Қазақ тілінің сөзжасам уәжділігі А. Б. Салқынбай – ф.ғ. д., профессор І. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы



бет11/43
Дата01.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#70996
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   43
Байланысты:
Дәріс -әдістемелік оқу құралы. 2022

Сөзжасамның негізгі Сөзжасамның жеке сала
ұғымдары ретінде танылуының
басты белгісі оның негізгі ұғымдарының болуы. Сөзжасам жүйесі атаудың қалыптасуын, мағыналық даму жолын, жасалу амал-тәсілдерін зерделейді. Осы тұрғыда оның өзіндік ішкі заңдылықтарын белгілейтін басты ұғымдары қалыптасқан. Сөздің немесе атаудың жасалу жолын белгілеу деген сөз жалпы алғанда тілдің қалыптасу жолын кешенді түрде айқындау деген сөз. Себебі, түптеп келгенде, сөздің жасалуы – тілдік жүйенің орнығуы. Сондықтан сөзжасамның теориялық мәселелерін айқындау жалаң қалыпта емес, кешенді жүйеде қарастырылуы қажет.
Сөзжасамның жүйелілігі оның кешенді бірліктерінің болуымен байланысты.
Сөзжасамның кешенді бірліктері мыналар:
- сөзжасамдық тұлға;
- сөзжасамдық ұя;
- сөзжасамдық мағына;

  • сөзжасамдық үлгі;

  • сөзжасамдық қалып;

  • сөзжасамдық тізбек;

  • сөзжасамдық жұп;

  • сөзжасамдық саты;

  • сөзжасамдық тарам;

  • сөзжасамдық байланыс;

Сөзжасамдық тұлға Сөзжасамдық тұлға -
сөзжасамның негізгі
ұғымы. Сөз жасауға қатысатын бірліктер – негіз (түбір) бен сөз тудырушы жұрнақтар сөзжасамдық тұлға деп аталады. Сөзжасамдық тұлғалардың сөз жасау процесіне қатынасуы сөзжасамдық тәсілдің түріне байланысты орындалады. Сөзжасамдық тұлғалардың өзіндік ішкі мағыналары бар екені белгілі жайт. Түбірдің не негіздің, сөз тудырушы тұлғалардың өзіндік ерекше мағыналары болады. Ал жаңа сөз жасау барысында олардың барлық мағыналары түгел қатыспайды. Тек өзі туғызатын сөздің ұғымдық мәні мен мағынасына орайласа отырып, сөзжасамдық жаңа мағына туғызады. Сөзжасамдық тұлғалардың сөзжасамдық мағына жасаудағы маңызы мол. Сөзжасамдық тұлғалар түбір түрінде де, негіз түрінде де кездесе алады. Мысалы:
Түбір сипатындағы сөзжасамдық тұлғалар: ақ ақ+шыл, ақ+тық, ақ+па; ат – ат+ты, ат+шы,ат+па, ат+шыл, ат+бегі; ас – ас+тық ,ас+шы, ас+паз, ас+хана, ас+у; ес – ес+іт (есту), ес+кер, ес+ті; ек – ег+ін, ек+пе, ек+інші т.б.
Негіз сипатындағы сөзжасамдық тұлғалар: ата – ата+л, ата+қ, ата+у, ата+лық, ата+баба, ата+мұра, ата+н, ата+с т.б.; жол – жол+шы, жол+шы+бай, жол+жөне+кей; оқы – оқы+р+ман, оқы+у+шы, оқы+ғыш, оқы+ту, оқы+т+у+шы, оқы+у; жаз – жаз+у, жаз+ғыш, жаз+ба, жаз+ғы, жаз+мыш, жаз+ғытұрым, жаз+а, жаз+ыл+у т.б.
Сөз тудырушы тұлғалар мыналар: –лық, - лік, -тық, -тік, - шы, -ші, - шылық, -шілік, - шық, -шік, - ым, -ім, -м, -ын, -ін, - у, ма, -ме, -ғыш, -гіш, - ғы, -гі, - ық, -ік, -ыш, - іш, -ла, -ле, -ар, -ер, -ғай, -гей, -ай, -ей, -лан, -лен, - тас, -тес, -сы, -сі, -сын, -сін, - ай, -ей, -ар, -ғар,-гер, -кер, - ы, -і т.б.
Сөзжасамдық тұлғалардың бір-бірімен әртүрлі тәсілдер негізінде бірігуі, қосарлануы, жалғануының өзіндік ішкі заңдылығы болады. Бұл заңдылық сөздердің синтагматикалық байланысу жүйесі негізінде іске асырылады. Яғни сөзжасамдық тұлғалардың бір-бірімен тіркесуі немесе жалғануы олардың ішкі мағыналық құрылымымен, ішкі мәнімен және сыртқы дыбыстық сипатымен тікелей байланысты. Мұндағы ең басты қағида сөз мағыналарының ішкі мәнінің сәйкес келуі. Кез келген сөзжасамдық тұлға кез келген сөзжасамдық тұлғамен жалғанып не қосарланып келе алмайды. Айталық, кітап+кез, бала+тұр, бар+кез деген тіркес сөз бола алмайды, өйткені құрамындағы сөздердің мағыналарын біріктіретін негізгі ұғымдық мән адам танымында қабылданбаған. Сөзжасамдық тұлғалардың жаңа мағына жасауы күрделі де қисынды процесс. Ол тек адамның танымы қабылдаған ұғымдарды ғана негіздеп, негізделген, уәжделген мән арқылы мағына туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет