Қaзaқ тiлiнiң Өзектi мәселелерi qazaq tiliniñ Özekti mäseleleri



Pdf көрінісі
бет52/80
Дата08.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#113451
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   80
ТІЛДІК САНА: ӘЛЕМДІК ТАНЫМ МЕН ҰЛТТЫҚ ДІЛ 
САБАҚТАСТЫҒЫ
128
киелі географияның сиқырлы әлеміне, біздің мәдениетімізді, біздік 
психологиямызды, біздің рухымызды табандылықпен және байыппен 
қалыптастырған ата-бабаларымыздың өздері мекен еткен, жасаған, 
сүйген және жауларын өлтірген сол бір ғажайып дүниесіне бет бұратын 
уақыт жетті. Мифке оралатын сәт келді», - деп жазады ғалым өз 
зерттеуінде [Арғықазақ мифологиясы. –Алматы, 2004. 9]. Бір қызығы, 
2000 жылдардың басында жазылған осы шынайы рухани бетбұрысқа
біз шынында да 20-шақты жылдан соң келіп отырмыз. Еліміздің қазіргі 
ұмтылып отырған рухани жаңғыруы Серікбол көксеген болашақ бағдары 
дер едік. Бұл енді мифке оралу емес, шын тарихи танымды тануға 
оралу болмаққа керек. Ғалым «мифке оралу» - «сиқырлы, қасиетті және 
таңғажайып ел – жарқын Қазақ еліне – «Мәңгі елге» қайтып оралу дегенді 
білдіреді» деп жазады [Сонда. 9]. Серікбол еңбегіндегі көрегендік бұл. 
Орыстың патша өкіметі, одан кейінгі кеңестік кезеңдегі саясат қазақ 
санасын соқыр етіп, мәңгүрттік деңгейіне дейін жеткізе жаздап, құлдық 
сананы сіңірген тұста қазақтың шын тарихи санасы мифке айналғаны 
рас еді. Сондықтан болар, Серікбол көрегендікпен болжағандай, тарихи 
сананы тірілтер рухани күш - өзіңнің кім болғаныңды тану, танып табуың. 
Ал мұны табудың негізгі жолы ретінде ғалым «естен шыққан Рухты, 
Киені, Ділді, Танымды еске түсіруді» қажет санайды. Демек, С. Қондыбай 
айтып отырған миф, мифология – бұл қазақ баласының өз Рухы, Киесі, 
Ділі, Танымы. Ғалымның өзі нақты атап көрсетіп отырғандай, Серікбол 
үшін миф, мифология «ойдан шығарылған қиял емес, өткен заманның 
адамының шындығын бойына сақтап қалған ата-баба сарқыты» [2.10].
«Мифтік-лингвистикалық мектептің» бастауында тұрған «Арғықазақ 
мифологиясындағы» лингвистикалық бағдарды саралауға болар 
еді. Біздіңше, Серікбол Қондыбай зерттеулерінде когнитологияның, 
семиологияның, семантиканың, ономасиологияның басты бағыттары 
тоғысып, кешенді үлгі құрайды.
С. Қондыбай зерттеуінде уақыт пен кеңістік ұғымы қатар безбенделеді, 
өзіндік ерекше, жаңаша пайымдаулар жасалады. Тіл теоретиктері яғни 
өздерін когнитивистер деп санаушы ғалымдар мұндай жалпы мәселелерді 
«тілдік когниция» арқылы түсіндіруге ұмтылады. Когнитивизм адамды 
ақпаратты өңдеуші жүйе ретінде бағалап, оның мінезі мен танымы – ішкі 
жай-күйімен анықталып, сипатталады. 


Салқынбай Анар Бекмырзақызы
129
Адам баласының ішкі жан-дүниесінің басты өлшемі, әрі көрінісі 
сөзбен нақтыланып, сөзінен көрінеді. Ойы жүйелінің сөзі де жүйелі, ойы 
тұнықтың сөзі де тұнық болатыны осыдан.
Когниция, ой, таным, ұғым, интеллект – ежелден зерттеліп
зерделеніп келе жатқан, мол ақпаратты танытатын ұғымдық атаулар. 
Когниция білімді, білікті жүйелейді, сақтайды, ұсынады. Сондықтан, 
когниция: 
• адам баласының «ойлау жүйесін» зерттеу бағдарламасы
• адамның ментальдық табиғатын бақылаудың, бағамдаудың жолы;
• субъект - өз әрекетінің бастаушысы – бастапқы болжам саналады.
Зерттеуші С. Қондыбай еңбегінің басты сипатын айқындайтын 
«символ» ұғымы қазіргі тіл білімінде кең зерттелгенімен, оның
терминологиялық сөздіктердегі талдануы мен зерттелуі көпқырлы, бір-
біріне қарама-қарсы келетін және екіұштылықпен түсіндірілетін тұстары 
да бар. Ежелгі қоғамда символизм діни символизм ретінде қолданылып, 
қарабайыр қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етті. Ежелгі Грецияда 
«символ» екі түрлі бөліктің бірлігі (схема мен аллегорияның бірлігі) 
ретінде түсіндірілді.
Ч. Пирс, Ф. де Соссюр еңбектерінен бастау алатын қазіргі символ 
теориясы шетелдік зерттеулерде кеңінен талданғанымен, шешімін тапқан 
мәселе емес. ХІХ-ХХ ғғ. неопозитивизм мен эмпиризм мектептерінде 
табиғи тілдердің өкілдері (Г. Фреге, Б. Рассел, Л. Витгенштейн т.б.) 
шынайы білім шегін анықтау мақсатында ғылым тілін логика¬лық 
талдаудан өткізді. «Тілге деген сенімсіздік» принципін ұстана отырып, 
олар сөйлемнің нағыз логикалық құрылысын табу мақсатында 
әмбебап символдарды пайдаланды. Талдау философиясы логика¬лық 
семантиканың бірқатар мәселелерін анықтады, олардың негізгілері 
- сигнификат (интен¬сионал, мағына) және денотат (экстенсионал, 
референт) ұғымдары [3. Тіл әлемі, 2009, 181]. 
Орыс философтары символды әртүрлі вариацияларда көрінетін және 
«символикалық функциялары» және «символикалық формалары» бар 
шексіз бірқатар сериялы заттар ретінде таныды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет