«Дауысты дыбыс» бойынша тест сұрақтарының жауаптары: 1 – D (а, ә, е – дауысты дыбыстар. Дауысты дыбыстар өкпеден шыққан ауаның кедергісіз шығуынан жасалады.)
2 – A (Буын дауысты дыбысқа негізделеді. Себебі, сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.)
3 – D (Екпін сөздегі дауысты дыбысқа түседі.)
4 – A (Әліпбидегі 12-ші дыбыс – и дыбысы. И–езулік дауысты дыбыс.)
5 – E (Ұ – жуан әрі еріндік дауысты дыбыс.)
6 – A (Ашық дауыстының саны алты: а, ә, о, ө, е, э.)
7 – A («Бұрылу» сөзіндегі ұ, ы, у дыбыстары–қысаң дауысты дыбыстар.)
8 – E
9 – E (Ә дыбысы жақтың кең ашылуы арқылы жасалады. Өйткені ол – ашық дауысты дыбыс. Ал ашық дауысты дыбыс жақтың кең ашылуы арқылы жасалады.)
10 – A (Жуан дауыстылар тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестену арқылы жасалады.)
«Дауысты дыбыстардың емлесі» тақырыбы бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ Буын талғайтын дыбысты табыңыз.
A) у B) е C) а D) ә E) ы
Қай сөзде «ы» дыбысы түсіп қалған?
A) жина B) айна C) арна
D) сұра E) шайна
Қай сөзде қате бар?
A) жүзігі B) қорқу C) қина
D) халқы E) орыны
«Ы» дыбысы қай сөзде қате жазылған?
A) шоқу B) жымыю C) шошу
D) сыйымдылық E) қиылыс
Қай сөзде «і» дыбысы жазылмайды?
A) ілезде B) ілес C) ілми
D) іле-шала E) ілгері
Қай сөзге «-а» жұрнағы жалғанбайды?
A) орын B) ойын C) жиын
D) қиын E) тиын
Кірме сөздерде ғана 2-ші және 3-ші буындарда кездесетін дыбыс қайсы?
A) ю B) ы C) ұ D) я E) й
Қай сөзде «у» жуан дауысты дыбыс болып тұр?
A) қуыс B) тауық C) уақ-түйек
D) ауа E) төлеу
Қай сөзде дыбыс пен әріпте айырмашылық бар?
A) қоюлау B) шытырман C) айтыскер
D) қауырсын E) кісен
Қай сөзде «а» дыбысы қате жазылған?