Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
74
асырады деген құқыққа ғана ие. (Все происходит в
соответствии с
Божественным планом. Мы
обладаем свободой выбора, как, и
каким образом реализовать этот план в своей жизни).
3. Өмір қалай болу керек болса, солай реттеледі. Қателік
болмайды. (Жизнь складывается так, как должна сложиться).
4. Егер адамға бір нәрсе дұрыс болып көрінсе, ол бәріне де дұрыс
болады. (Если что то правильно для вас, то это правильно и для
всех).
5. Адамға ешқашан шамасынан артық нәрсені міндеттемейді. (На
нас никогда не возложат больше того, с чем вы можете справиться)
[2, с. 7-8].
Жоғарыда келтірілген заңдардың жалпы адамзатқа ортақтығын
байқауға болады. Бұл жерде адамның
қандай дінді ұстанатыны
қарастырылмаған. Мәселен, Ислам дінінің қағидалары осы
заңдармен сабақтас десек артық айтқандық болмас. Құран
кәрімнен бір мысал келтірер болсақ, соңғы бесінші заңдағы адамға
шамасынан артық нәрсені міндеттемейді деген жолдар Бақара
сүресінің соңғы 286-аятындағы «Алла (Т)
кісіге шамасы келетін
міндетті ғана жүктейді; Істеген жақсылығы өз пайдасына да,
жамандығы зиянына...» сөздермен сәйкес келетінін байқаймыз [3,
б. 604]. Келтірілген үзіндіге қарап Жаһандық заңдардың кездейсоқ
емес, шынында Жаратушы тарапынан болатынын түсіну керек деп
санаймыз.
Ежелгі өркениеті дамыған Египет, Қытай, Үндістан, Вавилон,
Аравия, Иран және Түркілер мемлекеті сияқты елдердің
мәдениетінде
өздеріне
тән
нумерологиялық
дәстүрлері
қалыптасқан, күні бүгінгі дейін дамып келеді. Ол кезде сандарға
қатысты
ғылым
арифмомантия
деп
аталған.
Қытай
нумерологиялық дәстүрі қазіргі таңға
дейін Фэн-шуй принципі
шеңберінде дамып келе жатыр. Фэн-шуй ғылымы жайында ғалым
С. Некрасова былайша пікір білдіреді: «Наука Фэн-шуй изучает
структуру потока энергии жилого пространства вашего дома и
предметов, размешенных в нем (то есть внешний мир)» [2, с. 9].
Қытай нумерологиясына зерттеу жүргізген ғалым ары қарай Фэн-
шуй ережесі бойынша үйдің кеңістігіндегі энергияны өзгертуге
мүмкіндік береді. Сол сияқты
адам өз өмірін де өзгертуге