Бекмағамбетов Шанжархан
167
[9].
Ғалым
Әлімхан Жүнісбеков өзінің «Сингармонология или
неизвестный сингармонизм» атты еңбегіне «Заблуждения ВЕКА в
казахском (тюркских, тюрко-монгольских, урало-алтайских) языке»
деп қосымша атау берген екен [10]. Автор бұл мәселеге, әрине, өзінше,
тар мағынада, тек түркі тілдері аясында ғана және басқаша түсінікпен
келіп отыр. Біз айтар едік, тек түркі тілдері ғана емес, жалпы барлық тіл
ғылымының дыбыстаным саласы фонологиялық көзқарастың әсерінен
қате жолға түсіп кетті. Фонема теориясы осылайша көптеген уақыттар
бойы тіл ғылымын алдамшы жолға салып келеді. Дыбыстанымдағы
осындай қателіктер тіл ғылымының өзге
салаларындағы қателіктерге
алып келді. Алайда орыстық-батыстық тіл білімінде өткен ғасырдың бас
кезінде қалыптасқан осы фонология теориясының жақтаушылары әлі
күнге дейін қазіргі тіл білімінде үстем болып отыр.
Біз мәселеге генетикалық тіл ғылымы тұрғысынан келеміз.
Генетикалық тұрғыдан келгенде, фонема деген нәрсе және оның қазіргі
айтылып жүрген сингема, тонема тәрізді алуан вариациялары да тілде
жоқ.
Шынын айтқанда, қазірде осы нәрсені айтып жүрген, оқытып
жүрген ғалымдарымыздың өздері де фонеманың ақиқат бар екендігіне
сенбейді, өздері де түсінбейді. Ал генетикалық
тіл ғылымы адамзат
тілінде
жұп элементті тіл дыбыстары
аса бай мағыналық потенциалға
йе
тілдік негіздер
ретінде қызмет ететінін дәлелдеп отыр [11].
Шын
мәнісінде, тіл дыбысы дегеніміз әуелден-ақ,
әуелгі
жаратылысынан-ақ, қарым-қатынас мақсатында айтылған тілдік бірлік,
яки олар әуелден-ақ мағыналы дыбыстар,
нақтырақ айтқанда, дыбыс-
сөздер болған. Тіл дыбысы пайда
болуының қарапайым логикасы
осындай. Сөз құрамындағы барлық дыбыс та мағыналы, сөз құрамында
мағынасыз элементке орын жоқ. Адамзат баласы қазірде «дараланған»
дыбыстар деп аталып жүрген а, б, с т.т. тәрізді кездейсоқ, шартты түрде
алына салған мағынасыз «дыбыстарды» әуелі бөлек-бөлек жасап (тауып)
алып, сонан кейін ғана олардан мағыналы сөз құрастырған» деген
қисынсыз көзқарас ақиқатқа жатпайды.
Генетикалық тіл ғылымының дәлелдеуінше, тіл дыбыстары дегеніміз,
шын мәнінде, салдыр және дауыс элементтерінің табиғи-жаратылыстық
тұтастығынан тұратын,
Достарыңызбен бөлісу: