Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
239
халықтың
психологиясына, сезім дүниесіне, әсіресе тіліне де
қатты әсер етті. Белгілі әдебиетші ғалым
Б. Кенжебаев былай дейді: “Қазақ халқы – малға сыр мінез.
Адамның келбетін, түсін, сиқын жақсы-жаман мінезін,
қылығын
айқындап көрсету үшін, оны малдың мүшелерімен, мінезімен
салыстырады, сөйтіп, әр түрлі теңеулер жасайды” [Б. Кенжебаев,
1958; 39 б.].
Қазақ баласын жақсы көргенде, айналып-толғанғанда құлыным,
қозым, ботам дейді. Бұл сөздер бейнеге (образға) айналған. Сұлу
қызға Ботакөз деп әдемі теңеумен теңеп, ат
қояды, көңіл-күйін
білдіруге келгенде ботадай боздады, қозыдай шулады, адам
тұлғасын сипаттағанда жігіттің нары екен немесе бой жеткен сұлу
қыздар жайында айтқанда жез бұйдалы нар тамақтай деседі.
Бәрінің де оғаштығы жоқ адам ойына келген образды сөздер.
Олардың қайсысы болса да, ерте заманнан бері төрт түлікпен кәсіп
еткен халықтың тұрмыс-тіршілігіне байланысты туған және
адамдардың мал жайындағы ой-сезімдерінен туындаған.
Қазақ халқы түйені ардақтап, сөз етуі – тек еті, сүті, жүні пайдалы
болғандығынан ғана емес, оның күшті, төзімді көлік екендігінде.
Көшіп-қонып жүрген жағдайда қазақ халқының негізгі көлігі түйе
болған. Түйе жемге, шөлге төзімді келеді.
Сондықтан да шаруа
адамы түйе малын аса қадірлейтін болған. Бұның дәлелі –
“Бозінген” ертегісіндегі түйенің асыра мақталып жырлануы. Егер
ұзақ сапар, асу бел, бағыт-бағдарсыз жолды төс табаны төрт елі,
атан жүрер жер екен, түйе табаны түсер жер екен деп суреттесе,
күштілігі – нар жолында жүк қалмас, атан жілік жігіт деп,
сұлулығын – бота көзді боз жігіт, бота көз ару деп суреттейді.
Түйе малының атан, інген, нарша, тайлақ, бота, бура буырша, нар
деген түрлері бар. Қазақ тілінде осы атауларға қатысты
фраземалар көптеп кездеседі. Мысалы: атандай, нар атандай, нар
еді, мұрнын тескен тайлақтай елпеңдеу, қаңтардағы бурадай тісін
қайрау, нар бурадай шабынды, жаңа аяқтанған ботадай, бота
тірсек, шоқ басқан тайлақтай т.б.