ТАНЫМДЫҚ ТІЛ БІЛІМІ МЕН НЕЙРОЛИНГВИСТИКАНЫҢ
ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ
152
әртүрлі дефектологиялық зерттеулер мен педагогикалық тәжірибелерде
қолданылды. Мұндай жұмыстардың негізгі идеясы - жоғары психикалық
функцияларды дамыту арқылы тілдік ақаулармен күресу және оларды
барынша қалныпа келтіру.
Адам санасы құрылымы жоқ бірліктер емес, керісінше, ол
өздерінің функциялық қасиеттеріне қарай өзіндік ерекшеліктері бар
компоненттерден тұрады. Танымға деген модульдік көзғарасты белгілі
бір сала туралы когнитивті білімі жетіспегенмен,
басқа бір салада
ерекше бір біліктілік көрсеткен әдеттен тыс дарын иелеріне жасалған
тақырыптық зерттеулер дәлелдей түсуде. Төменде әңгіме болатын жеке
тұлғалар лингвистикалық қабілет пен лингвистикалық емес когнитивті
қабілеттің арасында айырмашылық бар екенін көрсетіп отыр. Кейбір
кезде олардың лингвистикалық білімдері басқа саладан асып түссе, кей
кезде қалып қойып жатады.
Табиғи және жасанды тілдерді қабылдауға қатысатын анатомиялық
құрылымдар тұтастай сәйкес келетіні көрсетілген. Алайда, бұл
процестердің уақытша динамикасы және реакциялардың амплитудасы
айтарлықтай ерекшеленеді. Сонымен қатар,
айырмашылықтар
адамның жасанды тілді қаншалықты меңгергеніне де, адамның қай
тілде сөйлейтініне де байланысты. Мысалы, таңбаларды ертерек
тану жасанды тілге қарағанда табиғи тілге күшті реакция береді, егер
бұл тіл фонемалық топқа жатса. Керісінше, егер адамның ана тілі
логографиялық тіл болса, онда жасанды және табиғи тілдерді салыстыру
кезінде жасанды тілді тануға жауап ретінде күшті реакция болады. Әр
түрлі адамдардың математикалық қабілеттеріндегі айырмашылықтар
ана тілінде және шет тілдерінде сөйлеуді тану механизмдерімен
байланысты деп болжауға болады. Қазіргі уақытта біз бұл гипотезаны
бірқатар тәжірибелік зерттеулер арқылы тексереміз. Екі тәсілді –
структуралистік және формалистік көзқарастарды салыстыра отырып,
структурализм сөйлеудің коммуникативті функциясын сипаттауға баса
назар аударғанын атап өтуге болады, яғни.сөйлеуді адамның қарым-
қатынасына қолдануда талдады [1;20].
Екінші жағынан, формализм
сөйлеудің танымдық функциясына, яғни оны шындықты сипаттау және
шешім қабылдау үшін қолдануға көбірек көңіл бөлді. Структурализм
тілді “ол қалай” және формализмді “ол қалай болуы керек”түсінуге