Тіл білімінің бір саласы ретінде фонетика өзіндік орын алады. Ол дербес ғылым болып, өз заңдылықтары бойынша дамып отырса да, басқа да бірқатар лингвистикалық және тілдік емес ғылымдармен байланысты.Тіл ғылымдары тілді әртүрлі тұрғыдан зерттейді. Лексикология тілдің сөздік құрамын, оның шығу тегін, мағынасы мен сөзжасамын қарастырады. Грамматика тілдің құрылымын және сөздердің сөйлемге бірігуін реттейтін ережелерді зерттейді. Стилистика стильді зерттеу дегенді білдіреді. Тіл тарихы оның тарихи дамуын қадағалайды. Фонетика олармен байланысты, өйткені лексикалық, грамматикалық және басқа да құбылыстар фонетикалық түрде айтылады Алғашқы зерттелулерде қазақ тілі дыбыс жүйесі туралы, қазақ тіліндегі дыбыстардың саны мен сапасы туралы бірізді пікір де, қазақша терминдер де жасалған жоқ. Нағыз ғылыми зерттеу А. Байтұрсынов пен Қ. Жұбанов еңбектерінен басталады деп білеміз. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі жөнінде алғашқы мәліметті Н. И. Ильминскийдің 1860 жылы Қазан қаласында шыққан «Материалы к изучению киргизского наречия» («Ученые записки Казанского университета») деген еңбегінен кездестіре аламыз. Ильминский қазақ тіліндегі дыбыстарды екі топқа жіктеп, дауыстылардың сегіз түрін (а — ä, е, ы, і, о — ö, у — ÿ), дауыссыздардың он тоғыз түрін (п, м, w; т, д, н; ж, з, ш, с; р, л, j; k¨, ѓ, к, г, ң) атап өтеді (дыбыстарды өзара артикуляциялық жуықтығына қарай жіктеп көрсеткен).
Қазақ тілі Сүйемін туған тілді - анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім Шыр етіп жерге түскен минутімнен Құлағыма сіңірген таныс үнім. Сол тілмен шешем мені әлдилеген, Еркелеткен, "құлыным", "жаным" деген Сол тілменен бірінші білгізілген: "Ана" деген сүйгендік сөз әм менен Қылжықтап, алып қашып құрбы бөркін Сол тілменен ойнадым далада еркін Сол тілменен бірінші сыртқа шығып Өмірде ен далада ұққан көркім. Сұлтанмахмұт Торайғыров