Қaзaқ тiлiнiң Өзектi мәселелерi qazaq tiliniñ Özekti mäseleleri



Pdf көрінісі
бет57/80
Дата08.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#113451
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   80
ТІЛДІК САНА: ӘЛЕМДІК ТАНЫМ МЕН ҰЛТТЫҚ ДІЛ 
САБАҚТАСТЫҒЫ
140
қасиетті құсы. “Аққуды атуға болмайды” деп қанды қолдарға талап 
қояды халық даналығы. “Аққу құстың төресі, жалғыз жатып оттамас, 
Хас жақсының белгісі, қара сөзді жақтамас” дейді қазақ мақалы.
Асан Қайғының Жәнібек ханға қаратып айтқан толғауда:
Құладын құстың құлы еді,
Тышқан жеп жүнін түледі,-
Аққу құстың төресі
Ен жайлап көлде жүреді – деп құладын мен аққудың бейнелері арқылы 
ханды аққуға, жауларын құладынға теңеген (Бес ғасыр жырлайды, 1989, 
24-б.).
Аққудың сыңарынсыз жалғыз жатып оттай алмайтыны, иісі қазақ 
баласының жеке отырып ас іше алмайтын қонақжайлық, мейірімділік 
қасиетімен де астасып жатыр. Аққу – тек әдемілік пен сұлулық символы 
ғана емес, ол – заты киелі құс. “Аққуды өлтірсең, оның киесі атады, сен 
жамандыққа кезігесің”, – деп тәрбиелейді халық аңыздары.
Қазақ әдебиетінде сомдалған аққу бейнесінің ғажайып мүсіні бар 
десек, қателеспейміз. Сөзбен салынған бұл ғажайып бейненің өзегінде 
өзгеше бір тылсым сыр бар. Ол тылсым сыр халық танымының 
тереңдігінде. Қазақ танымындағы мөлдір сезім, сұлу сыр, келісті 
көркемдік, кіршіксіз пәктік – аққу бейнесі арқылы қалыптасқан ұғымда, 
тілде айқын көрініс табады. Ұғымдағы ұлы да нәзік ойлар аққу бейнесі 
арқылы өзінің сөздегі сымбатында сәулеленгендей.
Ақан сері, Біржан сал, Сәкен мен Ілияс, Қасым мен Мұқағали 
поэзиясының шыңы – Аққудың аяулы мүсінін сөз арқылы сылаңдатқанда 
танылған-ды. 
“Аққу құс айдын көлге шомылғандай, 
Лашын құс өз бойынан қорынғандай” – деп ақын Ілияс тебіренсе,
“Ал қара көк айдынында аққу жүзген Аралым,
Айдыныңа айнұрында айбаттана қарадым,” – деп Қасым таңдай 
қағады. 


Салқынбай Анар Бекмырзақызы
141
Аққу мойын, аққу сезім, аққу-ару, аққудай әппақ, аққудай шырайлы, 
аққудай саңқылдаған т.б. сияқты теңеулер мен тұрақты тіркестердің 
тілімізде жиі жұмсалуы да жоғарыдағы пікірді айғақтай түсері кәміл.
Аққуды аялаған, оның сұлулығына тәнті болған, тағзым еткен 
халықтың қара қобыз сұлбасын да аққу бейнелі етіп жасауында әлі 
айтылмаған сыр бар. Қазақ халқының көне дәуірдегі қара қобызының 
тұлғасы, пішіні аққудың бейнесіне ұқсас болғанын Әлкей Марғұлан 
алғаш танып, айтып кеткен екен. (1985, 217 бет).
Ғалым Болат Сарыбаев та Алтай қазақтарының арасында кездестірген 
қара қобыздың мойны ұзын, құйрығы – сопақ, ұзынша келген, аққудың 
құйрығына ұқсап тұрады екен деп жазған болатын. Қобызды аққудың 
сипатына ұқсата жасаудың өзіндік тарихи-дәстүрлік жолы мен жүйесі 
бар. “Біріншіден, халықтың сұлулықты сүйетін ой-санасы бойынша, 
құстың даусы – жаратылыстағы құлаққа әдемі естілетін ең сұлу үннің 
бірі. Екіншіден, аққу - қазақтардың ерекше қадірлейтін, киелі құсы“ [Ә. 
Марғұлан, 1985, 218-бет].
Қорыта айтқанда, қазақ дүниетанымында далаға тән асқақтық 
пен кеңдік бар. Дала заңында бөріден асқан күшті жоқ, аққудан асқан 
әдемілік пен адалдық тәңірісі кем де кем. 
Техника мен технологияның үлкен жылдамдықпен қарқынды дамуы 
мен ақпарат алу жолының шапшаңдығы – жеке тұлғаны өмірге тез 
бейімделіп, тез жетілуіне, «заманына сай адамы» болуға итермелейді. 
Мол ақпаратты алып, игеріп қазіргі уақытта жылдам-ақ «білімді», 
«білікті» болуға жол ашық. Планетадағы бүкіл жаңалықты «көзді 
ашып-жұмғанша, жылдам хабар алғызып отырған» бүгінгі технология 
жетістіктері арқылы білім алу қиындық келтірмейтіні анық. Қазіргі 
ғылымның даму деңгейі қоғам дамуын тез өзгертіп, жетілдіріп, оның сан 
түрлі бағытта өзгере дамуына қол жеткізе алады. 
Қазіргі ғылыми технократия мен қоғамда бүгінгі таңда орнығып 
отырған «бүгін және қазір» прагматикасын талдаған көптеген 
гуманитар-зерттеушілер жеке тұлғаның дамуында өмірдің мәнін 
түсінуден гөрі, жеңіл-желпі күйбең тірлікке салынудың артқанын, 
рухани құндылықтардың алмаса бастағанын орынды ескертуде. Қазіргі 
қоғамның белсенді үдерісінде гуманитарлық ғылымның беделінің 


ТІЛДІК САНА: ӘЛЕМДІК ТАНЫМ МЕН ҰЛТТЫҚ ДІЛ 
САБАҚТАСТЫҒЫ
142
түсуі, бағаланбауы анық байқалуда. Бұл үдеріс тек біздің елімізде ғана 
емес, әлемдік кеңістікте етек алып отырғаны рас. Тіпті жапондық кей 
зерттеушілер әлеуметтік білімді оқытудан бас тартуға шақырғаны да 
мәлім. «Экзистенциалды философияның» күні бітті деп жорамалдаушы 
батыстық ғалымдар өмірдің мәнін айқындауға арналған ғылым 
саласының орнына, неоэкзистенциалдық теорияны ұсынып жүруінде 
де мән бар. Технократизм культінің орнығуы, тұтынушыға айналған 
қоғамның «бүгін және қазір» прагматизміне бой ұруы - рухани әлсіздіктің 
белең алуын алға тартты. Мұны күнделікті адамдардың бойынан айқын 
байқап жүргеніміз рас. 
Қазіргі ХХ ғасыр мен ХХІ ғасыр тоғысы мен ХХІ ғасырдың басында 
пайда болған неоэкзистенциалистік теорияға ғалымдар үлкен сеніммен 
қарауда. Олардың арасында философтар ғана емес, сонымен бірге 
натурализм мен психоанализ теориялары ұсынған тұжырымдарға қарсы 
көптеген психологтардың болуы да қуантады. Қазіргі таңда бұл теория 
батыста белсенді зерттелуде. Экзистенциалды тәсіл философияда, 
педагогикада, этнографияда, мәдениеттану мен тіпті медицинада кеңінен 
қолданылады. Экзистенциалдық аксиологияны құру, «құндылықтар» 
арқылы субъектіге әсер ету дәрежесін зерттейтін арнайы құрылған 
қағида қазірде ғылыми бағыт ретінде қалыптасып келеді. Ақпараттық 
қоғам жағдайында үлкен дүниетанымдық маңызға ие. Құндылықтар 
жүйесін бағалау мен бағамдау адам баласының күнделікті тіршілігінен 
бастап, үлкен жаһандық мәселелерді шешуге дейінгі аралықтағы барлық 
әрекеттер үшін маңызды болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет