. Жазғаныңызды оқыңыз. Эссені басынан аяғына дейін тексеріңіз. 
Бір сөйлем екінші сөйлемге дұрыс жалғаса ма? Бір абзац екінші абзацқа? Әрбір 
дәлел алдыңғысымен байланысты болу керек. Егер сізге ой тәртібі мен абзацтар 
құрылымы ұнамаса, оларды өзгертіңіз.
9 - қадам. Қателерді тексеріңіз. Мәтінді қатеге тексеріңіз: грамматикалық
пунктуациялық, стилистикалық. Қайталанатын сөздер, әдеби тілдің нормасына 
нұқсан келтіретін сөздерді қолданбаңыз, пунктуацияны тексеріңіз. 
Бағалау талаптары.
Бірінші әдіс:
1.Тақырып, проблеманы ашуда жеке көзқарас, позиция, қарым-қатынас көрініс 
табуы. 2-1-0.5-0


39 
2.Проблема теоретикалық деңгейде негізделіп терминдер дұрыс қолданылуы.
1-1-0.5-0
3.Қоғамдық өмір немесе жеке тәжірбиесіне сүйенген фактілі дәлелдер. 1-1-0-0
Екінші әдіс: 
Жалпы білімі-knowledgeable max
30
Сөздік қор-Vocabulary max 
20
Тілді қолдану деңгейі (сан есім, сын есім, етістіктер, т.б.) max 25
Сауаттылық-Mechanicsmax
5
Әдебиеттегі Эссе – соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой 
теңізінде жүздіретін таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін 
туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлеміңе азық сыйлайтын, дүние 
құбылыстарын өткір қабылдауымен ерекшеленетін көркем туынды. Эссе 
табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі 
композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл өнер туындысында эссеші 
интеллектуалдық байлығын, аңғарымпаздығын, жарқын, тапқыр ойлылығын
өмір 
саяхатындағы 
көрген-білетін, 
сезінген-түйгенін, 
тәжірибелерін 
жомарттықпен жайып салады. Эссе сипатында туған туындыларға батыл 
болжамдар мен өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар мен талас тудыратын 
жорамалдар, ойлар, көкейге қонымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау 
саларлық байламдар тән.
Мазмұны:

Эссенің түрлері

Эссе құрылымы

Эссенің құрылымдық бөліктері

Дереккөздер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет