Есептік сан есім нақты санды білдіреді.
Реттік сан есім заттың реттік қатарын білдіреді.
Сұрағы: нешінші?
Сан есімге -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы, бірінші, бесінші, алтыншы, жетінші, екі жүз он үшінші т.б.
Жинақтық сан есім жинақталған санды білдіреді.
Сұрағы: нешеу?
Бірден жетіге дейінгі есептік сан есімге -ау, -еу жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы, Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу.
Топтау сан есім заттың санын топтап көрсетеді.
Сұрағы: нешеден?
Сан есімге шығыс септігі жалғауы жалғану арқылы жасалады. Мысалы, үштен, екеуден, он-оннан, үшеу-үшеуден т.б.
Болжалдық сан есім заттың санын болжап көрсетеді.
Сұрағы: қанша? неше? қай шамалы?
Жасалу жолдары:
Сан есімге -даған, -деген, -таған, -теген -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы, жүздеген, қырықтай т.б.
Сан есімге көптік жалғауы мен септік жалғауы қатар жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, отыздарда, елулерге т.б.
Сан есім мен шақты, жуық, тарта, таман т.б. септеулік шылаулардың тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы, он шақты, жүзге жуық т.б.
Екі түрлі санның қосарлануы арқылы жасалады. Мысалы, екі-үш, он-он бес т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |