Қaзaқ тiлiнiң Өзектi мәселелерi qazaq tiliniñ Özekti mäseleleri



Pdf көрінісі
бет34/80
Дата08.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#113451
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   80
Кайдарова Гулайым Қаблақатқызы
87
Дыбыс
Жуан дыбыс 
Жіңішке дыбыс 
Жуан езу[лік] дыбыс
Жіңішке езу[лік] дыбыс 
Жуан ерін дыбыс 
Жіңішке ерін[дік] дыбыс
Жуан езу[лік] дыбыс 
Жіішке езу[лік] дыбыс 
Жуан ерін[дік] дыбыс 
Жіңішке ерін[дік] дыбыс 
Дауысты
Жіңішке езу[лік] дауысты 
Жуан езу[лік] дауысты 
Жіңішке ерін[дік] дауысты 
Жуан ерін[дік] дауысты 
Дауыссыз 
Жіңішке ерін[дік] дауыссыз 
Жуан ерін[дік] дауыссыз 
Жіңішке езу[лік] дауыссыз
Жуан езу[лік] дауыссыз 
Жуан ерін[дік] дауыссыз 
Жіңішке ерін[дік] дауыссыз
Ілгерінді дауыссыз 
Кейінді дауыссыз 


ҚАЗАҚ ФОНЕТИКАСЫНДАҒЫ СИНГАРМОНИЗМ
ҚҰБЫЛЫСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖАЙЫНДА
88
Үндестік заңының қазақ тіліндегі көрінісі сөздегі дыбыстардың негізгі 
артикуляциясына қарай жіктеледі. Үндестіктің қазақ тіліндегі ең басты 
варианты тілдің ауыз қуысындағы көлденең қалпынан туындайды. Ол 
туралы: «Дыбыстардың бір сөз көлемінде бірыңғай жуан болып келуін, 
немесе бірыңғай жіңішке болып келуін тіл үндестігі дейді» [12, 143 б.]. Ал 
оның екінші варианты еріннің қалпына байланысты: «Дауыстылардың 
бір сөз көлемінде еріннің қызметі жағынан ыңғайласып, үйлесіп келуін 
ерін үндестігі дейді. Бұл заң бойынша сөздің бірінші буынында еріндік 
дауысты болса, қалған буындарында да еріндіктер тұруға тиіс» [12, 150 
б.].
Қазақ сөздерінің үндесім үлгілерін талдағанда зерттеушілердің 
ұстанатын негізгі артикуляциялық ережесі осы тектес болып шығады. 
Қазақ тіліндегі үндестіктің екі варианты бірдей бағаланып жүрген 
жоқ. Сөздің жуан-жіңішке варианттары толық қабылданғанымен, сөздің 
еріндік-езулік варианттары жартылай ғана ескеріліп келеді. Тіптен 
зерттеушілер арасында жазудың ықпалымен жойылып бара жатқан ерін 
үндестігіне қатысты «Қазіргі қазақ емлесі еріндік дауыстыларды тек бас 
(бірінші) буында ғана жазып, айтуымыз да сонымен шектеліп жүр. Тіпті 
қазақ тілінде ерін үндестігі жоқ деудің алдында тұрмыз» [12, 8 б.] деген 
алаңдаушылық та жоқ емес.
Қазіргі қазақ тіл білімінде, оқулықтар мен оқу-құралдарында 
үндестік заңын тек дауыстылармен байланыстыру басым, тіптен үндестік 
заңына қатысты дауыссыздар ескерілмей қалып жатады. Оны жоғарыда 
келтірілген сілтемелерден де байқауға болады, үндестік табиғаты сөз 
болғанда тек дауысталарға мән беріледі.
Бертін келе сингармонизм құбылысына деген көзқарас едәуір өзгерді. 
Ең бастысы сингармонизм сөздің бүкіл өнбойына тән просодикалық 
бірлік деп қаралды. Ондай жағдайда сөз құрамындағы буындар немесе 
түбір мен қосымшалар алдыңғы сегментке қарап үндесіп отырады деген 
анықтама жоққа шығарылады. Сондықтан сөз құрамындағы буын 
реті (буын мен буын) мен түбір-қосымша тіркестерінің өзара үндесу 
заңдылықтары синтагматикалық (тіркестік) құбылыс деп қаралмайды.
Сонан соң іргелес дыбыстардың өзара үндесуі (қатаңнан кейін қатаң, 
ұяңнан кейін ұяң, үндіден кейін үнді) сингармонизм құбылысының 


Кайдарова Гулайым Қаблақатқызы
89
құрамынан алынып тасталды. 
Соның нәтижесінде қазақ тіліндегі үндесу құбылысы екіге бөлінді: 
сөздің өнбойына тән үндесу сингармонизмге жатқызылды да сөздің 
әуез тұрқына қарай үндесім деп аталды; ал іргелес дыбыстардың өзара 
үндесуі сингармонизмнен шығарылды да дыбыстың әуез тұрқына 
қарай үйлесім деп аталды. Үндесім құбылысы сөзге тән просодикалық 
бірлік яғни жоғары сөздік деңгейге тән болса, үйлесім құбылысы 
дыбысқа тән ассимилятив бірлік яғни төмен дыбыстық деңгейге тән 
деп қарастырылады. Тілдегі екі деңгейге (просодика және сегмент) 
тән құбылыстарды бір ұғымға сыйғызуға болмайды деген көзқарас 
қалыптасты.
Осы бағыттағы талдаудың өзіне тән ұғымдары мен оларға тән 
атаулары қалыптаса бастады: сөз құрамындағы дыбыстардың сөздегі 
орнына қарамай өзара әуез икемделімі үндесім деп аталады; іргелес 
дыбыстардың сөздегі орнына қарай өзара артикуляциялық икемделімі 
үйлесім деп аталады.
Қазақ тіліндегі сингармонизмге қатысты А.Байтұрсынұлы пікіріне 
арнайы тоқталған жөн: «Қазақта сөз екі түрлі: бір түрі – жуан, екінші 
түрі – жіңішке. Жуан сөздің ішіндегі дыбыстарының бәрі жуан 
болады, жіңішке сөздің ішіндегі дыбыстарының бәрі де жіңішке 
болады» [13, 390 б.]. Сингармонизм құбылысы жуан-жіңішкелік деп 
қана жіктелгенімен, ғалым берген анықтаманың біз үшін аса мәнді 
жері «сөз ішіндегі дыбыстардың бәрі…» деген тұсы болып табылады. 
Өйткені А.Байтұрсынұлы сингармонизм құбылысын тек дауыстылармен 
байланыстырып отырған жоқ, дауыссыздарды да қамтып отыр. Қазақ 
тіліндегі үндестік құбылысы үшін дауыссыздардың да жуан-жіңішке 
болғаны керек.
А.Байтұрсынұлының 
пікіріне 
жақын 
анықтаманы 
Х.Досмұхамедұлының белгілі еңбегінен табамыз. Ғалым пікірінше 
«Бір сөздің ішіндегі дыбыстардың бәрінің бірдей дауыспен (не жуан, 
не жіңішке) ұйқасып айтылуын білім тілінде «сингармонизм» дейді. 
Сингармонизм деген сөз қазақша айтқанда, үндестік, ұйқастық деген 
мағынада… Қазақ тілінде сингармонизм заңына көнбейтін сөз, сөз 
өзгерісі жоқ» [14, 143-144 б.]. Мұнда да «сөздің ішіндегі дыбыстардың 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет