Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
136
жойылып кетеді: ап пар>апар. Демек, түбіртекке ажыратуға апар
емес, алып бар сөз тіркесі түсуге тиіс.
Қайны зат есімі де атауыш дербес сөз ретінде ұғынылады.
Мағыналық мазмұны – қайын жұрт жағының ерлі-зайыптылардан
жасы кіші еркектерінің жездесі мен жеңгесіне туыстық қатысы.
Шындығында, бұл сөз қайын және ыны (іні)
лексемаларының
сіңісуі нәтижесінде пайда болып тұр. Қайын мен ыны біріккенде:
қай+ын+ын+ы. Гаплология заңы бойынша екі буын бірдей
болғанда бірі түсіріліп айтылуға тиіс: қай+ын+ы>қайны. Екінші
буынға екпін түспегендіктен, ы дауыстысы да элизияға ұшырайды.
Бұл ретте де түбіртекке ажыратуға қайны сөзі емес, қайын және
ыны зат есімдері түсуі тиіс. Әйтпесе, тәжірибесіз зерттеуші қайны
сөзінің құрамын былай талдауы мүмкін: -ы тәуелдік жалғауының
үшінші жағы, қайын – түбір деп.
Тілдің даму барысында сөз құрамындағы морфемалардың бірінің
элементі екіншісіне ауысып, ол морфемалардың бұрынғы жігі мен
ара қатысының өзгеруі жылысу құбылысы деп аталады. Жылысу
құбылысы негізінен түбір мен түбірдің, түбір
мен жұрнақтың,
түбір мен жалғаудың, жұрнақ пен жұрнақтың,
жұрнақ пен
жалғаудың аралығында болады. Жылысқан дыбыстарды анықтай
алмаған жағдайда, түбіртекті зерделеу де мүмкін емес.
қ, к, ғ, г дыбыстарынан басталатын жұрнақтар мен жалғаулардың
барлығы жылысу процесінің нәтижесінде пайда болған. Мысалы,
(қ+ақ) (-к+ек, -ғ+ақ, -г+ек), -қ+ыр (-ғ+ыр, -к+ір, -г+ір), -қ+ар (-
ғ+ар, -к+ер, -г+ер), -ғ+ан (-қ+ан, -к+ен, -г+ен), -қ+ай (-ғ+ай, -к+ей,
-г+ей), -қ+анақ (-ғ+анақ, -г+енек), -қ+аш (-ғ+аш, -к+еш, -г+еш), -
қ+ыл (-ғ+ыл, -к+іл, -г+іл), -қ+ын (-ғ+ын, -к+ін, -г+ін), -қ+ыш (-
ғ+ыш, -к+іш, -г+іш), -қ+ы (-ғ+ы, -к+і, -г+і) т.б. жұрнақтар, барыс
септігінің жалғауы -ғ+а (-қ+а, -к+е, -г+е), қысқасы қ, к, ғ, г
дыбыстарынан
басталатын
бүкіл
қосымшалар
жылысу
құбылысының жемісі. Бұларға қарағанда аздау болғанымен т, с, д
дыбыстары да дауыстыдан басталған қосымшаларға жылысқан.
Бұл құбылыс әсіресе кірме сөздерден анық байқалады:
бост+ан+дық > бос+тан+дық, дост+ық > дос+т+ық > дос+тық,
қаст+ық>қас+т+ық>қас+тық т.б.
Этимологиясы ең қиын болып есептелетін,
етістіктен есім
жасайтын -қ+ы (-ғ+ы, -к+і, -г+і) жұрнағын талдап көрелік. Жонғы