Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
188
инженер-технолог, батыр-ұшқыш; қос сөздердің арасында: ел-
жұрт, алай-дүлей; сөзді тасымалдағанда; реттік сан есімдерді
қолданған жағдайда: 3-жыл, 5-рет; -ақ, -ау, -мыс, -ды демеуліктері
тіркескен жағдайда:
айтады-мыс, келмеді-ау; қосымшаларды
ерекшелеп көрсетуде: -ған, -ген, -мын, -мін; екі сөзден тұратын
фамилияларда, адам аттарында, жер-су атауларында:
Нұр-Сұлтан,
Тұрсын-заде, Салтыков-Щедрин т.б. [https://egemen.kz... 2019; 6].
Демек, осы дефис қойылатын жағдайлардың лексикалық
мағынасын сақтаған сөздерден жасалған күрделі сөз дегенге сай
келеді. Бұл – біздің қазақ тіліндегі дефис арқылы жасалған
сөздердің алғашқы компоненті анықтауыш,
айқындауыш
қызметінде жұмсалатын секілді. Мысалы, веб-сайт дегенде жай
сайт емес, веб екенін көрсетіп тұр.
Калькалау – терминжасам тәсілі арқылы жасалған компьютер
терминдері. Калькалау – өзге тілдердің терминдерінің жасалу
үлгісі мен мағынасын пайдалана отырып, ұлт тілінде термин жасау
болып табылады.
Кальканың тілдік табиғаты түрліше түсіндіріледі. Мысалы:
а) Калькалау термин шығармашылығында айрықша орын алады,
осының өзі оны терминжасамның жеке амалы ретінде қарастыруға
негіз болады.
ә) Калькалауды сөз алмасудың байқалмайтын түрі, оны «жасырын
сөзалмасым»
немесе
«жабық
сөзалмасым»
(скрытое
заимстование) деп түсіну керек.
б) «Калькалау терминдену, терминжасам
және терминалмасым
сынды негізгі үш тәсілдің бірігуінен (қиылысуы мен өзара
әсерінен) тұрады» [8, 1989: 219].
Калькада алдыңғы екі (а, ә) түрлі сипаттың болуын жоққа
шығаруға болмайды. Дегенмен үшінші тұжырымның негізі берік
деуге болады. Калькалау барысында өзге тілдегі сөздің
мағынасының, құрылымының пайдаланылатыны рас. Өнімділігіне
қарай жеке тәсіл ретінде танылып,
өзге тілден сөз алынбай ұлт
тілінің өз сөзі пайдаланылатындықтан оны «жасырын
сөзалмасым» немесе « жабық сөзалмасым» дейтіні де сондықтан.
Калькалау барысында бір тілден екінші тілге сөз мағынасы да,