Қaзaқ тiлiнiң Өзектi мәселелерi qazaq tiliniñ Özekti mäseleleri



Pdf көрінісі
бет29/80
Дата08.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#113451
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   80
Байланысты:
99 Mz0Oqmn

ҚАЗАҚ ФОНЕТИКАСЫНДАҒЫ СИНГАРМОНИЗМ
ҚҰБЫЛЫСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖАЙЫНДА
76
жөнөл, жөндө, жөндөндүр, жөтөл, сөйлө, сөйлөт, сөйлөс, бөгөт, бөрткөн, 
бөлө, бөлөк, бөтөн, бөшкө, бөжөктө, мөңрө т.б.;
-ауыз қуысының жартылай ықшамдалған қалпы, яғни тістен тілдің 
алдына дейін:
нәубәт, жәрійә, кәрі, тәрізді, дәрі, іңір, кіріс, кірлі, кірпік, жігіт, сіңір,
кіре, кедей, тершең, егін, кекір, кекіл, кекшіл, келін, кесім, негіз, жетінші, 
семіз, семірт т.б.
«Сөздіктің» құрамындағы лексикалық материалды талдай отырып, 
үндесімге қатысты көптеген бірегей сөздер таптық, алайда оның бәрін 
тізіп көрсету мүмкін болмай отыр. Оның үстіне «Сөздік» алпысыншы 
жылдардың басында қайта басылып шыққан, сондықтан ғылыми 
көпшілікке таныс. Біз тек қазақ сөзінің бірегей үндесім үлгілерін 
көрсететін сөздерден ғана мысалдар келтіріп отыруды жөн көрдік.
Сингармонизмнің тілдегі қызметі жайлы жалпы және түркі тіл 
білімінде әртүрлі пікірлер бар. Соған қарамай негізгі шешім «По мере 
роста внутренней консолидации слова как основной языковой единицы 
неизбежно увеличилась и потребность в средствах, которые могли 
бы противостоять центробежным силам, постоянно сопутствующим 
агглютинации. Этим централизующим и делимитативным средством и 
явилась гармония гласных» 

3, 124 б.

болып табылады.
Енді сингармонизмнің негізгі тілдік қызметіне қатысты пікірлерге 
шолу жасап көрейік. 
Түркі тілдерінің салыстырма грамматикасын 

4

жазған білікті 
мамандардың пікірінше «Сингармонизм – особый вид согласования 
звуков. Агглютинирующий тип тюркских языков определяет характер 
этого согласования. Известно, что словообразование и словоизменение в 
тюркских языках происходят путем присоединения аффиксов к корневой 
морфеме. Они наращиваются в определенной последовательности на 
основе структурно-семантических законов, действующих в конкретном 
языке. Очевидно, линейный характер наращения аффиксов обусловил 
и звуковой облик тюркского слова» 

4, 433 б.

болып табылады. 
Сингармонизмнің пайда болуын түркі тілдерінің жалғамалық сипатынан 
деген болжам бұрында айтылып жүрген. Бұл жердегі негізгі ой түбір мен 


Кайдарова Гулайым Қаблақатқызы
77
қосымшаның арасындағы үндестік байланыста болып отыр. Сондықтан 
да сөздің өзіне ғана тән әуез белгісі ескерілмей қалып отыр. Сөйтіп 
сөздің үндестік әуезі дербес сөздің емес, туынды сөз бөлшектерінің 
басын құрап тұратын лингвистикалық заңдылық ретінде танылады.
Жалпы түркологияда әбден қалыптасып қалған теория бойынша 
сингармонизмді «гармония гласных» деп қарастыру осы еңбекте де 
толық орын алған. Мысалы, монография авторлары «Сингармонизм 
– организующее средство тюркского слова, средство его 
цельнооформленности, установления границы слова в тюркском речевом 
потоке. Определящим элементом в сингармоническом комплексе
является гармония гласных, ибо слово состоит из слогов, а основную 
слогообразовательную функцию несут гласные, которые в сочетании с 
согласными образуют различные типы слогов в тюркских языках» 

4, 
438 б.

деп жазады. Бұл жерде сингармонизмнің сөздің басын біріктіріп 
тұратын заңдылық ретінде қарастыруын әбден құптауға болады. Алайда 
сингармонизмді дауысты дыбысқа апарып телуіне күманмен қарауға 
тура келеді. Өйткені сингармонизм сегменттік бірлік емес, просодикалық 
бірлік болып табылады. Сондықтан оның негізін дауысты дыбыс қалайды 
дей қою қиын.
Сингармонизмнің тілдік табиғатын ашуға тырысқан еңбектер мол. 
Солардың бірінен «...явление, которое часто называют гармонией 
гласных и относят только к фонетике под рубрикой ассимиляции гласных, 
на самом деле гораздо интереснее и структурно содержательнее, чем это 
кажется на первый взгляд» 

5, 191 б.

деген проф. Реформатскийдің 
пікірін табамыз. Сингармонизмді дауысты дыбыстардан бөліп алып, 
оған бағындырмай, өз алдына бірегей текті құбылыс екенін айтты. Бір 
қарағанда қарапайым көрінгенімен, құрылымдық тұрғыдан күрделі 
тілдік құбылыс екенін анық мегзейді. 
Ғалым өзінің ойын әрі қарай жалғастыра келіп, сингармонизмді 
фонетикалық құбылыс деп қарастыруға болмайтындығын, сондай-
ақ оны дыбыс түрленімі деп қарауға да болмайтынын баса ескертеді: 
«Сингармонизм же в таких языках, как тюркские, - не просто 
фонетическое явление и тем более не только разновидность ассимиляции, 
а фундаментальное структурно-типологическое явление, затрагивающее 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет