Қaзaқ тiлiнiң Өзектi мәселелерi qazaq tiliniñ Özekti mäseleleri



Pdf көрінісі
бет55/80
Дата08.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#113451
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   80
Байланысты:
99 Mz0Oqmn

ТІЛДІК САНА: ӘЛЕМДІК ТАНЫМ МЕН ҰЛТТЫҚ ДІЛ 
САБАҚТАСТЫҒЫ
136
атын атаса, өзі келіп бүлік шығарады деген түсінікпен, “қара құлақ”, 
“ұлыма”, “серек құлақ”, “ит құс”, “қасқыр” сияқты эвфемизмдермен 
атаған. Бөрінің тотем ретіндегі киелі түсінігі қазақ танымына тән 
болмауы да ықтимал. Ал Сүйінбай ақын жырлаған “Бөрі басы – ұраным, 
Бөрілі менің байрағым” деген толғауындағыдай, “бөрі” қазақ рулары мен 
тайпаларының ұраны мен таңбасында, байрағында болмағаны тарихи 
шежірелер мен тастарға қашалған таңбалардан белгілі. Демек, монғол 
халқына тән бұл тотемдік түсінік монғол үстемдігі тұсында немесе 
тарих сахнасында одан да бұрын болған. Найман мемлекеті кезеңіндегі 
екі халықтың тығыз байланыста ілік-шатыс болуынан ауысқан түсінік те 
болуы ықтимал. Рулық қауымның киелі бабасы саналуға тиіс тотемдік 
жануардың сол ру мүшелеріне жанашырлық, аналық сезімі баяндалатын 
қазақша аңыз, ертегілердің кездеспеуі – сөз кестелерінде бейнеленбеуі 
де көп жайтты аңғартса керек. 
Айталық қырғыз халқының тотемі деп есептелетін Бұғы-Ана келбеті, 
оның мейірімділігі мен аналық жылуы, кеңдігі мен парасатты бейнесі 
қырғыз әдебиетінде ғажайып сезіммен жырланады. 
Қазақ халқының тотемі қарға болған деген соны ойды А.Сейдімбеков 
“Ана тілі” газетінің бетінде жариялаған еді [Ана тілі, 1996]. “Қарға 
тәңірінің елшісі” атты бұл мақалада автор қарғаның тотем ретіндегі 
қасиетін дәлелдеуге талаптанды. 
Ел танымында қарға киелі саналды ма, жоқ па деген мәселеден 
бұрын, біз автор осыған дәлел ретінде келтіретін “қарғам-ау, қарғатай, 
қарғаш, қарға тамырлы қазақ“ сөздерінің ішкі мағынасы мен дыбысталу 
тұлғасындағы өзгерістерді анықталық.
Танымал этнолог-ғалым А.Сейдімбеков “қарғам-ау, сен қалайсың, 
мен дегенде” деген халық әніндегі “қарғам-ау” сөзін “қарға” мағынасында 
түсінген. Біздіңше, бұл екі атаудың арасында ешқандай мағыналық 
байланыс жоқ. Екі сөз дыбысталуы жағынан ұқсас болып көрінгенімен, 
екі түрлі ұғымды анықтайтын омонимдес тұлғалар. Өлең жолындағы 
“қарғам-ау” сөзінің мәні Абайдың “көзімнің қарасы, көңілімнің санасы“ 
өлеңінде айтылатын көздің қарашығымен бірдей мағынада, түбірлес, 
сабақтас. Мұндағы “қара” сөзінің негізгі мағынасы Махмұт Қашқаридың 
“Дивани-лұғат-ит түрк” атты еңбегінде “қарағ”, “қара“, “қарақас” түрінде 


Салқынбай Анар Бекмырзақызы
137
келіп, “көздің қарашығы“ (зрачок) деп түсіндірілген [М.Қашқари, 1-том, 
382-бет].
“Қарағ” сөзіне тәуелдік жалғауы (-ым, -ім) жалғанғанда, қарағым 
болады да, “екінші буындағы “а“ дыбысына екпін түспегендіктен 
көмескіленеді, кейде түсіріліп те айтыла береді. Бұл – тілдік заңдылық. 
Яғни, “қарағым, қарғам” деген сөздер бір түбір, бір ұғымды білдіретін 
атаулар. Сондықтан, қарағым, қарғам сөздері қаратпа сөз ретінде қатар 
қолданылып жұмсала береді. 
“Қарғам, қарғатайым, қарғашым” деген сөздерді қолданғанда, кәдімгі 
қарғаға ұқсату, соның “сұлулығына” балау емес, көздің қарашығындай 
сақтауды, мәпелеуді, сүюді меңзейді.
Құс атауының мағынасын білдіретін “қарға” сөзінің төркіні, біздің 
ойымызша, қарғаның “қарқ-қарқ” деп дыбыстауының негізінде пайда 
болған. Еліктеуіш сөзге “а“ сөз тудырушы тұлғаның жалғануы арқылы 
“қарға“ тұлғасы қалыптасқан, ал сөздің мәні – қарқылдайтын құстың 
атын білдіру – оның дыбыстауына негізделіп (мотивацияланып) 
жасалған деп пайымдаймыз. Демек, “қарғажан”, “қарғашым” сөздері 
мен “қарға” сөздері тек сыртқы дыбысталуы ортақ, мағынасы әртүрлі 
болатын омонимдес атаулар.Мұндай сөздердің семантикалық қырары 
туралы А. Салқынбай, Н. Егізбаева, Ш. Рамазанова мақаласында жақсы 
талданған. ( Salkynbay А.B. Yegizbaeva N., Ramazanova Sh. Functional- 
semantic paradigms of voice сategory in the kazakh language. // Opcion 35 
(89). 2019. С. 135-155.) 
Асылы, қазақ топырағында өсіп, дамып, қалыптасқан ұлттық танымда 
сұлулық пен сүйкімділікті, сүйген жарды қара қарғаға теңеу дәстүрі 
кездеспеген. Керісінше, қарғаның сүйкімсіздеу бейнесі мен сипаты қазақ 
өлеңдерінде өте жақсы сомдалған. Мысалы, Қазтуған жырауда:
Белгілі биік көк сеңгір
Басынан қарға ұшырмас, – деп, биіктік пен біліктілік атты ұлы 
ұғымдардың қарға сияқты құстар үшін алынбайтын қамал екенін, мұндай 
өлшемдердің қарғадан жоғары тұратынын көрсете жырласа [Бес ғасыр 
жырлайды, 1989, 28-бет], асқақ та адуынды Ақтамберді жырау:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет