Қaзaқ тiлiнiң Өзектi мәселелерi qazaq tiliniñ Özekti mäseleleri



Pdf көрінісі
бет32/80
Дата08.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#113451
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   80
Байланысты:
99 Mz0Oqmn

ҚАЗАҚ ФОНЕТИКАСЫНДАҒЫ СИНГАРМОНИЗМ
ҚҰБЫЛЫСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖАЙЫНДА
82
заңдылықтарының бірі ретінде зерттеушілер назарына іліне бастағанын 
дәлелі болады. Қазақ сөзінің сол кездегі үндесім жазба үлгілері кейінгі 
дәуір зерттеушілеріне бағдар болғанын атап өту керек.
Жоғарыда қазақ тіліндегі жалаң үндесім деп сөздің бірыңғай әуезбен 
айтылуын атаған болатынбыз. Жалаң үндесімді сөздердің құрамындағы 
буынқұрауыш дауыстыларға қатысты буын әуезі түрленіп отырады. 
Сондықтан жуан дауысты дыбыс буан құрауыш болса, онда ол буынды 
жуан үндесім буын деп, жіңішке дауысты болса – жіңішке үндесім буын 
деп, ашық дауысты болса – ашық үндесім буын деп, қысаң дауысты болса 
– қысаң үндесім буын деп, ерін дауысты болса – ерін үндесім буын деп, 
езу дауысты болса – езу үндесім буын деп атауды ұсынамыз. Әрине бұл 
атауларды дәстүрлі буын түрлерімен (ашақ, тұйық, бітеу) шатастырмау 
керек. Дәстүрлі буын атауларының үндесімге тікелей қатысы жоқ.
Үндесім буындардың әуезі таза түрінде кездеспейді, олардың әуез 
түрлері күрделі болады.
Буын сингармонизмі жуан-жіңішке және езу-ерін әуездерінің 
араласымынан құралады. Сонда буын әуезінің түрлерінің құрамы 
түгенделеді:
-жуан езулік әуезді буын;
-жуан еріндік әуезді буын;
-жіңішке езулік әуезді буын;
-жіңішке еріндік әуезді буын.
Енді осы буын әуездеріне қосалқы әуездер үстеліп, буын әуезі одан 
әрі күрделене түседі:
-жуан ашық езулік әуезді буын;
-жіңішке ашық езулік әуезді буын;
-жуан қысаң езулік әуезді буын;
-жіңішке қысаң езулік әуезді буын;
-жуан қысаң еріндік әуезді буын;
-жіңішке қысаң еріндік әуезді буын. 


Кайдарова Гулайым Қаблақатқызы
83
Қазақ тіліндегі үндесім түрлерін сипаттаудың негізгі ұғымдары осы 
атаулардан туындайтын болады. 
Зерттеушілер түбір сөздердің құрамындағы үндесім көрінісіне көп 
көңіл бөлген және де түбір сөздердің үндесім белгілерін дәл анықтап 
отырған. Сондықтан да түбір сөздердің жазылымы үндесім жазылым 
болып шыққан. Өйткені олардың негізгі зерттеу әдісі зерттеушінің естілім 
қабілеті болған, сөз айтылымын қалай түйсінсе солай дәл қағазға түсіріп 
отырған. Әлі жазудың ықпалына ұшырамаған қазақ тілі ауызекі сөйлеу 
ортасында қалыптасқан күйі зерттеуші назарына іліккен. Зерттеушілер 
қалдырған тіл (сөз) мұрағаттарының біз үшін басты құндылығы осында 
болып табылады. Үнжазба мен үнтаспа жоқ кезден қалған бірден бір 
дерек көзі деп бағалаймыз.
Сөздердің жалаң үндесімін құрайтын үндесім буындардың әуезі 
біркелкі болып шығады. Олар не бірыңғай жуан езулік, не бірыңғай 
жіңішке езулік, не бірыңғай жуан еріндік, не бірыңғай жіңішке еріндік 
әуез болу керек.
Жалаң үндесімді сөздердің ең ақиқат кездесетін түрі бір буынды 
сөздер болып табылады. Бір буынды сөздердің құрамындағы 
дыбыстардың үндесімі бірыңғай таза әуез болып шығады. Ал екі және 
көп буынды сөздердің әуезіне ашық-қысаң қосалқы белгілері үстеледі де 
олардың әуез түрі күрделеніп кетеді.
Үндесім (сингармонизм) құбылысын тек дауысты дыбыстардың 
үлесіне беріп қою фонологиялық тұрғыдан дұрыс болып шықпайды. 
Егер үндесім құбылысын қазақ тіліндегі бүтін сөздің құрауыш бірлігі 
деп қарайтын болсақ, онда үндесім заңы қазақ тіліндегі сөздердің бәріне 
бірдей тән болу керек. Олай болатын болса, үндесім заңдылығы бір 
буынды сөздерге де, көп буынды сөздерге де тән болып шығады. Ендеше 
сингармонизм тұрғысынан бір буынды сөздер мен көп буынды сөздердің 
фонтика-фонлогиялық мәртебесі бірдей болып шығады.
Үндесім құбылысын буын (сөз) құрамындағы дыбыстардың бәріне 
тән заңдылық деп қарайтын болсақ, онда үндесім талдау бір буынды 
сөздерден басталу керек. Ол үшін біздің арнайы теориялық ұстанымымыз 
бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет