Қазақ тілінің шығу тарихы туралы түркі тілдері тіл туыстығына



бет20/80
Дата27.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#128961
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   80
Есептік сан есім нақты санды білдіреді.


    • Сұрағы: қанша? неше?
    • Түбір сан есімнің өзінен болады. Мысалы, бес, он екі, жиырма үш т.б.




  • Реттік сан есім заттың реттік қатарын білдіреді.


      • Сұрағы: нешінші?
      • Сан есімге -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы, бірінші, бесінші, алтыншы, жетінші, екі жүз он үшінші т.б.





    • Жинақтық сан есім жинақталған санды білдіреді.


        • Сұрағы: нешеу?
        • Бірден жетіге дейінгі есептік сан есімге -ау, -еу жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы, Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу.




    • Топтау сан есім заттың санын топтап көрсетеді.


        • Сұрағы: нешеден?
        • Сан есімге шығыс септігі жалғауы жалғану арқылы жасалады. Мысалы, үштен, екеуден, он-оннан, үшеу-үшеуден т.б.




    • Болжалдық сан есім заттың санын болжап көрсетеді.


        • Сұрағы: қанша? неше? қай шамалы?
        • Жасалу жолдары:


      • Сан есімге -даған, -деген, -таған, -теген -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы, жүздеген, қырықтай т.б.


      • Сан есімге көптік жалғауы мен септік жалғауы қатар жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, отыздарда, елулерге т.б.


      • Сан есім мен шақты, жуық, тарта, таман т.б. септеулік шылаулардың тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы, он шақты, жүзге жуық т.б.


      • Екі түрлі санның қосарлануы арқылы жасалады. Мысалы, екі-үш, он-он бес т.б.






    • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   80




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет