Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
18
байланыстылығына қарай алмастыру амалы» - дейді Ә. Хасенов
[8]. ХІ-ХІІ ғасырлардағы ескерткіштер тілінде сын есім сөздер де
зат есім сияқтанып субстантивтеніп барып,
метонимия жасайды
[4, 59 б.]. Метонимия – сөз мағынасының ауысуының тәсілі.
Зерттеушілер бір заттың орнына екінші бір заттың алмастырылып
айтылуын, заттың немесе құбылыстың тек бір жағын не болмаса
бөлшегін атай отырып, ойдағы затты түгелімен елестетуді
метонимияға жатқызады. Өзге троп түрлерінен метонимияның
айырмашылығы оның осы алмастырылып қолдану қасиетінен
болса керек. Сонау Аристотель
заманынан бері метонимия
метафорамен бірге бір тілдік категория, троптың бір түрі ретінде
бірге
қарастырылды.
Кейбір
ғалымдар
метонимияны
метафораның бір түрі ретінде таниды. Бұл екеуін бір деп қарау,
олардың бір-біріне ұқсас, жақын екендігін аңғартады. Бірақ
олардың арасында айырмашылық бар. Метафора болу үшін
салыстырылатын заттардың арасында ұқсастықтар болса, ал
метонимияда мұндай ұқсастыққа негізделмейді. Метафораны
теңеуге
айналдыруға болатын шығар, ал метонимияны бұлай
өзгерту мүмкін емес. Метонимия тәсілі Л. Нұржекееваның
«Метонимияның лингвистикалық табиғаты» (1991) атты
кандидаттық диссертациясында кеңінен зерттелген. Еңбекте
метафора мен метонимияның ұқсастықтары мен өзгешеліктері сөз
болып, метонимияның мүлдем бөлек тілдік категория екендігі
мысалдармен дәлелденген. Ғалым метонимияға мынадай
анықтама береді: «Мәндік,
мекендік, мезгілдік, мөлшерлік, түр-
түстік жағынан бір-біріне бүтіндей немесе бөлшектей жақындығы
бар екі заттың, иә құбылыстың бөлшегі орнына бүтінін, бүтін
орнына бөлшегін алмастырып айтуды метонимия дейміз» [9, 19
б.]. Метафора сияқты метонимия тілге жаңа мағына қоспайды,
бұрынғы бар сөзге жаңа мағына береді немесе оның мағыналық
аясын кеңітеді. «Егер метонимияда
бір заттың бөлшегінің
(бүтіннің) орнына бүтіні (бөлшегі) алмастырылып айтылса,
метафорада бір заттың орнына екінші бір зат тепе-тең дәрежеде
баламаланып алмастырылады» [9, 61 б.]. Жүсіп Баласағұн өзінің
шығармасында ойын әсерлі, образды етіп жеткізу үшін сын есім
сөздерді метонимиялы қолданған. Метонимиялық тәсілмен
қолданылатын сын есімдер ойды әрі әсерлеп, әрі көп мағынаны
қамти жеткізеді. Мысалы: Сучуг таттың ерса ачықға анун (Тәтті
жесең ащы жеуге дайындал); Харисларни көтрүп нафисни чалып,