тілдік қасиеттерден, әлеуметтік астарларынан ажыратып алу...» үлкен қателік болды дейді. [12-132].
Ғалым мұнан әрі: «Дыбыстың шығу орынын, ол орындардың түрлі
дыбыстарды шығарудағы қызмет атқаруларын, ауыздың кең ашылуы
мен тар ашылуын... таңдайға тілдің ұшы тиюі мен ортасы соғылуын,
жұтқыншақтың қаншама дірілдеуін, іштен шыққан ауаның мұрынмен
кетуі мен ауызбен кетуін – міне осыларды зерттедік..» дегенде, мұны
ойдан алып, бекерге айтып отырған жоқ, сол кезеңдегі тіл білімінің
зерттелу жағдайынан алып отырғаны анық..
Төртінші мәселе . Тіл дыбыстарын танудағы тағы бір үлкен
қателік – оларды сөз құраушы «кірпіштер» ретінде түсіндіру. Тілдің,
тілдегі сөздердің қазіргі қалыптасқан түсініктегі жеке, «дараланған
дыбыстардан» құралмайтынын, яки дараланған дыбыстар дегеннің
сөз құрайтын «кірпіштер» емес екенін өткен ғасырдың басында проф.
Қ.Жұбанов ашына айтып кеткен болатын. Ол тіл дыбыстарын «сөз
құрайтын кірпіштер», сөздің «атомдары» деп түсіндірушілерге қарсы
кезінде «Политехникалық мектеп» журналының 1933 жылғы 7-8
сандарында жарияланған «Лекциялар курсында»: «... Лаж нешік, жай
сауатты адам ғана емес, атақты деген тіл мамандарының өзі-ақ, ірі-ірі
профессорлар-ақ университет кафедраларына шығып тұрып, ғылыми
еңбектерінде жазып тұрып, тіл дыбыстарын грек дәуірінің атомы қылып
шығарса да ешкім оған күлмеуіне, ешкім мазақ қылмауына таңданбай
болмайды. Әрине, бұл таңданарлық жай емес. Сүйегі бос көңілшектер
қамығып, жігері заңғар қайраттылардың жыны қозғандай хал... Бұл –
тіл ғылымы сондай артта қалған, ол әлі ескі грек мәдениеті кезіндегі
дүниетанудан асып, мандып ұзап кете алмаған деген болады. Міне,
бүгінгі тіл ғылымы осындай дәрежеде. ..»[12-127] - деп қамыға, ызалана
жазған болатын. Қарап отырсақ, дыбыстанымның онан 100 жыл кейінгі
қазіргі халі де сол қалпы екенін көргенде, айтарға сөз таппайсың. Бірақ
ең өкініштісі сол – тіл ғалымдары осы мәселеге әлі де көз жұма қарайтын
тәрізді. Қалыптан шығуға бейіл жоқ.
ҚАЗІРГІ ДЫБЫСТАНЫМНЫҢ ПРОБЛЕМАЛЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ДЫБЫСТАНЫМ 170