Оның жақсы көретін саны-жеті. Сен үйдің бесіншісісің. Оның жасы алтыларда.
Есімдік – зат есім, сын есім және сан есімнің орнына қолданылатын сөз табы. (Орынбасар сөз табы деп те аталады.)
Есімдіктің мағынасына қарай төмендегідей 7 түрі бар:
ереже
мысал
Жіктеу
Белгілі бір жақ түрінде қолданылатын есімдіктің түрі
мен, сен, сіз, ол, біз, сендер, сіздер, олар.
Сілтеу
Нұсқау және көрсету мағыналарын білдіреді
сол, мынау, аналар, міне т.б
Сұрау
Жауап алу мақсатында қойылған сұрақтар. (Қазақ тіліндегі барлық сұраулы сөздер жатады.)
кім? не? неше? қайда? неге? т.б.
Өздік
Өздік есімдігіне әр түрлі тұлғадағы өз деген бір ғана сөз жатады.
Ескерту:Еш, кей, әлде, әр, қайсы, бір есімдіктері зат есіммен және сын есіммен тіркесіп келгенде, бөлек жазылады. Мысалы: еш уақытым жоқ, кей кезде, әр адам, әр түрлі т.б.
ЕТІСТІК Етістік заттың іс-әрекетін, қимылын білдіреді.
Сұрақтары: не істеді? не қылды? қайтті?
Тұлғасына қарай:
Негізгі етістік
Туынды етістік
Заттың қимылын білдіретін төл етістік. Сөздің түбірі етістік болады. Мысалы:
кел, кет, жүр, жаз, көрген, айтпады т.б.
Түбір етістікке және басқа сөз таптарына жұрнақ жалғану арқылы жасалған етістік.
Мысалы: ой-ла, есеп-те, сан-а, күл-імсіре, жу-ын, көг-ер т.б.
Құрамына қарай:
Дара етістік
Күрделі етістік
Бір ғана түбірден (негізгі / туынды) тұрады. Мысалы:
баста, кес, тасы, тара, аяқта, байы
Кемінде екі етістіктің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: алып кел, шөлдеп кеттім, жазып отыр, уәде берді, т.б.
Күрделі етістіктің бірінші етістігі негізгі етістік деп аталады, ал екінші етістігі көмекші етістік болады. Мысалы, бара жатыр / бара (негізгі етістік) жатыр (көмекші етістік).
Күрделі етістіктің негізгі сыңары есім сөзден болса, ол етістік құранды етістік деп аталады. Мысалы, жәрдем ет, үлгі қыл, дем ал, жақсы көр, қабыл ал, бас и, естен тан, еңбек сіңір т.б.
Сөйлемде бір етістік бірде негізгі етістік болып, бірде көмекші етістік болып ауысып келе берді. Мысалы: Ол орындықта отыр екен. Ол орындықта кітап оқып отыр. деген екі сөйлемдегі «отыр» етістігі бірінші сөйлемде негізгі етістік қызметінде болса, екінші сөйлемде көмекші етістік қызметінде жұмсалып тұр.
Ескерту: отыр, тұр, жатыр, жүр қалып етістіктері жалаң нақ осы шақ жасағанда, негізгі етістік болады. Мысалы: Мен тұрмын. Сен жүрсің т.б. Ал күрделі нақ осы шақ жасағанда, көмекші етістік болады. Мысалы: Мен айтып тұрмын., Сен ойнап жүрсің. т.б.)
ЕСІМШЕ