Қaзaқ тiлiнiң Өзектi мәселелерi qazaq tiliniñ Özekti mäseleleri



Pdf көрінісі
бет53/80
Дата08.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#113451
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   80
ТІЛДІК САНА: ӘЛЕМДІК ТАНЫМ МЕН ҰЛТТЫҚ ДІЛ 
САБАҚТАСТЫҒЫ
130
ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында қалыптасқан «Дыбыстық 
символизм» (фонетикалық символизм, дыбыс символикасы) – 
сөздің фонемалық жүйесі мен атауы негізіне алынатын дыбыс¬тық 
(акустикалық) емес заттың белгісі ара-сындағы фонетикалық заңдар¬ға 
бағынатын байланысты зерттеді. Дыбыстық символизмге – дыбысқа 
еліктеудің дериваттары (мияулау, бүлкіл, ызың, сораптау, тықылдату), 
ономатопеяға жатпайтын сөздердің екіншілік мағынаға ие болуы (борпас, 
ми батпақ), тікелей қайталау болмайтын, бірақ айшықты фонетикалық 
қайталамаға негізделген сөздер (абракадабра, сызық), дыбыстарды жарық 
пен түр түсті, сипап сезуді және т.б. түйсіктермен байланыстыратын 
синэстезия құбылыстары ([а] - ашық түсті, [у] - қараңғы, [д] - қатаң, [ш] - 
жұмсақ және түкті, [л] - ылғалды), жеке дыбыстардың кейбір абстрактілі 
идеялармен байланысы (көптеген тілдерде “аз, кіші” идеясын белгілейтін 
сөздерде [i] дыбысының кездесуі) жатады. Дыбысқа еліктеуден 
жасалған лексика туыс және туыс емес тілдерде ұқсас болып келсе де, 
қатаң тіларалық фонетикалық сәйкестіктер бола алмайды, сондықтан 
компаративистік ілімдерде қолданылмайды және олардың терең 
этимологиясы ашылмайды. Дегенмен де мұндай құбылыстардың ежелгі 
заманаларда, тіл пайда болатын кезеңде қалыптасқаны даусыз. Дыбыстық 
символизмге жататын сөздер (идеофондар, бейнелеуші сөздер) әртүрлі 
қимыл түрлерін, жарық-сәуле құбылыстарын, форманы (пішін¬ді), 
көлемді, нысанның алыс¬-жақындығын, адам мен жануар-лардың 
жүрісін, бет қимылын, физиологиялық не эмоциялық жағдайын белгі-
лейді. Субъективті дыбыстық символизмге адам мінезіндегі дыбыс пен 
мағынаның байланысы, ал объективті дыбыстық символизмге – сөздердің 
мағынасы мен дыбыстың байланысы жатады. Дыбыстық символизмнің 
ең маңызды бөліктері: синес¬тезия мен кинемика. Синестезия – қабылдау 
феномені, мұнда сезім мүшелері арқылы алынатын әсерге қосымша тағы 
бір сезімнің пайда болуы жатады. Кинемика – сезіммен және эмоциямен 
қоса бұлшық еттердің өздігінен қозғалуы. Қазіргі кезде дыбыстық 
символизм фоносе¬мантика шеңберінде зерттеледі.
С. Қондыбай танымындағы символ – «мына жалған дүниені 
кескіндей алатын» «шексіз ғаламның кескінін пенделерге түсіндірудің 
ең қарапайым да әмбебап жолы». Бұл қарапайымдылықтың ең идеалды 
геометриялық символы ретінде «нүкте» алынады. «Нүкте» символы 
концептік жүйені біріктіретін таңба ретінде танылады.


Салқынбай Анар Бекмырзақызы
131
Концептік қағида тұрғысынан саралай бағамдасақ, С. Қондыбай 
«нүкте» символын бастапқы концепт ретінде айқындай отырып, оның 
басты ұғымдарын және олардың ішкі семантикалық ерекшеліктерінің 
мағыналық және мазмұндық мәнін саралайды. Яғни символ арқылы 
концептік ұғымдар айқындалып, соның негізінде дифференцияланған 
атаулардың семантикалық сипаты айқындалады. 
Мәселен, «нүкте»символынан тарайтын үлкен концептік жүйе 
ретінде «Кіндікті» ғалым былайша саралай көрсетеді: орталық нүкте, 
бастау, негіз, «көрілмес», ілкі. 
Кіндік-нүкте – көрілмес болса, оның «көресіні» (проявленность) сол 
нүктеден тарайтын сәуле. «Нүкте – НҰР болса, сол нүктеден таралған 
сәуле (сызық) – нүктені кіндік еткен шеңбер – нұрдың шашуы, яғни 
«нұршашу» болып табылады [2. 40-бет].
Кіндік-нүкте концепті арқылы жасалған әр алуан және ортақ 
мағыналы (ортақсемалы) ұғымдарды анықтайтын мынадай атаулар 
сөздігі беріледі: ілкі, ілкі себеп, пішін, мөлшер, бірегей, жария, көресін, 
көрілмес, нұршашу, барша, мән, мәйек, келтірім. Келтірілген әр атаудың 
өзіндік беретін мағынасы мен мәні бар. Кіндік-нүкте концепті шеңбер 
сипатында. Автор мұны «Абақ таңба» деп атапты. Нүкте – құдіреттің 
белгісі болса, шеңбер - Ғаламның (болмыстың) символы. Ал бұл 
кеңістіктің көрінісі. Кеңістік – шындық болмыстың нақты көрінер тұсы, 
мұнда адам өзін өзі және айналадағы қоршаған ортаны тани бастайды. 
Кеңістікте берілетін тәжірибе барлық феноменологиялық білімнің негізін 
қалайды. Ю.М. Лотман бұл жөнінде: «Семиотика пространства имеет 
исключительно важное, если не доминирующее, значение в создании 
картины мира той или иной культуры. Природа этого явления связана с 
самой спецификой пространства. Неизбежным фундаментом освоения 
жизни культурой является создание образа мира, пространственной 
модели универсума» – деп жазады. [4]
Шаһкәрім шығармаларында әлем бейнесінің көп қырлылығы 
кеңістіктік бейне арқылы жақсы танытылған.
Барша ғалам тапжылмай тұрып қалса, 
Бола ма уақыт деген өлшеу салып? 


ТІЛДІК САНА: ӘЛЕМДІК ТАНЫМ МЕН ҰЛТТЫҚ ДІЛ 
САБАҚТАСТЫҒЫ
132
Өлең жолдарындағы ой мазмұнын уақыт пен кеңістіктің (әлемнің) 
арасындағы байланыстың керемет көркем көрінісі дер едік. Мәтінде 
ғаламның тапжылмай тұрып қалуы мен уақыттың өлшемдік қасиеті 
автордың қиял әлемінің теңдессіз шарықтауымен екшеліп, өзіндік 
шығармашылық ойлауды, автор ойының ұшқырлығы негізінде жасалған 
жаңаша ойлау еркіндігін туғызады. Ойлау еркіндігі қазіргі ғылым 
ұсынып жүрген білікпен, біліммен шектеліп қалмай,одан әрі самғауды 
қиялдайды: 
Күннен неге түсіп тұр сонша жарық, 
Сегіз минут шерікте жерге барып?
Әншейін құр жарқырап тұрып алмай,
Жылылық нұрмен бірге жүр қозғалып.
Бұ дүние жылуы жоқ нұрсыз болса,
Әлемнен кім жүре алар пайдаланып?
Шаһкәрім “кеңістік” сөзін белсенді қолдана бермейді, көбінесе, 
дүние, әлем атаулары пайдаланылады. Шаһкәрім үшін “әлем” – ең 
алдымен, ақиқат дүние, жердегі тіршілік [5].
Адамның, әлемнің бірлігі мен тұтастығын «шоғым таңба» танымы 
арқылы таныған ғалым, «Нүкте – бір ана немесе бір дене, шеңбер 
– көп санды ұрпақ» деп түсіндіреді [2. 48]. Бұл жалпының бірлігі 
мен кешендігін жеткізуде үлкен білім мен білік, толғам мен таным. 
Қазақтық дүниетанымда адамның бүгінгі көретін қызық дүниесі “дүние-
жалған” ұғымы арқылы белгілі. Мұны қазақ халқының философиялық 
ой толғамының жеткен ұлы биіктерінің бірі десе болады. Адам мен 
әлемнің байланысы концептер негізінде жүзеге асырылады. Концептер 
адам санасында тек сөз мағынасы арқылы ғана емес, оның өзінің және 
халықтық мәдени тарихи тәжірибесі негізінде жасалатыны белгілі. 
Таным көкжиегі көтеріле артқан сайын, сөз арқылы берілетін ұғым да 
кеңейіп, мәні тереңдей түседі.
Зерттеуде ілкі, ілкітөр сөздерінің мағыналары да осындай таным 
көкжиегінің кеңуінен пайда болған ұғымды таңбалау мақсатында, әуелгі 
семаларынан ерекше, мәні терең, мағынасы ауқымды семеманы иеленген. 


Салқынбай Анар Бекмырзақызы
133
«Ілкі төр» - «құдайы құдіреттің материалданған нәтижесін бойында 
сақтап, оны қорғап, қажетіне қарай ырқын немесе еркін адамзатқа 
жеткізіп тұратын дәстүр, орталық» мағынасын иеленген [51]. Ілкітөрдің 
символдық мәні – ілкі-тұрпат. Ілкі төрді адамзат баласы сақтай алмаған, 
қазіргі сақталған оның тек көріністері ғана деген тұжырым ұсынады 
автор. Ілкітөр – Төретам символдық мәні арқылы ғалым мынадай рухани 
орталық ұғымдардың тоғысын ұсынады:
1) реалды географиялық нысан немесе координаттар тоғысы;
2) киелі сипатқа ие, астамтекті қасиеті бар деп танылатын бұйымдар: 
кітап, қару-жарақ, киім-кешек, қазан, саба, сақина, тостаған, 
мүсін т.б.
3) халықтық, ұжымдық жад: шежірелік, мифологиялық, 
идеологиялық, эпостық, ғұрыптық жады; 
4) жеке (тарихи, мифтік) тұлғалар.
Бұл ұғымдар тоғысы қазақ дүниетанымындағы “Дүние жалған”
танымын қалыптастырады. Дүние – бар; жалған – жоқ, өтірік; осы екі 
ұғымның оппозициялық қарама қайшылығы арқылы жаңадан пайда 
болған екіншілік мағына қазақ халқының өзіндік қоғамдық тәжірибесі 
мен танымының диалектикалық бірлігі арқылы пайда болған тағылымдық 
мәнінен туындайды. “Дүние жалған” тілдік бірлігінің кумулятивтік 
қызметі бірнеше негізге сүйеніп қалыптасуы ықтимал. Мұнда халықтың 
сан ғасырлық тәжірибесі, тәжірибелік іс әрекеттің нәтижесінде жасалған 
рухани мәдениеті, мәдениеттің негізгі бір элеменеті саналатын танымның 
нәтижесі – білім жинақталған. Осыдан келіп, бүтін атаудың эмоциялық 
аурасы пайда болып, қазіргі біз қабылдап, танитын жан жақты концептік 
мәнді таңбалайды.
«Ілкі-төр» - ұлттық дәстүрдің қайнары, бастауы. 
С. Қондыбай көрсетіп отырған «НҰР» идеясы - терең зерттеп, 
зерделеуді қажет ететін танымдық концепт. Қазақ ғылымында «НҰР» 
танымдық концептісінің өзіндік зерделену үрдісі бар. Басын сонау 
сопылық дәстүрден алатын бұл ұғым С. Қондыбай еңбектерінде жаңа 
бір қырынан айқындалып тереңдей түседі. 


ТІЛДІК САНА: ӘЛЕМДІК ТАНЫМ МЕН ҰЛТТЫҚ ДІЛ 
САБАҚТАСТЫҒЫ
134


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет