62
«МАН» ТҮБІРІ: «МАҢҒЫСТАУ» СӨЗІНІҢ
ШЫҒУЫ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР
Қортабаева Г.Қ.
Филол.ғ.к. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы, Қазақстан
Әлем халықтары тілдерінде жалқы есімдер әлемі – ең әдемі, ең
қызықты, сырға толы жұмбақ әлем, ғажайып әлем.
Грамматикалық
тұрғыдан жалқы есімдерге – қоршаған орта, табиғат, қоғамдағы заттар
мен құбылыстарға берілген ат немесе атау деген дефиниция берілген
[1, 3].
Тарих көкжиегіне көз жіберсек, ономастика ғұламалар назарын ерте
аударған. Орта ғасырда, түркі тілдес халықтардың әдебиет пен мәдениет,
білім мен ғылымының шарықтау шағында әл-Фараби (Х ғ.), Әл-Бируни
(Х-ХІ ғғ.), Дулати (Х ғ.), Бабыр (ХІ), кейінірек ғалымдар В.В.Радлов,
Н.Потанин, Ш.Уәлиханов, А.Е.Алекторов, А.Н.Самойлович, В.В.
Бартольд, Н.В.Катанов, А.Левшин С.М. Тянь-Шанский, еңбектерінен
құнды деректер табуға болады.
Түркі
халықтарының, өркениеті, бүгінгі ұстанып отырған салт-
дәстүрі, әдет-ғұрпы, бай есімдер тарихы –
ұрпақтан ұрпаққа беріліп
келе жатқан мұра, алтын қазына. Батыста – Қаратеңіз, Азау, Теріскей
Қап, төменгі Еділ, Түскей Орал, Каспий маңы алқаптарында, шығыста
– Тұран, Алтай, Саян, Байқал, Қиыр
Шығыс өңірлерінде халық
даналығындағы аңыз бен ақиқаттай боп жеткен мифтік бейнелер, тарихи
тұлғалар, ел аузындағы есімдерде біртұтас халық тарихы, психологиясы,
географиясы, этнографиясы, мәдениеті жатыр.
Қортабаева Г.Қ
63
Түркітілдес халықтардың өнерін, мәдениетін біртұтас кешенді түрде
зерттеу – қазіргі жаһандану үрдісінде өзекті мәселе. Осы бір байырғы
ортақ мәдениетті тану мен сақтап қалу түркі ұрпақтарының әлемдік
өркениеттегі алар орнын айқындауда ерекше маңызды. Халықтардың
тарихи туыстастығы оның тарихы мен тілінде ғана емес, ономастикалық
жүйесінде сақталған.
Қазіргі түркітанудың жетістіктері мен жаңа бағыттары әрбір түркі
халықтарының өзіндік рухани тәжірибесіне сәйкес маңызды міндеттер
мен қызмет атқаратын тарихи-тілдік деректерді зерттеуге жаңа талаптар
қойып отыр.
Тарихи дереккөздердегі, эпостық
жырлар мен фольклордағы,
фразеологиялық, паремиологиялық жүйедегі тілдік-ономастикалық
деректердің ұлт санасындағы ізін анықтау мәселесі – қазіргі тіл
біліміндегі антропоцентристік бағыттағы зерттеулердің негізгі арқауы.
Белгілі бір аймақтың топонимиконын тарих қалыптастырады, сөйтіп,
дәуір топонимдері сақталады. Тілдік таңбаның ерекше түрі болып
табылатын ономастикалық бірліктерде
ұлтымыздың мәдени кодтары
жатыр.
Жалқы есімдердің семантикасында ұлттық құндылықтары сақталған,
нақтырық айтқанда, басқа заттарға ұқсатып, салыстыра атайтын бейнелік
топонимдер бар, оларды ғалымдар В.Г.Костамаров пен Е.М.Веращагин
«тарихи-әлеуметтік тұрғыдан коннотациялы» дей келе, Хиросима –
жай ғана жапон қаласы емес, ядролық жарылыс құрбаны, Киев – орыс
қалаларының анасы, яғни символдық мәнге ие екендігін айтады [2,59].
Мақаланы жазу барысында салыстырмалы-салғастырмалы әдістер,
ономастикалық деректер, этимологиялық принциптер басшылыққа
алынды.
«Маңғыстау» сөзіне тарихи-тілдік
этимологиялық талдау жасау
үшін, алдымен түркітанушы ғалымдардың алдыңғы буын өкілдерінің
ескерткіштердегі лексикалық бірліктерді талдау мәселесі туралы
көзқарастарымен танысып, олардың тұжырымдарының негізінде өзіміз
зерттеген еңбектегі лексикалық бірліктерге талдау жасағанды жөн деп
ұйғардық.