Кайдарова Гулайым Қаблақатқызы
79
94 б.
деген тың пікір қосты. Мұның өзі қазіргі зерттеушілердің ұстанып
отырған басты теориясы болып табылады.
Проф. Ж.Әбуов қазақ (түркі) фонетикасының зерттелу жайын талдай
келіп, мынадай қорытынды жасайды: қазақ (түркі) фонетикасының
бірінші даму кезеңіне ХІХ ғасырдағы зерттелімдерді жатқызады және ол
кезде қазақ тілінің дыбыс жүйесін танып-білу қазақтардың сөзін тікелей
бақылау (тыңдау) арқылы жүргізілген, соның нәтижесінде қазақ сөзі
қалай айтылса,
солай жазылып алынған; екінші кезеңге ХХ ғасырдың
басындағы зерттелімдерді жатқызады, ол кезде қазақтың көкірек көзі
ояу ғалымдары шығып, қазақ тілінің дыбыс жүйесін ғылыми тұрғыдан
шынайы
талдап шықты; үшінші кезең 50-70 жылдар, ол кезде қазақ
фонетикасында «европацентристік» бағыт басым болды; төртінші
кезең 70-90 жылдар, ол кезде қазақ фонетикасында сингармониялық
көзқарас толық қалыптасты
9
. Қазақ фонетикасының даму барысын
сөз еткенде осы бір жіктелімді ұстағанды жөн көрдік. Сингармонизмге
деген жаңа және шын мәніндегі шынайы көзқарас
қазақ тіл білімінде
толық қалыптасып болды деуге болады.
Мысалы, проф. М.Жүсіпұлы «Тілдің дыбыс қорын сингармонизм
фонологиясының бағытында зерттеу үшін, біріншіден, ізденушінің
алдында тұрған мәселелерге функционалдық (динамикалық) көзқарасты
қалыптастыру керек; екіншіден, қазақша сөйлеу процесінде дыбысталу
дағдысының және қазақ артикуляциялық базасының (дыбыстау
мүшелерінің) сингармонизм заңына нық
бейімделгенін анықтау керек
еді. Ал, бұлардың ұйтқысы – сингармонизм заңы екендігі, сондықтан
ол сингармониялық және бейсингармониялық (акцентті-фонемалық)
дыбыстау дағдылары мен артикуляциялық базаларды салыстырып
зерттегенде айқын байқалады»
10, 7 б.
деп, болашақ зерттеушілердің алдына күрделі мәселе қояды.
Егер сингармонизм мәселесін толық шешу керек болса, онда оны жеке
бөліп қарамай, басқа тілдердегі өзі тектес тілдік бірліктермен жарыстыра
қарастыру керек екенін ұсынады. Сонымен
қатар сингармонизмді
оның тілдік қызметі тұрғысынан байыптағанда ғана оның табиғатын
дұрыс түсінетін боламыз. Басқаша айтқанда «Сингармонизм – сөздің
фонетикалық және фонологиялық бейнесінің просодиялық таңбасы, сөз