Қазақcтан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің нақты міндеттері



бет49/143
Дата07.01.2022
өлшемі1,36 Mb.
#20545
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   143
Байланысты:
УМКД -Мектепке дейінгі педагогика готовый

Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің нақты міндеттері:

1) балалардың үйішіне, жақындарына, құрбы-достарына, жалпы адамдарға, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу;

2) адамгершілік ережелеріне сай балалардың мінез-кұлқын, ұйымдасқан тәртібін, мәдениеттілігін, жақсы әдеті мен дағдысын қалыптастыру;

3) балалардын адамгершілік түсініктері мен қасиеттерін тәрбиелеу.



Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны мен құралдары: Адамгершілік тәрбиесінің мазмүнына баланың отанға, адамдарға дегенғсүйіспеншілігін тәрбиелеу жатады. Ол үшін алдымен балалардың ата-анасына, үйіне, туған жеріне, оның табиғатына, өз аулына, қаласына,туған- туысқандарына, дос-құрбыларына, балабақшаға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу қажет. Елге сүйіспеншілікті тәрбиелеудін, пәрменді құралы — халықтың тілі, мәдениеті мен көркемөнері. Ана тілі — халықтың тарихы, шежіресі, халықтьщ ен, зор ақылшысы, ұстазы деп бағалаған К. Д. Ушинский. Бала әдеби шығармаларды: өлең, ертегі, ән, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал мен мәтел, батырлар жырын тыңдау аркылы ана тілінің байлығы мен әсемдігін меңгерумен қатар оны сүюді үйренеді. Балаларды халықтың қолөнерімен, қазіргі компози-торлардын. сан түрлі азаматтық тақырыптарға арнал-ған әндерімен таныстыру балалардың қуанышын, көңілді сезімін дамытып, ұшқыштарға, ғарышкерлерге, тещзшілерге, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелейді.

Адамгершілік тәрбиенің мазмұнына балаларды интернационалдық рухта тәрбиелеу де жатады, өйткені ол адамгершілік тәрбиесінін, негіздерінің бірін құрай-ды. Балабақшада көптеген үлттын. балалары бар, олар-дың бәрі бірдей тәрбиеленіп, бірдей қамқорлыққа бөленеді. Осының өзі-ақ балалардын, бір-біріне жол-дастық, достық сезімін тәрбиелеудін, ең қолайлы жағ-дайы.Тәрбиеші суреттерді, көркем әдеби шығармаларды, әр үлттын, балалар әдебиетін пайдалана отырып, Қазақстанды мекендейтін сан ұлттын өмірі, түрмысы, ен,-бегі, өнері жөнінде әңгімелейді, сонын, негізінде үлттар-ға, халықтарға, жалпы адамзатқа деген сүйіспеншілік сезімін дамытуға мүмкіндіктер туады. Балалар арасын-да дүрыс қарым-қатынасты тәрбиелеу, тату балалар ұжымын құру — балабақша педагогінін, негізгі міндеттерінің бірі. Балалар үжымын тәрбиелеуде тәрбиеші адамгершілік принципіне сүйенеді.Адамгершілік тәрбиесінің мазмүнына баланың адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу де жатады, әсіресе олардың үлкендерді сыйлау сезімін тәрбиелеу сәбилік шақтан басталады. Үлкенді сыйлау — асқаралы да асыл сезім. Үлкендердің беделін мойындау, тыңдау, көңіл белу, құрметтеу, қамқорлық жасау сияқты балалардың іс-әрекеттерін үйымдастыру, бұл сезімнің көрініс табуы — жақсы тәрбиенің белгісі.Тәрбиеші өмірдегі барлық материалдық және рухани байлық үлкен адамдардың еңбегімен жасалғанын, оны өздері күнделікті емірде пайдаланып жүргендерін нақты мысалдар келтіріп түсіндіреді. Үлкендердің білімі, еңбегі біздің шаттық өмірімізді қамтамасыз етіп отырғанын, әсіресе өзін қоршаған адамдардың: тәрбие-шінің, дәрігердің, күтушінің, аспазшының, даяшылардың еңбегін айтып, оларды бағалауды және үлкендерді қалай құрметтеу, сыйлау керектігін үйретеді. Қейде балалар үлкендерді сыйлау керек екенін біле түрса да, оны орындамайды, себебі бала білімін, тәртібін, іс-әрекетін байланыстыра алмайды, өзін жақсы алып жүргісі келеді, бірақ оны қалай орындауды білмейді, ал кейде баланың қызығушылығы сана тұрақтылығын басып кетеді, кейде бала сезі мен ісін бірлікте алып жүре алмайды. Әрине, баланың білімі бірден оның мінез-қүлқы мен тәртібіне айналмайды, оған үзақ уақыт дағдылану, үйрену керек, тәрбиеші осыларды шыдамдылықпен қалыптастырады. Баланы шыншыл да адал етіп тәрбиелеу — адамгершілік тәрбиесінің мәнді белгісі.Балалар кейде білместігінен мәліметтерді дүрыс бере алмай шатастырады. Мысалы, бір қыз әжесінің үйіне қысты күні барып қайтқан соң, «Мен әжемнің үйінде алма тердім» деген. Бүл өтірік емес, ол алманы әжесінің үйіне күзде барғанда терген болатын.Кейде ересектер тобындағы балалар езі және жақындары туралы жалған айтады. Олардың батырлық іс істегені, батылдық көрсеткені жайлы мақтанады. Бүл өтірік айту ниетінен емес, батырлық пен батылдыққа талпынушылықтан, соған қүштарлықтан туады.

Кейде баланың ойы шындықтан киялға ағып өтіп, жалған айтып та қояды, бірақ оның алдайын деген ой болмаған. Бүндай жағдайда үлкендер баланың қиялын бүзбай, көңіліне қаяу салмай, жолдастарының алдында абыройын түсірмей, оның қиялын ашып беруі керек. Әдетте, балалар өтірікті қорыққандықтан немесе жаза-ланудан қашқандықтан айтады. Сондықтан тәрбиеші баланың өтірік айтқанына кезі жеткен соң, оның не себептен айтқанын анықтап, олай істеуге болмайтынын түсіндіруі керек. Баланың бүл әдеттерін дер кезінде қойдырмаса, ол кейін өтірік айтуды әдетке айналды-рып кетеді.Ертегі, әңгімелерден, белгілі адамдардың өмірінен үзінділер оқып, шыншыл адамды халықтың қүрметтей-тінін, жақсы керетінін, одан үлгі алатынын, өтірікші-лерді жек көретінін, сыйламайтынын айту арқылы шыншылдықтың жақсы қасиет екеніне көздерін жет-кізгені жөн. Адамгершілік тәрбиесіне қарапайымдылыққа тэрбиелеу де жатады. Балаларды жөнсіз көп мақтау, ар-тық бағалау зиянды ықпал етеді. Бұл кейде балалар-дын, мақтаншақ,ойкөкірек, жалқау болуына әкеп тірейді, әсіресе қабілетті балалардың іс-әрекетін әділ мадақтай отырып, оларға талап пен тапсырманы кү-шейте түскен жөн. Қарапайымдылыққа тәрбиелеудін. негізі — баланың адамгершілік қасиетін дұрыс, әділ ба-ғалау.Адамгершілік тәрбиесінің мазмұнына баланың мінез-қүлқын тәрбиелеу жатады. Мінез-құлық дегеніміз адамдардьщ өзін қоршаған ортаға, қоғамға, басқа адамдарға деген қарым-қатынасынан керініс табатын тұрақты психикалық ерекшелігінін, жиынтығы.Бұл ерекшеліктердің ең бастысы — сана мен ерік. Мінез-құлық өте ерте жастан бастап қалыптасады және саналы, ақылды ұйымдастырылған тәрбие ісіне бағынады.Еріктік сапаға: қажымас қайрат, өзін меңгере алу, сабыр, төзім, мақсаттылық, шешімділік, тұрақтылық, ұстамдылык, батылдық, белсенділік жатады. Бұл қасиеттер балалардың іс-әрекет, еңбек, ойын, оқу-тәрбие жұмыстары үстінде көрініс тауып, қальштасады. Қалыптасу балалардын, ақыл-ойынын, дамуымен байланысты. Балалардың мінез-құлқын қалыптастыруда жоғары жүйке жүйесінің қызметі ерекше роль атқарады. И. П. Павловтың адамның өмір сүру жағдайы мен тәрбиесіне байланысты жүйке жүйелерінің икемділігі жөніндегі қағидасын есте ұстау абзал. Ол балалардың мінез-құлқы мен темпераментінің қасиетіне, типіне, баланын, денсаулығына, куанышы мен сүйінішіне, қайғысына байланысты. Сылбыр, енжар балаларды тәрбиелеуде олармен арнайы ойын, түрлі іс-әрекет үйымдастыруды белгілеу, баланьщ белсенділігін қуаттай отырып, дербес іс-әре-кетке баулу, оларды дамыту сияқты әр түрлі әдіс-тәсіл-дер қолданылады. Сезімтал, жеңілтек, шапшаң бала-ның ерік-жігерін тежеп үстау керек, себебі ондайлар тез шешім жасауға, ойланбай асығыс іс істеуге бейім тұрады. Сондықтан олар бірте-бірте мақсаттылыкка үйретілуі тиіс. Әсіресе тез әсерленгіш балаларға көбі-рек көңіл бөлу қажет.

Балаларды алдына мақсат қоя білуге тәрбиелеудің мәні зор. Мақсаттылык, адамға жинақылық, бірізділік, белсенділік сияқты қасиет дарытып, шешімділікке, батылдыққа, іске қүмарлыққа, кейде тәуекелге бел байлауға жеткізеді. Балаларды мақсаттылыққа тәрбиелсудің қиындығы: бала ете сезімтал, үгітке тез көнгіш, әр нәрсеге зейіні, көңілі ауғыш болып келеді. Сондықтан тәрбиеші балалардың осы ерекшеліктерін еекере отырып, ырықсыз зейін аудару қабілетін, ерік-жігерін, қызығушылығын қалыптастырады — окыту, ойын, серуен кездерінде балалардьщ алдына тәрбиеші өзі мақсат қояды. Балалардың мақсатқа жету жолы-кың қысқа да тез болуы маңызды. Сондықтан оларға ыақсатқа жету әдіс-тәсілдерін үйретіп, дұрыс нұсқау берудің мәні зор.Тәрбиешінің балаларға тілектестік қатынасы, қолдауы және қорытынды бағасының әділ болуы мақсатқа жету барысында оларды шаттандырып, зейінін, күшін салуға жұмылдырады, яғни баланың еркі мен жігері кедергіні жеңгенде ғана дамып, жетіледі.



Балалардың өздері де алдарына мақсат қояды, бірақ олардың мақсаттары түрақты емес, сондықтан олардың мақсатын іске асыруына көмектесіп, мүмкіндік тудырып отырмаса, олар мақсатын өзгерте салады немесе одан бас тарта салады.

Алға қойған мақсат неғүрлым тартымды болса, соғүрлым жеңіл орындалады. Әйтсе де мақсаттылыққа тәрбиелеу үнемі тартымды материалдар ұсыну арқылы ғана қүрылмай, қызықсыз материалдарды ұсыну арқы-лы да мақсатқа жете алу қабілетін тәрбиелеген абзал. Мысалы, балалар текшелерді, «қүрылыс материалдарын» жинауды үнатпайды. Сондықтан ойыншықтарды жинау, тазалау бастапқыда балаларға ойын элементін ендіру арқылы іске асады да, бара-бара ойыншықтар-ды жинау мақсаты ойыннан кейінгі қажеттілік ретінде орындалады.

Тәрбиешінің міндеті балалардың алдына қойған мақсатын қолдау, оған басшылық ету, көмектесу. Кейде ересек топтағы балалар ездерінің шамасы келмейтін мақсатты да белгілейді, ондайда тәрбиеші олардьщ ойын іскерлікпен мадақтай отырып, қойған мақсатының қиындығын өз күштерімен салыстырып, шамаластырып көрсетуі, үғындыруы тиіс.



Шешімділік — мақсатқа жету барысындағы сенімділік қабілеті. Шешімділік — мінез-қүлық қасиеті. Бұған қарама-қарсы ұғым — өз күшіне сенімсіздік. Сенімсіздік — көбіне білместіктен, кейде үялшактықтағ болады. Сондықтан тәрбиеші балалардың білімін, дағ-дысын кеңейте отырып, күнделікті кездесетін шешімін,іс-әрекетті мадақтап, сенімсіздігін женуге көмектесуі керек. Олай етпесе, сенімсіздік әдетке айналып кетуі мүмкін. Онда бала қолынан келетін істен де бас тарта-тын болады. Сенімсіздіктен арылудын. жолы — балалардың барлық тапсырманы орындай алатынын тәрбиеші сенімді түрде айтып, қолдарынан келетініне олардың іс жүзінде көзін жеткізу. Әсіресе сенімсіздігі ұяңдығымен, үялшақтығымен байланысты балаларға қатты көңіл бөлу керек.

Табандылық—мақсатқа жету үшін қиыншылықтан тайсалмай, кедергілерді жеде білу қабілеті. Оны күн-делікті іс-әрекет процесінде қандай қиын болса да бас-таған ісін тастамай, аяғына дейін жеткізуге дұрыс бағыт бере отырып тәрбиелеу. Бірақ өте қиын тапсыр-ма беріп, балалардын, өзіне сенімділігін азайтып, еркін тежеуден немесе өте оқай тапсырма беріп, оларды ой-лаудан қалдырып, қаннен-қаперсіз, қамсыз етіп тәрбие-леуден сақ болу керек.

Белсенділік — күнделікті іс-әрекетте (ойын, сабак, еңбек) кездесетін міндеттерді шығармашылықпен ше-ше білу қабілеті. Тек белсенді адамдар ғана мақсатқа жету барысында жалтармай, шешімділік, батылдық көрсетіп, қиыншылықты жедіп шыға алады. Күнделікті іс-әрекетінің ішінде баланың белсенділігін арттыруға ерекше мүмкіндік тудыратын шығармашылық ойындар.

Батылдықты тәрбиелеудін тамаша қүралы — ойын. Ойын барысында ұялшақ балалар да батыл болып ке-теді.

Батылдыққа тәрбиелеуде ересек адамдардын. үлгісі ерекше ықпал етеді. Олардың ерлік, батырлық істері туралы әңгімелеу, оқып беру балалардың батыл адам-дарға қүрмет сезімін тудырып, еліктеу ниетін ұштай-ды, тәрбиешінің үлгісі де әсерлі ықпал етеді.

Баланы батылдыкка баулуда теріс тәрбиеден пайда болған қорқыныш тудыратын негізсіз себептерді жою, тәжірибесін кенейту үлкен роль атқарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет