Қaзaқ тiлiнiң Өзектi мәселелерi qazaq tiliniñ Özekti mäseleleri



Pdf көрінісі
бет22/80
Дата08.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#113451
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   80
Байланысты:
99 Mz0Oqmn

ҚАЗАҚ ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНУЛЫҚ ҒЫЛЫМЫНЫҢ 
НЕГІЗДЕРІ
56
жатқызатын әдебиет, өнер, дін, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б. кейінгі 
уақыттың жетістігі», - деп жазады [2].
Заттық (материалдық) мәдениетке адамның өмір сүруіне қажетті ішер 
асы, киетін киімі, тұратын баспанасы, көлігі, қолөнерінің бұйымдары, 
ауыл шаруашылық және мал шаруашылық құрал-саймандары, өнім 
өндіретін шикізаттары, қару-жарағы, аңшылық, саятшылық жабдықтары, 
саз аспаптары, ыдыс-аяқ, жиһаз, т.б. жатады. Яғни «материалдық 
мәдениеттің шындық өмірдегі, күнделікті тұрмыстағы заттармен тығыз 
байланыста қаралатыны белгілі» [4]. Демек материалдық мәдениет 
заттар әлеміне барып саяды. Этнографтар табиғат сыйынан тыс, адам 
қолынан шыққанның бәрі мәдениеттің айғағы бола алады деп санайды.
Қазақ халқының рухани болмысы мен ой-арманы, қиял-ғажайыбы, іс-
әрекеті нәтижесінде күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қажетті құрал-сайман, 
киім-кешек, қару-жарақ, тұрмыстық заттар мен қолөнер бұйымдары 
сияқты сан алуан материалдық заттар әлемі дүниеге келгені белгілі. Яғни, 
ұлт мәдениетінде рухани мәдениет пен материалдық мәдениет етене 
тығыз байланыста дамыған. Әйтсе де бүгінгі ғылымтануда шартты түрде 
болса да рухани мәдениет және материалдық мәдениет деп топтастыру 
кездеседі. 
«Тіл мен мәдениет біртұтас» деген қағидатқа сәйкес, қазақ тілінің 
ұлттық мәдениетін танытатын рухани және материалдық лексиканың 
барлық жиынтығын іштей сала-салаға жіктеп, жүйелеп, сал алуан ұғым-
түсініктердің мән-мағынасын ашып, этностың дүниетанымдық таным-
талғамы тұрғысынан түсіндіру тіл ғылымы үшін қашан да өзекті мәселе 
болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі тіл ғылымындағы 
лингвомәдениеттану мен этнолингвистиканың рөлі ерекше.
Лингвомәдениеттану – тіл мен мәдениеттің өзара қатынасының тілдегі 
көрінісін қарастырады. Ол – тілдік және тілдік емес (мәдени) мазмұнды 
бірліктерді біртұтас құрылым ретінде кешенді әдістемелер көмегімен 
және қазіргі заманның басты бағыттары мен мәдени ұстанымдарын 
негізге ала отырып жинақтаушы түрінде зерттейтін кешенді ғылым.
В.А.Маслова бұл жаңа саланың ұлт мәдениетін тануда 
этнолингвистикамен сабақтас, ұштас екенін алға тартады: 
«Лингвокультурология – эта отрасль лингвистики, возникшая на стыке 


Жапарова Аида
57
лингвистики и культурологии и исследующая проявления культуры 
народа, которые отразились и закрепились в языке. С ней тесно связана 
этнолингвистика и социолингвистика, причем настолько тесно, что 
это позволяет В.Н.Телия считать лингвокультурологию разделом 
этнолингвистики» [5, 14].
Тіл – мәдениеттің өмір сүру формасы болса, мәдениет – оның 
ішкі мәні. Лингвомәдениеттанудың антропоөзектік бағыты тіл мен 
мәдениеттің байланысын, тілдің мәдениетті сақтау, сипаттау, жарыққа 
шығару кешенділігін зерделейді.
Лингвомәдениеттану мен этнолингвистика ұлт мәдениеті үшін бір-
бірімен етене тығыз байланысты ғылыми іргелес пән екенін А.Сейілхан 
төмендегідей пікірмен дәйектейді: «Лингвомәдениеттану этнос 
мәдениеті мен сол тілде сөйлеуші халықтың лексикасының мәдени-
тілдік деректерін сипаттайтын, жұрт мәдениетін өз лексикасы арқылы 
басқа этносқа танытатын, ұлттық рух пен ұлттық тілдің туын көтеретін, 
халықтың тіл байлығын тек болмысы арқылы өз тұғырына жеткізіп 
келешекке танытатын, тілдік деректерді ұлттық нышанда жарата да, 
жарқырата да алатын, этнолингвистика пәнімен ағайындас, ұлттық рух 
пен тіл арасында өзіндік жолы бар, тілді мәдениет арқылы танудағы 
бітімімен басқа тіл ғылымдарынан ерекшеленетін, қоғамдық, әлеуметтік, 
эстетикалық, философиялық сипаты бар кешенді пән» [6, 23].
Соңғы жылдарғы ұлт мәдениетін зерттеу үрдісі этнолингвистикалық 
бағытта кеңінен қарастырылып келеді. Этнолингвистика – этнос 
дүниетанымын тек тіл феноменінің өзіндік мүмкіншіліктері арқылы 
зерттеуді мақсат ететін ғылым. Ол – ХХ ғасырдың басында этнография 
мен тіл білімінің ұштас жақтарының бірігуінен тіл мен этнос мәдениетінің 
өзара қарым-қатынасын зерттеумен айналысатын тіл біліміндегі 
антрополингвистикалық, этносемантикалық бағыт ретінде өмірге 
келгені белгілі. Этнолингвистиканың зерттеу объектісі – этнос болмысын 
оның тілі арқылы танып білу. Осы мақсатта этнолингвистиканың басты 
мәселелері этностың ұлттық рухани бейнесі мен өзіндік болмысын оның 
тіл байлығы (тіл әлемі) арқылы танып білу, этнос тілінің лексикалық 
байлығын түгел қамтып зерттеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет