Қaзaқ тiлiнiң Өзектi мәселелерi qazaq tiliniñ Özekti mäseleleri



Pdf көрінісі
бет25/80
Дата08.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#113451
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   80
Байланысты:
99 Mz0Oqmn

«МАН» ТҮБІРІ: «МАҢҒЫСТАУ» СӨЗІНІҢ ШЫҒУЫ
64
Бүгінгі тілтанымдық зерттеулер үрдісі бұрынғы заманнан бастау алған, 
халық сана-сезіміне сіңіп, жадында жатталған жалқы есімдер тарихына 
үңілу, олардың табиғи сырын ашып, тілдік қолданыс аясын анықтау, ұлт 
мәдениетімен сабақтастыра салыстыру тіл тарихының ұлт тарихынан 
да ұзақ екендігі лингвистикалық және экстралингвистикалық факторлар 
тоғысында қарастырылады. Сондықтан осы мифологиялық танымды 
тарихи, географиялық, фольклорлық, лингвистикалық мәліметтермен 
ұштастыра отырып, кейбір мәселелерді шешуге пайдаландық.
“Ман” түбірінен туындаған ономдік атаулар
Түркі ономастикасы бойынша алғашқы еңбектер қатарына Махмұт 
Қашғаридың «Диуани лұғат ит-түрк» еңбегін атауға болады.
Осы еңбегінде «Маңғыстау» сөзіне түсінік берген Махмұт Қашқари: 
«Маңғыстау сөзінің «ман» бөлімі өгіз – түркімен тілінде төрт жастағы 
қойдың аты» деп, «Маңғыстау» атауы – түркімен жеріндегі «Қой 
қыстау» деген географиялық атау деп анықтама берген.
Үстірттің қыры мен Маңғыстаудың қара ойын жалғастырып жатқан 
он төрт құлама жалдың негізгісі «Маната» деп аталады. Бүгінде ернек 
қабырғасын жарып кетіп жатқан бұл асфальт жолдың салынғанына 
көп болған жоқ. Осы құлама жолдың екінші аты – «Қаратүйе-Маната». 
Манатаға ұқсас Манатау деген топонимді алсақ, «Манатау» – 
Құрманғазының осы жерге келгенде шығарған күйі және «Манатау» – 
Кіші жүздік жетірудағы Жағалбайлы руының ұраны.
Соңғысының маңғыстаулық Манатаға қатысының бар жоқтығы 
белгісіз, дегенмен оны да есім этимологиясын ашуға пайдаланып көруге 
болады. Ал осы Ман-Ата аймақ үшін қандай маңызға ие? Ең әуелі – оның 
есімінің, яғни «Ман» сөзінің бүтін жартыарал мен облыс, тарихи аймақ 
– Маңғыстаудың өз есімімен ұқсас болуы.
«Маңғыстау» атауының шығуы мен тарихы жайлы түркімен 
ғалымы Гурман Алманиязов: «Маңғыстау» көптеген авторлардың 
топшылағанындай түрін өзгерткен «Мың қышлақ» емес, ешқандай 
өзгерісі жоқ түркімендердің әдеттегі қолданып жүрген, сөйлеп жүрген 
ман - “үлкен, кең ұлан” деген төркінін сақтаған. Сонда бұл жарты арал 
түркімен халқының «байтақ, мол» және «кишлак» деген сөздері әуелде 


Қортабаева Г.Қ
65
«кең қыcтау», «ұлан байтақ қыстау» деген шаруашылық өмірінен алынған 
географиялық атау деген пікірі М.С.Буйнаковский көзқарасымен 
ұштасып жатыр .
Академик М.С.Буйнаковский «Маңғыстау және Үстірттің физикалық 
географиясы» деген кітапшасында: «А.Б.Борнеман и М.Д. Спиридинов 
пишут: Правильно называть этот полуостров не Мангишлак а Маңғыстау, 
как его и называет все местные казахское население, что означает 1000 
кстау – зимовок или вечная кстау». В слове же Мангишлак искажено 
введено узбекское слова «кишлак» чуждое казахскому населению» [3, 67]. 
Қазіргі Маңғыстау жерінде «ман» деген түбірдің ертеден қалыптасқан 
сөз екенін «Маната» (үлкен), Отман (биіктен от жағып, қарауыл 
қарайтын тау басы), «Маңсуалмас» (мол сулы құдық) деген жер атаулары 
дәлелдейді. Маңғыстаудың ең биік шоқысы Отпан тау болып есептеледі. 
Жаугершілік заманда ел іргесіне жау тигенде адайлар Отпан тау басына 
от жағып белгі берген. Оны көрген батырлар келісімді жерге жиылып, 
бас біріктіріп, жауға соққы берген. Сондықтан Отпан тау ел бірлігінің 
символы болып келді. Зерттеуші Б.Көшімова пан/ман-үндіевропалық тау 
деген сөз, мағынасы «от тауы» дегенді білдіретінін айтады [4,186].
Х ғасырда өмір сүрген белгілі араб географы Әл-Истахри Сиях-
Кух Маңғыстау туралы: «Мен бұл аймақта Сиях-Кухтан басқа адам 
мекендейтін жерді білмеймін. Тек сол өңірде ғана түркілердің бір тайпасы 
тұрады, олар бұл жерге оғыздармен болған қақтығыстардан кейін қоныс 
аударып әдеттерін игеріп, тұрақтап қалды» деп жазған.
Ибн Наджиф Бекран: «Маңғышлақ – түркілердің бір тайпасы, олар 
осы жерге оғыздармен болған татуластық салдарынан қоныс аударып 
бескүн шығанағына жаяу жерге Сиях-Кухтан қоныс тапты. Оларды 
маңғышлақтың адамдары деп атайды, олардың өз билеушісі бар, оны хан 
деп атайды» деп жазыпты. 
Араб-мұсылман дәуірінің авторларына тән олқылық – олардың бір 
аймақ туралы уақыт өзгеруіне қарамастан бірінікін бірін пайдалана беру 
үрдісі болғанымен, Бекран Әл-Истахрид көшіре отырып, оған толықтыру 
енгізген. Бұл толықтыру – Маңғыстау түбегін және оған жапсарлас 
аймақтарды оғыздарға дейінгі мекендеген белгісіз тайпаның маңғышлақ 
деп аталуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет