Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
140
айтқанымызда т дыбысы таңдайға жабысып қалады. Аффрикат
құрамынан босанған т таңдайға жабыспай жуысыңқы айтылады.
Сөйтіп, жабысыңқы т-дан жуысыңқы т тілдік өмірге келеді.
Енді сычқан~тышқан, саяз~таяз, соғым~тоқум параллельдеріне
қайта оралалық. Талдаулар негізінде т
қатаң дауыссызының
шыққан тегі тс(ц) аффрикаты екендігін білеміз. Ал с дауыссызы
тс(ц) аффрикатының алғашқы жапсары т элизияға ұшырағаннан
кейін ғана дербес фонемаға айналған. Оның шыққан тегі де – тс(ц).
Бүкіл аффрикаттардың алғашқы жапсарының жойылуы т
фонемасы қалыптасқаннан соң мыңдаған жылдардан кейін жүзеге
асқан. Демек, тс(ц)~тһ~т сәйкестіктері ұзақ жылдар бойы қатар
өмір сүрген.
Математикада,
нақтырақ айтқанда, алгебрада белгісіз сандарды
белгілі сандар арқылы табатын тәсілдер бар. х+5=12 элементар
теңдеуі біздің архетип табу ізденістерімізге көмектесе алады.
х=12-5=7 есептің дұрыс-бұрыстығын тексеру үшін х=тің орнына 7
санын қоямыз: 7+5=12. Дәл осы тәсілді түпкі текті анықтауға да
қолдануға болады. т фонемасының шыққан тегі – тһ дыбыс тіркесі,
арғы тегі – тс(ц) аффрикаты, с фонемасының шыққан тегі – тс(ц)
аффрикаты.
Енді математикалық логикаға сүйеніп, даму кезеңдерін кестеге
түсірейік.
І. ц(ычқан)~ц(ышқан), ц(аяз)~ц(аяз), ц(оғым)~ц(оқум)
ІІ. ц(ычқан)~тһ(ышқан), ц(аяз)~тһ(аяз), ц(оғым)~тһ(оқум)
ІІІ. ц(ычқан)~тышқан, ц(аяз)~таяз, ц(оғым)~тоқум
ІV. сычқан~тышқан, саяз~таяз, соғым~тоқум.
Осылайша тс(ц)~тһ~т және тс(ц)~с
сәйкестіктері тілдік өмірге
келген. Даму кестесіне назар аударсақ, тс(ц) аффрикаты бірден
екіге жарылып, т мен с фонемаларына айнала салмайды екен. Әр
түрлі кезеңдерді артқа салып барып, сәйкестік түзетінін
пайымдауға болады. Мына алмасуларды
бір-біріне тең деп
есептейміз: тс(ц)=тһ, тс(ц)=с, тһ=т, тс(ц)=тһ=т. Даму бағыттары:
ц>тһ, ц>тһ>т, ц>с. Қалпына келтіру бағыты: т<тһ<ц; с<ц.
Математикалық логика талабына орай, тепе-тең элементтерді
қажетіне қарай бір-біріне алмастырып, алғашқы форманы табуға