Салқынбай Анар Бекмырзақызы
127
білім мен мәдениетте ғана емес, сонымен бірге әлемді тану тәсілдерінде
де көрініс табады.
К. Леви-Стросс барлық тарихи дәуірлердегі және барлық
мәдениеттерде ойлау жұмысының басты принциптері бірдей деген
тұжырым айтады.
Ойлау стилі – әлемді тану тәсілдерінің жиынтығы ретінде танылады.
Зерттеушілердің пайымдауынша, ойлау стилі когнитивтік стиль аясында
қарастырылады.
Танымдық стиль термині белгілі нәрсенің нақты қасиеттері туралы
ақпаратты жеке адамның
қабылдауы және есте сақтауы, ойлауы,
сонымен бірге қабылданған ақпараттар туралы мәселені шешудің
тәсілдерін анықтауда когнитивті психологияда қолданылатын терім сөз.
Бұл ұғымды жеке тұлғаның мінезін белгілеу үшін алғаш рет А. Адлер
қолданған. Адлер зерттеулерінде когнитивті стиль – жеке тұлғаның анық,
әрі өзіндік ерекшеліктерін анықтайтын танымдық процессс ретінде
танылған. Тұлғаның жеке психологиясы оның өмірлік жолының өзіндік
белгісі, ерекшелігі, оның мақсатарына жетуінің сыры ретінде анықталды.
Танымдық стиль - қоршаған орта туралы ақпаратты қабылдаудың,
талдаудың, бағалаудың жеке айырмашылықтары
мен ерекшеліктерін
көрсететін ерекше тәсіл. Шетелдік психологиялық зерттеулерде
60-жылдары танымал ұғымдардың бірі болған когнитивтік стильдер
теориялық құрылым ретінде де, әртүрлі
эмпирикалық зерттеулердің
объектісі ретінде де қазірдің өзінде өзекті болып, ғалымдардың назарын
аударуда.
Қазақ ғылымында мифология тереңінен сыр тартып, миф пен қоғам
арасынан үндестік тауып, символ мен таңбаны таныған, ғаламның
ситуациялық келбетін кестелеген, ежелгі
рәсім-жоралғыдан көнеліктің
жұртын іздеп тапқан, ілкі төрдің қайнар көзін іздеген ғалым С. Қондыбай
екені рас. С. Қондыбайдың «Арғықазақ мифологиясы» атты зерттеуінен
бастап, зерттеулерінде түпбейне арқылы уәжделетін ұлттық ділдің
астары анықталған.
«Адамзат өзгере отырып та, өзімен-өзі болып қалып отыр,
сондықтан өткен шаққа және өркениеттерге
деген менсінбеушілік,
үстірттік, салғырттық ендігі жерде болмауы тиіс. Қазіргі уақытта ...