Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет63/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   124
Байланысты:
aзa Тiлiнi зектi М селелерi ж не Т уелсiздiк Тa ылымы

Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
141 
тырысамыз. Мысалға д ұяң дауыссызының шыққан тегін, арғы 
тегін былайша табамыз. 
І. тізе~дізе, тұз~дұз 
ІІ. тһ(ізе)~тізе, тһ(ұз)~тұз 
ІІІ. ц(ізе)~тһ(ізе), ц(ұз)~тһ(ұз) 
ІV. ц(ізе) ц(ұз) яғни: д<т<тһ<тс(ц). 
Әрқайсысының шығу тарихын баяндамай-ақ, дауыссыздар мен 
дауыстылардың даму кестесін назарларыңызға ұсыналық. 
Жаңадан көнеге қарай бағыт ұстағанда: 
1. 
з<дз<тс(ц)<*Т [С/Ш] 
2. 
ш<тш(ч)<*Т[С/Ш] 
3. 
ж<дж<тш(ч)<*Т[С/Ш] 
4. 
c<тс(ц)<Т[С/Ш] 
5. 
Бұлардың барлығы, атап айтқанда, т, с, ш қатаңдары мен д, з, ж 
ұяңдары аффрикаттардың ыдырауынан пайда болған. Енді үнді 
(сонор) дауыссыздардың шыққан тегін кесте арқылы сипатталық. 
6. 
м<*Н 
7. 
ң<*Н 
8. 
л<*Р 
Үнді дауыссыздардың екеуі таза дыбысталатын, салдыр 
араласпайтын дауыстылардан пайда болған: 
9. 
й<*И 
10. 
ў<*У 
Қазақ тілінде таза дыбысталатын, салдыр араласпайтын и, у 
дауыстылары жойылып кеткен. Оның орнына протезалық
эпентезалық, эпитезалық сына ы, і, ұ, ү дауыстылары селбесіп, ый, 
ій, ұу, үу дыбыс тіркестері, дифтонгтері пайда болған. Сонор й 
пайда болғаннан кейін осыдан басқа тілдік өзгерістерге түспейді. 
Ал ў соноры одан әрі дамиды. Одан жүйесі бөлек тілдерде ф, в 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
142 
фонемалары, түркі тілдерінде п, б фонемалары пайда болады. 
Даму кестесі: 
11. 
б<п< ْy[ ]< ў <*У 
12. 
п< ْy[ ]<ў <*У 
Бұлардың сыртында түркі тілдерінде көмейлік қатаң һ, х 
дауыссыздары кездеседі. Бұл екеуінің архетипі – *Һ. Ол сонымен 
қатар қ, к, ғ, г дыбыстарына да түпкітек бола алады. Аса күрделі 
*Һ бірнеше дыбыстың тегі саналатындықтан, Һ1, Һ2, Һ3, Һ4 
белгілерімен таңбаланады. Сонда: 
13. 
х<*Һ1
14. 
һ<*Һ2 
15. 
к<*Һ3 
16. 
қ<*Һ4 
Түпкі тек *Һ қатаң болса, түркі тілдеріндегі һ ұяңданған. 
Мұны көмей мен жұтқыншақтың қатысына қарай былай 
топтастыруға да болады:
*Һ (көкірек-көмей)>
Һ1 (көмей) > > x
> һ 
Һ2 (жұтқыншақ) > > к>г 
> қ >ғ >(г) 
17. 
г<к<*Һ3 
18. 
ғ<қ<*Һ4 
Сонымен түркі тілдерінде 7 қатаң, 7 ұяң, 7 үнді (сонор), жалпы 
алғанда, 21 дауыссыз дыбыс бар. 
1. 
қатаңдар – т, с, ш, қ, к, п, х. 
2. 
ұяңдар – д, з, ж, ғ, г, б, һ. 
3. 
үнділер – м, н, ң, р, л, ў, й. 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
143 
Тілдегі дауыстылар да, дауыссыздар да 1) фонологиялық немесе 2) 
фонетикалық жолдармен дамиды. Мысалы, ц, ч аффрикаттарының 
ыдырап, т, с, ш, д, з, ж фонемаларын тілдік өмірге келтіруі – 
табиғи, өз ырғағымен мыңдаған жылдарды артқа қалдырған 
фонологиялық жол. Ал ұяң дауыссыздар фонетикалық жолмен 
дыбыстардың позициялық ықпалдасуы нәтижесінде пайда болған. 
Сондай-ақ м-нің н-нен туындауы – фонологиялық жол, оның б-мен 
сәйкестік түзуі – фонетикалық жол.
Дауыссыздармен қатар дауыстылар да тарихтың өн бойында 
ұдайы дамып, сан алуан өзгеріске түсіп, қайта қалыптасып 
отырған. Дауыстылардың түпкітектері мыналар: 
1. 
ә<*А 
2. 
е<иә<*иа; е<и; е<*а. 
3. 
ұ<*У. 
4. 
ү<ұ<*У; 
5. 
о<уа~ау; о<у; о<а. 
6. 
ө<уә; ө<о. 
7. 
ы<ұ<*У; ы<и; ы<у. 
8. 
і<и; і<ы; і<ү; і<Ø. 
Жинақтағанда дауыссыздардың түпкітектері – *Т[С/Ш], *Р, *Һ, 
*Н. Дауыстылардың түпкітектері – *А, *У, *И. Гипотезалық 
күрделі *Т[С/Ш] аффрикаттарынан пайда болған ц, ч 
аффрикаттарын да, қазіргі түркі тілдерінде функционалдық 
қызмет атқаратын дыбыстардың қатарында болғандықтан, 
түпкітектердің қатарына жатқызуға болады. Түркі тілдерінде 
қанша дауыссыз, қанша дауысты болса, осы түпкітектерден 
таралғаны нақты фактілер негізінде айқындалып, анықталып отыр. 
Жаңа фонемалардың шыққан көне тектерін өз орнына қойып бір 
сөзді талдап көрелік. Қазақ үйлерінің есік маңдайшасына қарама-
қарсы, төменгі жағындағы жерге, еденге тиіп тұратын көлденең 
ағашы табалдырық деп аталады. Заттық ұғым-түсінігі белгілі 
болғанымен, лексикалық мағынасы көмескіленген көне сөз. 
Сонымен бірге дәл солай аталу себебін – уәжін де анықтай 
алмаймыз. Бұрын бұл лексема қандай ұғымда жұмсалған десе, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет