мысалы
,
[т+ы]
түріндегі,
жұп элементті
ҚАЗІРГІ ДЫБЫСТАНЫМНЫҢ ПРОБЛЕМАЛЫ
МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ДЫБЫСТАНЫМ
168
дыбыстар. Яки тіл дыбыстарын дараланған дыбыстар деп тану, оларды
дауысты, дауыссыз деп ажырату ең ежелгі үнді, қытай, араб дәуірлерінен
келе жатқан үрдіс болғанымен, шын мәнінде, тіл дыбыстары дараланған
дыбыстар емес, олар дауысты дыбыстар және дауыссыз дыбыстар деп
екіге бөлінбейді. Бұған жоғарыда келтірілген мысалдар айқын дәлел.
Қазіргі дыбыстанымдағы аталған кемшіліктердің себебі неде?
Әрине, тіл дыбысының шынайы табиғаты тек генетикалық зерттеулер
арқылы айқындалатыны қазірде айқын көрініп отыр. Тіл дыбыстарын
зерттеудің осы күнге дейінгі негізгі тәсілі: акустика-артикуляциялық
тәсіл. Мұнда дыбыстың физика-биологиялық сипаттары барынша
талданып тексеріледі. Сөйтіп, дыбыстарды дауысты, дауыссыз деп,
оның әрқайсысын тағы да неше түрге бөліп жатады. Бірақ тіл дыбыстары
дегеннің, жалпы тілдік құбылыстың негізгі материалы ретінде, ең әуелі
әлеуметтік құбылыс екендігі, яғни олардың міндетті түрде мағынамен
байланысты болуы керек екендігі назарға алынбай, тілдің дыбыстық
бөлігі оның өзге бөліктерінен, яки мағыналы бөліктерінен, мысалы,
лексикология мен морфологиядан ажырата алынып, оқшау, тұйық ортада
зерттелді.
Дыбыстанымға өткен ғасырдың екінші жартысында пайда болған
спектральды талдау әдісі арқылы жүргізілген экспериментальды
фонетикалық зерттеулердің де біраз зияны тиді, осы зерттеулер мәселені
тіпте ушықтырып жіберді. Тіл дыбыстарын арнайы техникалық жазу
құралдары арқылы жазылған ирек сызықтар арқылы зерттеу тіл
дыбысының әлеуметтік құбылыс ретіндегі табиғатын тануға мүлдем
дәрменсіз болатын.
Дұрысында, тіл дыбыстарын аустика-артикуляциялық тұрғыдан
тәптіштей зерттеудің дыбыстың тілдік табиғатын тануға да, жалпы тіл
табиғатын тануға да тікелей қатысы жоқ. Әуел баста өзге жаратылыс
ғылымдары – физика, химия т.т. тәрізді тілдің де ең кіші мағыналы
элементтерін табу мақсатында пайда болған фонология бағытының тіл
пайда болуының да, тілдің қазіргі қызметінің мәселелерін де түсіндіріп
бере алмайты әлдеқашан белгілі болған. Бұл туралы мұнан ғасыр бұрын
акад. Қ.Жұбанов: «Фонетика – тілдің табиғатқа ұстасып, тиіп тұрған бір
шеті еді. Тіл дыбыстарын шығаратын дене мүшелері болса, дыбыстың
Бекмағамбетов Шанжархан
169
өзі де ауада пайда болатын толқындар салдарынан жүзеге шығатын еді.
Мұның үстіне дыбыстың өзі де құлақ арқылы – адам денесіне орнаған
сезім мүшелері арқылы іске асатын еді. Сондықтан осы жағын, оның
осы физика-физиологиялық жағын, табиғатпен біте қайнап қосылған
жағын ала жөнелу тіл дыбыстарын
Достарыңызбен бөлісу: |