Қазақcтан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет50/143
Дата07.01.2022
өлшемі1,36 Mb.
#20545
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   143
Байланысты:
УМКД -Мектепке дейінгі педагогика готовый

Қорқыныш — баланын, биологиялық табиғатына тән қасиет емес, сәтсіз тәрбиенін, нәтижесі. Кейде отбасында баланы кішкене күнінен оған белгісіз заттарды, сиқыршыларды, жезтырнақтарды, құбыжықтарды, жалмауыз кемпірлерді айтып қорқытады. Бұл қорқыныш баланын, кейінгі еміріне де жалғаса береді. Тәрбиеші алдымен балаларды сол «құбылыстардан» арылту керек.

Батылдыққа үйретумен, қорқыныш сезімді жеңуге жаттықтырумен қатар, оларды сақтыққа да баулыған жөн, оттан, судан, таныс емес иттен, көшеден өтуден, алысқа жалғыз кетіп қалудан сақтандыру.Балалардың ұстамдылығын, өзін-өзі ұстай білу қабілетін тәрбелеу де маңызды.



Ұстамдылықты тәрбиелеу дегеніміз баланың өз та-лап-тілегін, сезімін, мінез-кұлқын, тәртібін меңгере бі-луі, езін-өзі алып жүруге тәрбиелеуі. Ол үшін баланың қырсық мінезін түзеу керек. Қырсықтық кейде өткінші болады. Ондайда кәңіл аудармай қою жөн. Қейде ол көз жасымен, айқай-шумен, аяқты тепкілеумен жалғасады, бұл жүйкеге зиянды әсер етеді. Мүмкіндігінше мұндайды болдырмауға тырысу керек. Жылаған баланы топтан алып шығып (басқа балалар да оған елікте-уі мүмкін), жылауының дұрыс емес екенін түсіндіру керек, бірақ жалынып көндірудің қажеті жоқ. Баланы сырттай бақылай отырып, жалғыз қалдыру керек. Өзі-нің осылай отырғаны нашар тәртібінен екенін оның тү-сінгені абзал. Бала жүбанып, көңілі орнына түскеннен кейін тобына қосу керек, бірақ жаңағы жаман мінезі жайында қайта еске түсірудің қажеті жок. Әрине, ба-ланың қырсықтығын бұйрықпен, жазалаумен емес, оны тәрбиелеумен, баланың намысына тимей жеңген жөн. Кейде баланың қыңыр мінезін басқа нәрсеге зейінін аударып жіберу, алдарқату арқылы жеңуге де болады.

Баланың қыңырлығы, ауруы, шаршауы, жүйкесінің катты қозуы, теріс тәрбиенің себебінен де болады. Ауру бала бей-жай күйге түседі де, тәрбиешілерге жоғары талап қояды. Ол орындалмаған жағдайда жылайды, мазасызданады.

Баланың қатты шаршауы, жүйке жүйелерінің қат-ты қозуы әдеттегі тәртіпке бағынбауға, езінің талап-ті-легін тежей алмауға әкеп соғады. Баланың жүйке жү-йесін қоздырып-шаршататын, айқай-шулы ойындармен кешке, жатар алдында ойнамағаны дұрыс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет