Қaзaқ тiлiнiң Өзектi мәселелерi qazaq tiliniñ Özekti mäseleleri



Pdf көрінісі
бет31/80
Дата08.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#113451
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   80
Байланысты:
99 Mz0Oqmn

ҚАЗАҚ ФОНЕТИКАСЫНДАҒЫ СИНГАРМОНИЗМ
ҚҰБЫЛЫСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖАЙЫНДА
80
құрамындағы барлық дыбыстарды (дауысты, дауыссыз, жарты дауысты) 
қамтиды; сөзді акустикалық және мағыналық жағынан тура қабылдаудың 
кепілі... Сингармонизмнің тағы бір коммуникативтік қызметі сөздің 
құрамындағы дыбыстарды біріктіру. Сөз, сөздің құрамындағы 
буындардың барлығы бір сингармониялық тембрмен сипатталады» 
Сөйтіп сингармонизм қазақ тіліндегі күрделі құбылыс ретінде сөздің 
просодикалық белгісі екен, ол сөздің құрамындағы дыбыстардың бәрін 
қамтиды, соның нәтижесінде дыбыстардың басы бірігіп, бүтін бір сөзге 
айналады. Ендеше қазақ сөзі тек сингармонизм арқылы ғана дұрыс 
айтылады, сингармонизм арқылы ғана дұрыс танылады.
Қазақ тіл біліміндегі сингармонизмнің табиғатына деген көзқарас, 
негізінен, жалпы түркі тіл біліміндегі пікірлермен ұштасып жатады. Көп 
жағдайда оның тілдегі қызметі сөз болмай, фонетикалық сипатына ғана 
көңіл бөлінеді. 
Соңғы кездегі ғылыми еңбектердің басты тұжырымдарын проф. 
С.Мырзабековтың еңбектерінен табамыз. Ғалым талдауларында оқулықтар 
мен оқу-құралдарында қабылданып жүрген үндестік (сингармонизм) 
заңының негізгі қағидалары жан-жақты талдап көрсетілген. Қазақ тіл 
біліміндегі үндестікке қатысты анықтамалар осы жерден табылып 
отырғандықтан және өзге пікірлер аздаған ғана айырмашылығы болғаны 
болмаса, осы мазмұндас болғандықтан бәріне бірдей тоқалып жатпаймыз. 
Мысалы, «Тіліміздегі сөздердің бірыңғай жуанне жіңішке, сондай-ақ 
бірыңғай еріндік не езулік буынды болып, араларында қатар келген 
дыбыстардың біріне-бірі акустика-артикуляциялық жақтан бейімделіп, 
үйлесіп тұруын дыбыстардың үндесуі немесе үндестік заңы дейміз. Бұл 
заң – дыбыстау мүшелерінің үнемді қимыл-қозғалысының нәтижесі. 
Буындар мен дыбыстардың өзара үндесуінің нәтижесі – үндестік 
(сингармонизм)» [11, 138-139 б.] дейді проф. С.Мырзабеков. Бұдан 
біздің түсінетініміз үндестік заңы ретінде қазақ тіліндегі буын үндестігі 
де, дыбыс үндестігі де бірге қарастырылады. Жуан буыннан кейін жуан 
буын, жіңішке буыннан кейін жіңішке буын келетінін буын үндестігіне 
жатқызса, қатаң дыбыстан кейін қатаң дыбыс, үнді дыбыстан кейін үнді 
дыбыс т.б. келетін тіркестерді дыбыс үндестігіне жатқызады. Сонымен 
қазақ тіліндегі буын мен буынның, дыбыс пен дыбыстың фонетикалық 
тіркесу заңдылықтарын түгелдей үндестік заңына саяды.


Кайдарова Гулайым Қаблақатқызы
81
Біз қазақ тілі біліміндегі үндестік заңының құрамында қарастырылып 
жүрген дыбыс үндестігіне де тоқталмаймыз. Біз үшін қазақ тіліндегі 
буын үндестігіне қатысты мәліметтер маңызды болып табылады.
Қазақ (түркі) сингармонизмінің зерттелу тарихында «Радлов дәуірінің» 
(ХІХ ғ.) орны бөлек. Өйткені сингармонизм жайлы мәліметтердің бастау 
көзі сол кезден басталады. Сол кездегі зерттеушілердің бәрі дерлік 
сингармонизмнің фонетикалық сипатын, яғни сөздердің бір келкі жуан 
немесе біркелкі жіңішке айтылатынын аңғарған, В.Радлов болса, оның 
фонологиялық қызметін де яғни сөзқұрауыштық рөлін көрсеткен.
Ол кезде қазақ тілінің негізгі зерттелім көзі ретінде оның естілім 
үлгілері пайдаланылды. Сондықтан да сөз қалай айтылса, солай хатқа 
түсіріліп отырды. Мұның өзі сөздің фонетикалық тұрпатын, әсіресе 
жуан-жіңішкелік үлгілерін, дәл пайымдауға мүмкіндік берді. Ал сөздің 
еріндік айтылымына келгенде зерттеушілер қалдырған мәліметтерде 
ала-ғұлалық байқалады. 
Екі-үш буынды түбір сөздердің еріндік үлгісі түгел сақталғанымен, 
қосымшаларға келгенде бірде белгіленіп, бірде белгіленбей қалған. 
Соған қарамай көп буынды сөздердің құрамындағы еріндік буындар 
аяғына дейін таңбаланған мысалдарды көптеп табуға болады.
Зерттеушілер өздері пайдаланған жазу үлгісін қазақ тіліндегі үндесім 
заңдылығына әрқашан икемдеп отыруға тырысқан. Соның нәтижесінде 
олар қалдырған жазу үлгісінен қазақ сөздерінің сол кездегі айтылым 
үлгісінің фонетикалық ерекшеліктерінен мол хабардар болуға болады.
Дегенмен, қазақ сөзінің, буынының, дыбыс тіркесінің, сондай-
ақ сөз құрамындағы дыбыстардың артикуляциясы жайлы ішінәра 
ғана мәліметтер кездестіреміз. Оның үстіне сол бар мәліметтердің 
өзі сингармонизм тұрғысынан сипатталмай, бірлі-жарым негізгі 
артикуляциялық белгілері ғана сөз болған.
Енді болса, қолымыздағы жазба мәліметтерге сүйене отырып, 
қазақ сөзінің артикуляциялық пішіндемесін жасап, соның негізінде 
сингармонизмнің сөз, буын, дыбыс тіркесі және дыбыс деңгейіндегі 
сипаттамасын беретін боламыз. Мұның өзі сол кездегі сингармонизм 
заңы теория жүзінде қалыптаса қоймаса да қазақ тілінің негізгі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет