Қазақ тілінің шығу тарихы туралы түркі тілдері тіл туыстығына



бет23/80
Дата27.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#128961
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   80
Есімшебірде есім сөздің, бірде етістіктің қызметін атқаратын етістіктің түрі.
  • Есімше есімдерше түрленіп (септеліп, тәуелденіп, көптеліп) есім қызметін атқарады.


  • Есімше жіктеліп етістік қызметін атқарады.




  • Есімшенің жұрнақтары:

    1

    -ған, -ген, -қан, -кен

    ал-ған, кел-ген


    2

    -ар, -ер, -р
    болымсыз етістік + с жұрнағы

    бар-ар, жүр-ер;


    оқыма-с

    3

    -атын, -етін, -йтын, - йтін

    жаз-атын,өр-етін


    4

    мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек

    бар-мақ

  • Есімшенің есімдерше тәуелденіп есім сөздің қызметін атқаруы

    Жекеше

    І

    айтқан-ым


    айтар-ым


    айтатын-ым


    ІІ

    айтқан-ың
    айтқан-ыңыз

    айтар-ың


    айтар-ыңыз

    айтатын-ың


    айтатын-ыңыз

    ІІІ

    айтқан-ы

    айтар-ы

    айтатын-ы

    Көпше

    І

    айтқан-ымыз


    айтар-ымыз


    айтатын-ымыз


    ІІ

    айтқандарың
    айтқандарыңыз

    айтар-ларың


    айтарларыңыз

    айтатындарың


    айтатындарыңыз

    ІІІ

    айтқан-дары

    айтар-лары


    айтатын-дары


  • Есімшенің есімдерше септеліп есім сөздің қызметін атқаруы


    Атау

    айтқан

    айтар

    айтатын

    Ілік

    айтқан-ның

    айтар-дың


    айтатын-ның


    Барыс

    айтқан-ға

    айтар-ға


    айтатын-ға


    Табыс

    айтқан-ды

    айтар-ды


    айтатын-ды


    Жатыс

    айтқан-да

    айтар-да


    айтатын-да


    Шығыс

    айтқан-нан

    айтар-дан


    айтатын-нан


    Көмектес


    айтқан-мен


    септелмейді


    айтатын-мен



  • Есімшенің жіктеліп етістіктің қызметін атқаруы


    Жекеше

    І

    алғанмын


    алармын

    алатынмын

    алмақпын


    ІІ

    алғансың
    алғансыз

    аларсың
    аларсыз


    алатынсың


    алатынсыз

    алмақсың


    алмақсыз

    ІІІ

    алған

    алар

    алатын

    алмақ


Көпше

І

алғанбыз


алармыз

Алатынбыз

алмақпыз


ІІ

алғансыңдар
алғансыздар

аларсыңдар


аларсыздар

алатынсыңдар


алатынсыздар

алмақсыңдар


алмақсыздар

ІІІ

алған

алар

Алатын

алмақ



Есімшенің сөйлемдегі қызметі







Ереже


Мысалдар


Анық-тауыш

Есімше зат есіммен тіркесіп немесе ілік септігінде тұрып анықтауыш болады.




Болатын бала бесігінде бұлқынар. Адасқанның айыбы жоқ. Айтар сөзіңді айтып қал.


Баста-уыш

Есімше сөйлемде атау септігінде тұрып бастауыш болады.




Оқыған білімді болады. Көрмес - түйені де көрмес. Бітіргендер сыртқа шықты.


Толық-тауыш

Есімше атау мен ілік септіктерінен басқа септіктер тұлғасында заттанып қолданылса, толықтауыш болады.


Сөзді тыңдайтынға айт. Естігенді ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар. Оны атарға оқ таппады.




Пысықтауыш

Есімше барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде келіп немесе көмекші


есіммен, септеулік шылаулармен
тіркесіп пысықтауыш болады.

Оны көрген сайын баласы есіне түседі. Мен оны көргенде таң қалдым. Мен үйге барғанға дейін кітап оқыдым




Баян-дауыш

Есімше жіктеліп келіп сөйлемде баяндауыш болады.


Адал кісі арымас. Сыпайы сырын сақтар. Мен қалаға ертең барармын. Мен қалаға кеше барғанмын.




КӨСЕМШЕ
Көсемше – бірде пысықтауыштың, бірде баяндауыштың қызметін атқаратын етістіктің түрі.
  • Іс-әрекеттің жай-күйін білдіріп, пысықтауыштың қызметін атқарады.


  • Жіктеліп немесе көмекші етістікпен тіркесіп, қимылды білдіріп, баяндауыштың қызметін атқарады.


  • Көсемшенің жұрнақтары:


    1



    -а, -е, -й

    бар-а-ды, кел-е-ді


    2



    -ып, -іп, -п

    шығ-ып,ез-іп


    3



    -ғалы, -гелі, -қалы, -келі

    ал-ғалы, бер-гелі, бас-қалы




  • Көсемшенің жіктелуі


    Жекеше түрі


    Көпше түрі


    І

    бара-мын

    келе-мін


    бара-мыз


    келе-мін


    ІІ

    бара-сың
    бара-сыз

    келе-сің


    келе-сіз

    бара-сыңдар


    бара-сыздар

    келе-сіңдер


    келе-сіздер

    ІІІ

    бара-ды

    келе-ді

    бара-ды

    келе-ді



Ескерту: көсемшенің -ғалы, -гелі, -қалы, -келі жұрнағы жіктелмейді.
Көсемшенің сөйлемдегі қызметі


Пысықтауыш


Баяндауыш

Көсемше іс-әрекеттің түрлі күйін білдіріп, пысықтауыш болады.


Көсемше күрделі етістіктің құрамында келіп, баяндауыш болады.


Мен сөйлескелі (не үшін?) келдім. Ол жымиып (қалай?) күлді. Көре-көре көсем боласың, сөйлей-сөйлей шешен боласың.


Алып та халықтан үйренеді. Ол үйіне барып келді. Ол өз ойын айта салды. Түнде жаңбыр жауыпты.






ҚОСЫМША:
  • Есімше мен көсемшенің жұрнақтары арқылы етістіктің шақ категориясы жасалады. Мысалы,




    • -ған, -ген, -қан, -кен: бұрынғы өткен шақ есімшесі


    • -ар, -ер, -р: болжалды келер шақ есімшесі


    • -атын, -етін, -йтын, -йтін: ауыспалы өткен шақ есімшесі


    • -мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек: мақсатты келер шақ есімшесі


    • -ып, -іп, -п: бұрынғы өткен шақ көсемшесі


    • -а, -е, -й: ауыспалы осы (келер) шақ көсемшесі
  • -мақ, -мек ... формасы арқылы жасалған есімшелерден зат есімге айналып кеткен сөздер аса көп. (құймақ, піспек, ілмек, шақпақ, соқпақ т.б.)




ЕТІС
Етіс іс-қимылдың орындалуында орындаушының қатысы қандай екенін білдіреді. Оның 4 түрі бар:


түрі


ереже


жұрнақ


мысал


Өздік етіс

Іс-қимылды адам


өзі істейді.

-ын, -ін, -н


жу-ын-ды,


ки-ін-ді,
тара-н-ды,
Ол тез киінді.


Өзгелік етіс

Адам іс-қимылды өзге біреуге орындатқызады.


1. -дыр, -дір, -тыр,


-тір, -ыр, -ір:
2. -ғыз, -гіз,
-қыз, -кіз:
3. -т:
4. -сет

1)жаз-дыр,ас-ыр


2)айт-қыз, бар-ғыз
3)жаса-т,оқы-т
ал-дыр, айт-қыз,
4) көр-сет.


Ырықсыз етіс

Іс-қимылдың


орындаушысы айтылмай, іс-әрекет өздігінен жасалғандай көрінеді.

1. -ыл, -іл, -л:

2. -ын, -ін, -н (етістіктің түбірінде "л" әрпі болса):


1)аудар-ыл-ды


2) ал-ын-ды
шөп шаб-ыл-ды, киім іл-ін-ді, өлең айт-ыл-ды.


Ортақ етіс

Адам іс-қимылды


біреумен бірлесіп, ортақтасып істейді.

-ыс, - іс, -с


жаз-ыс-ты,


бөл-іс-ті.
оқы-с-ты.
жер қазыс-ты, телефон арқылы сөйле-с-ті.


Қосымша:


  • -лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес жұрнағы арқылы жасалған туынды етістіктер де ортақ етіс мағынасын береді. (ақылдас, қоштас, тілдес, пікірлес, сырлас т.б.)


  • -лын, -лін, -ныл, -ніл жұрнақтары ырықсыз етіс мағынасын береді. (алма же-лін-ді, жоқ ізде-лін-ді, ат байла-ныл-ды т.б.)


  • -лан, -лен, -дан, -ден, -тан, -тен жұрнағымен жасалған туынды етістіктер де өздік етіс мағынасында жұмсала береді. (әуре-лен, қату-лан, шат-тан, қаһар-лан, мейір-лен, әл-ден т.б.) Сондай-ақ -ырқан, -іркен, -сын, -сін жұрнақтары арқылы жасалған туынды етістіктер де өздік етіс мәнін береді. (шім-іркен, тұш-ырқан, аз-сын, көп-сін, жер-сін, бәл-сін т.б.)


ЕТІСТІКТІҢ ШАҚТАРЫ
Іс-қимылдың уақытын білдіретін етістіктің тұлғасы. Етістіктің 3 шақ тұлғасы бар: осы шақ, өткен шақ, келер шақ.
1. Осы шақОсы шақ сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекетті білдіреді. Оның 2 түрі бар:


1. Нақ осы шақ


2 . Ауыспалы
осы шақ

Дәл сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекетті білдіреді. Оның 2 түрі бар:


Күнделікті болып жатқан іс-қимыл-ды білдіреді.


1. Жалаң нақ осы шақ:


"жатыр, отыр, жүр, тұр" қалып етістік-терінің жіктелуі арқылы жасалады.

2. Күрделі нақ осы шақ:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет