Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
234
сиыр малы дейді, ал бұлардың бәрін қосып тұяқты мал деп атаған
да, әрқайсысының иесі, пірі бар деп есептеген.
Төрт түлік малға қатысты фраземаларды сөз еткенде, жануарлар
әлемін қоғамға ауыстырудың өзіндік тәсілі алдыңғы қатарға
шығады. Қазақ тілінде фраземалар төрт түлік малдың сыртқы
пішіні, мінез құлқы, әдеттеріне сәйкес адамның ерекшеліктерімен
бейнелі және визуалды салыстыру, қатар қою негізінде пайда
болған. Бір жағынан, жануарлар әлемін бақылау негізінде, екінші
жағынан, адамдардың қоғамдағы қарым-қатынастары мен әр түрлі
өмірлік жағдайлардағы іс-әрекеттеріне байланысты туған
ассоциациялық параллельдер тілде көптеген ортақ немесе ұқсас
көріністерді тауып фраземалардың бейнелі-реңктік негізінің
тууына қызмет етеді.
Қазақ тілінде сиыр сипағанды білмейді деген фразема
жақсылықты, ізгі сезімдерді түсінбейтін, бағаламайтын адамдарға
қатысты қолданылады. Бұл жағдайда сиырдың физиологиялық
қасиеті соған ұқсас адамның мінезі немесе психологиясына
ауысқан. Мысалы: жылқы мінезді фраземасы адамды жағымды
жағынан көрсетеді, яғни бұл жерде төзімді, кеселсіз, күшті адам
сөз етіледі. Көшпелі халқымыз жылқыға тән бұл қасиеттерді өте
жақсы сезініп, түсінген және адам бойына бағалы қасиет ретінде
ауыстырған.
Мал шаруашылығына байланысты фраземалардың ортақтығы мен
ауыспалылығы түркі тілдерінің синхрондық дамуында байқалады.
Қазіргі түркі тілдерінің әр алуан топтары мен аймақтарында ортақ
немесе фраземалық варианттар арқылы көрініс табады. Бұл
фраземалардың фономорфо-семантикалық ауытқулары мен кейбір
құрылымдық модификациялар – халықтардың бір генетикалық
типтен таратылғандығын, тұрмыстық-салтындағы ұқсастығын
немесе тарихи дамудың әр алуан кезеңіндегі тіларалық ауысулар
мен саяси-экономикалық қатынастардың айғағы.
Мысалы: қазақ тілінде ат жалын тартып міну, қырғыз тілінде ат
жолын тартып минү “есею, жігіт болу”, қазақ тілінде қой үстінде
бозторғай жұмыртқалаған кез, қарақалпақ тілінде қой үстінде
Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
235
торғай жұмыртқалау “тыныштық кез, жанға жайлы кез”
мағыналарын береді.
Түркі тілдерінде ортақ фраземалардың сақталуы олардың ұқсас,
ортақ бейнелі-реңктік негізін көрсетеді. Төрт түлік малдың
қатысуымен жасалған фраземалар адамның әр түрлі көңіл-күйін,
мінезін, әлеуметтік және саяси қатынастарын және т.б. қасиеттерін
білдіреді. Мысалы:
– бәр нәрсенің түр-түсі мен пішінін айқындау адамға тікелей
салыстырып ауыстыру тәсілімен жасалған фраземалар: қойдан
қоңыр, жылқыдан торы, көк ала қойдай, нар атандай және т.б.;
– уақытты, көлемді, қашықтықты, биіктікті т.б. анықтаудың
халықтық қарапайым әдістері ретінде қолданылатын, салыстыру
не салғастыру негізінде туған фраземалар: қой өрісіндей жер – 5-6
шақырым; тай шаптырым жер, қозы көш жер – 6-7 шықырым;
құнан шаптырым жер – 8-10 шақырым; бір көш жер – 10-15
шақырым; ат шаптырым жер – 20-35 шақырым; түйенің табаны
түсер жер; Мекке қажылыққа барар өте алыс жер; ат басындай
алтын; ат бойы; сиыр бәсеке; бес биенің сабасындай; бие
бауырындай жер, бие сауымдай уақыт; бұзау салмағындай уақыт;
кәрі қойдың жасындай және т.б.
– адамның нақты өмірлік жағдайдағы мінезіне, психологиясына,
қоғамдағы қарым-қатынастары мен іс-әрекеттеріне байланысты
ерекшеліктерін бейнелі не ассоциациялы негізде салыстырудан
туған фраземалар: қой ауызнан шөп алмайтын, түйе үстінен сирақ
үйіру, түйе шешкендей ету, тойған қозыдай томпию, егінге түскен
сиырдай жайпау, боз інгендей боздау, бөрі көрген сиырдай
мөңіреу, қолынан қой жарысы келмей, тұлпардай делебесі қозу, ат
үстінде күн көру, ат арылту және т.б.
– адамның төрт-түлік малға қарым-қатынасын, көшпелі өмірдің
мән-маңызын, биологиялық, физиологиялық өзгешеліктерін
көрсететін фраземалар: нарым әрі жүкті, әрі сүтті, әрі күшті, мал
құлағы саңырау, ай мүйізді қошқар, төрт түлігі сай, құнаннын
|