Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
19
Аду құтсыз ажун қарып мунар (Арамдарды көтеріп, адалды
шалып, құтсыз дұшпан дүние алжып қартайған ба?). Сөз
мағыналарының функционалды тәсіл бойынша ауысуы халықтың
жағдай-тұрмысын, өскен мәдениетін көрсетеді. Üс adaqlïq / үш
аяқты (заттар) метонимиясы Құтты біліктің Герат нұсқасының
4215 жолында ұшырасады: qamuγ üc adaqlïγ emitmäz bolur барлық
үш аяқтылар теңселмейді (ҚБГ 4215) [5, 9 б.]; qamug üс adaqlïq köni
tüs turur барлық үш аяқтылар (заттар) дұрыс түзу тұр (ҚБН 683).
Тілдік тұлға шеберлігінің танылар жері, образ дәлдігі мен
бейнелігінің көрінер тұсының бірі – эпитеттер. Жарқын бейне,
айқын эпитеттер образды көркем де бейнелі, нақты да терең
сезінуге алып келеді. А. Байтұрсынұлы бір нәрсені көптен айырып,
көзге көбірек түсерлік етіп айтқымыз келгенде, ол нәрсенің атына
айқын көрсеткендей сөз қосып айтамыз деп, оны айқындау деген
терминмен атайды. Айқындаудың өзін тек айқындау, көріктеу деп
екіге бөледі: «бұл күнде қызыл тіл, алтайы түлкі, ақ сұңқар дегенде
«қызыл», «алтай», «ақ» деген сөздерді көбінесе көркейту үшін
жұмсаймыз. Сондықтан айқындаудың бұл түрі көркею деп
айтылады» [10, 353 б.], - деді. «Құтадғу билиг» шығармасында
эпитеттер қолданысы да байқалады. Тура жол «адал жол» эпитеті
қолданылған: Адалдықтан еш айныма, тура бол Бар тілекке
жеткізеді тура жол (ҚБ 6085). Тура сөйле, адал сөздің кіді жоқ,
Жаман жанның сөзі жалған, тілі шоқ (ҚБ 6090). Қолы ашық
«жомарт» фразеологизмі мына жолдарда көрініс тапқан: Үшінші –
елге қолың ашық, сақи бол, Жаныңды қос, жұртпен мәңгі бақи
бол! [ҚБ 5900]. Құтты білік шығармасында алып, құрыш жүрек
кісілер күрделі эпитеті қолданылған: Бірі – алып, құрыш жүрек
кісілер, Қылышымен елге пайда түсірер (ҚБ 5910). Сондай-ақ көзі
сұқ кісі эпитеті 103 жолда берілген: todumsuz bolur ol közi suq kisi
/ közi suqqa jetmäz bu dünja ašï человек, имеющий завистливые
глаза, ненасытен: / завистливому человеку не хватит (всех) яств
мира (QBK 1031) [5, 570 б.]. «Сұқ» сөзінің семантикалық өрісінде
«сұқ көз» (аш көз) метафорасы екіншілік аталымға ие болған. Бұл
сөздің астарында метафоралық мағына жатыр, әрі эпитет те бола
алады. Яғни метафораға негізделген эпитет деп айтуға болады.
Zamana oqï / замана оғы метафораға негізделген эпитет «Құтадғу
билик» шығармасының 101 жолында берілген: bajat kimkä bersä
qïlïnc arquqï / anï emgätür bu zamana oqï если господь кого-нибудь
наделил упрямым характером / тому стрелы судьбы будут
Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
20
причинять боль (QBK 10115) [5, 639 б.]. Метафораға негізделген
эпитеттер де баршылық. Мәселен, acïγ söz/aшты сөз (адам жанына
бататын сөз, қатты сөз) эпитеті жұмсалған: tügük jüz acïγ söz kisig
tumlïtur қатал жүз ашы сөзді адам түңілдіреді (ҚБГ 9431) [5, 4 б.].
Сөзге қатысты sözi jumsaq / сөзі жұмсақ, süсig söz / тәтті сөз
метафораға негізделген эпитеттер бар: sözi jumsaq – сөзі жұмсақ
(QBK 33711); sözi jumsaq erdi – оның сөзі жұмсақ еді (QBN 452);
erig söska jumsaq janu gïlga – дөрекі сөзге жұмсақ жауап беру керек
(QBN 25111); süсig sözka jumsar ubey häm kicig – Тәтті сөзден
үлкен де, кіші де жұмсарады(QBN1987); erig sözkä jumšaq janut
qïlsa öz на грубые слова сам должен давать мягкий ответ (QBN
25111) [5, 279 б.]. Сондай-ақ jumsaq/жұмсақ метафоралы сөзінің
синонимі asΥaq «тіл» сөзімен қатар келіп бейнелі жұмсалған: tilin
asΥaq el bol küdäzgil – тілің жұмсақ болсын, өзіңді бақыла [QBH
8811]. Til jumsadi/тіл жұмсады, süсig sözka jumsar/тәтті сөзге
жұмсару метафоралық тіркесі «Құтадғу билик» ескерткішінің 183-
ші жолында берілген: сердце стали грубыми, языки смягчались
(QBN 18317) [5, 279 б.]; süсig sözka jumsar ubey häm kicig Тәтті
сөзден үлкен де, кіші де жұмсарады(QBN1987) [5, 279 б.]. Erig söz
/ ерік сөз метафораға негізделген эпитет «Құтадғу биликтің» 376
жолында берілген: Erig sözkä tоmlïr kisi köƞli terk от неприятных
слов сердце человека быстро охладевает (QBN 3762) [5, 574 б.].
Java söz / бос сөз метафоралық тіркесі “Құтадғу биликтің» 44-ші
жолында орын алған: java söz biligsiz tilindin čiqar пустые слова
срываются с языка невежды (QBH 445); java сözläsä söz nečä jas
qïlur если говорят впустую, то сколько вреда приносит слово!
(QBH 444) [5, 248 б.]. Кöni söz/әділ сөз метафораға негізделген
эпитет мына жолда көрініс тапқан: köni söz ačïɣ ol siŋürgil anï / jarïn
asɣï kelsä süčitgäj seni справедливое слово горько, но ты перевари
его, / если завтра от него явится выгода, она тебя насладит (QBH 1
6412) [5, 516 б.]. Қанды жас эпитеті мына жолдарда берілген:
Текке өткен тірлігімді сағынып, Көзден қанды жасым ақты
қамығып! (ҚБ 6530). Ж. Баласағұнның тіліндегі теңеу, эпитет,
метафоралар қолданысы қазақ тіліндегі дәстүрлі қолданыспен
сабақтас. Көрнекті тілдік тұлғалардың тілінде қалыптасатын
мұндай жүйе – заңды құбылыс. Тілдегі көркемдеу құралдарының
ішіндегі ең көнесі – теңеу. Теңеу мағыналық құрылымы жағынан
бейнелі сөздердің (троптардың) өзге түрлерінен ажыратылады.
Теңеудің мағыналық құрылымы бейнелеуіштік, суреттілік
|