Қазақcтан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет60/143
Дата07.01.2022
өлшемі1,36 Mb.
#20545
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   143
Байланысты:
УМКД -Мектепке дейінгі педагогика готовый

Дәрістің қысқаша мазмұны:Эстетикалық тәрбие дегеніміз баланың қоғамдық өмірдегі, табиғаттағы, еңбектегі, тұрмыстағы, көркем-өнердегі әсемдікті дұрыс қабылдауын, түсінуін тәрбие-леу. Эстетикалық тәрбие балалардың әсемдік жөніндегі түсінігін кеңейтіп, сұлулықты тану, сүйе білу, оны шығармашылықпен өмірге ендіре білу қабілетін, эсте-тикалық талғамын, қиялын дамытады.Педагогикада «Эстетикалық тәрбие», «Көркемдікке тәрбиелеу», «Эстетикалық даму» деген үш турлі түсінік бар. Эстетикалық тәрбие — кең ұғым. Ол әсемдікті сезе білуге тәрбиелейді. Эстетикалық тәрбие көркемөнер құралдары арқылы ғана емес, қоғамдық өмірдің, оқудың, еңбектің, табиғаттың әсемдігін тану кезінде, адамдар-мен қарым-қатынас үстінде тәрбиеленеді. Көркемдікке көркемөнер қүралдары арқылы тәр-биеленеді. Көркемдікке тәрбиелеу эстетикалық тәрбие-нін негізгі қүрамдас белімі.Эстетикалық даму дегеніміз баланың эстетикалық нәр алуға мүмкіндік тудыратын сезім мүшелері мен шығармашылық қабілетін үштау, өмірдегі, көркем-өнердегі әсемдікті түсінуіне, оны қабылдауына педагогикалық жағынан ықпал ету арқылы баланың эстети-калық сезімін дамыту.

Эстетикалық сезім дегеніміз өмірдегі, көркемөнер-дегі әсемдікті қабылдаудан туатын эстетикалық нәр алу, толқу, рақаттану. Ол — адам табиғатына ғана тән жоғары сезім. Ғалымдарымыз эстетикалық тәрбиені қоғамдық мәдени өмірдің жан-жақты дамуымен байланыстыра қа-райды, сондай-ақ өткен дәуірдің прогресті дәстүрі ме» тәжірибесіне сүйенеді. Әсемдік болмыста объективті түрде өмір сүреді, адам өзінін, шығармашылық қызме-тінде өмірді және оның әсемдігін сәулелендіреді. Адамның әсемдікті сезе де тани білу қабілеті, әсемдікті жа-сауға қарым-қатынасы оның сезім байлығы мен эстетикалық мәдениетінің даму дәрежесіне байланысты болады. Эстетикалық тәрбие балаға емір құбылыстарын те-рең қабылдауға, сенсорлық орекетін дұрыс дамытуға, білімге құштарлығын арттыруға ықпал етеді. Байқағыштығы мен әсерленгіштігін (қуану, қайғыру) тереңдетеді. Эстетикалық әсерлену әсемдікті қабылдауға ғана негізделіп қоймайды, өнер шығармасынын, мазмү-ны мен идеясын терен, түсінуге де негізделеді. Бұл эсте-тикалық тәрбиенің ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, дене.-тәрбиесімен тығыз байланыстылығын байқатады. Көркем шығарманы, табиғат әсемдігін, адамньщ жақсы тәртібін, тамаша мінез-қүлқын көріп сүйсіну, қабылдау адамның адамгершілік парасатына үлкеа әсер етеді. Әсемдікті сезіну баланың емірін байытып,. бір-біріне достық қарым-қатынасын, жақсылық істеуге талпынысын, белсенділігін тудырады. Эстетикалық тәр-биені бала дамуының алғашқы сатысы — мектепке де-йінгі кезен.нен бастау жан-жақты жарасымды дамыған үрпақ тәрбиелеуге алғы шарт жасайды. Балабақшада эстетикалық тәрбиенін, темендегі міндеттері іске асырылады:Балалардың эстетикалық қабылдауын жүйелі түрде дамыту. Осынын, негізінде қоғамдық өмір мен айналаны терен, таныту және олардың адамгершілік бейнесін қалыптастыру. Тәрбиеші балалардын, зейінін емірдегі, табиғаттағы, еңбектегі, адамдардың тәртібі мен іс-әрекетіндегі, тал бойындағы әсемдікті көре білуге, өмірдегі шын әдемі-лікті жасанды әдеміліктен ажырата білуге аударып, оны дүрыс бағалауға үйретеді. Бала өмірінің алғашқы айынан бастап, көз тарта-тын ашық тустерге, ойыншықтарға, заттарға талпына-яы. Анасынан естіген бесік жырларынан, ертегілерден, әндерден балада қанағаттану, қызығу сезімдері ояна-ды. Осы эстетикалық тәрбие процесінде баланың санасыз әрекеті бірте-бірте әсемдікті саналы қабылдау-ға ауысады. Балалардың эстетикалық түсінігі мен құштарлы-ғын, сезімталдық қабілетін дамыту. Эстетикалық жан құбылысын тудыратын қуану, қайғыру, қобалжу, әсер-, лену, бейжай болу, көркемдікті қабылдау баланың шы-ғармада бейнеленген кейіпкердің куанышы мен реніші-не, табысына бірге қуанып, бірге қайғырып әсерленуін, көңіл-күйінің толқуын қажет етеді. Балалар қуанышы мен ренішін, ұнатқаны мен ұнат-пағанын, әдетте, кулкісі арқылы, қүптағанын не нара-зылық білдіргенін қақпа сөздері арқылы, мақұлдауын, кінәлауын қимыл әрекеті, бет әлпеті арқылы тікелей байқатады. Бұл балалардың белгілі бір шығармаға деген сезімін, ойын, көзқарасын танытады. Көркем шығарманың күші баланың санасына, сезі-міне, еркіне әсер етіп, құбылыстарға көзқарасын тәр-биелейді, мысалы, балалар кеңілді әннің сазына қуа-иады, қызық ертегілерді үнсіз тыңдайды, сәтсіздікке кездескен кейіпкерге жаны ашып, гілектестік білдіре-ді. Балабақша тәрбиешісінің міндеті — көркем шығар-маның мазмұны мен түрін бірдей қабылдау қабілетін дамытуға, көркем шығарманың идеясын қабылдауға, «әдеміліктен нәр алуға, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге бағыт беру. Эстетикалық тәрбие міндеттерінің 3-сі — балалар-дың көркемдік талғамын тәрбиелеу. Балаларды жақсы мен жаманды, сұлулық пен кейіпсіздікті, нәзіктік пен дөрекілікті, бір түстілік пен ала-қүлалықты ажырата білуге, өлең, ән, музыка, суреттің не себептен үнайты-нын, не себептен үнамайтынын айта білуге үйретеді. Эстетикалық талғам — өте кең тусінік. Ол өнер шы-ғармаларын түсініп, нәр алу ғана емес, сонымен қатар табиғаттың, өмірдің, еңбектің, түрмыстың, киімнің әсемдігін де түсіну.Талғамды дамытуда оқыту ісі ерекше роль атқара-ды. Сабақта балалар көркем әдебиет, музыка, кескін-деу туындыларымен танысады, әсемдік әлеміне саяхаі жасайды, содан рақаттанады, түсіну, көру, сезу талға-мы қалыптасады, бүл баланың болашақтағы рухани дүниесінің баюына негіз болады. Эстетикалық тәрбие балалардын, көркемдік-шығар-машылық қабілетін дамыту және тәрбиелеу міндетін іске асырады. Бейнелеу өнеріне сурет салу, пластилин мен саз-балшықтан жапсыру, құрастыру, ою және т. б. жа-тады. Бейнелеу өнеріне дұрыс педагогикалық басшылык болған жағдайда ғана балалар оньщ негізгі жолдарын меңгереді. Бақшада қабілетті балаларға ерекше көңіл аударылып, олардьщ әрі қарай дамуына жағдай туды-рады. Балаларға эстетикалық тәрбие беру тәрбиешінін көркемөнер саласындағы даярлығын да қажет етеді: тәрбиеші сурет сала білуге, жапсыра білуге, музыка-лық аспапта ойнай білуге, ән салып, би билеуге, кер-кем шығарманы мәнерлеп оқи білуге тиіс.Балабақшада жүргізілген эстетикалық тәрбие жү-мысы отбасында жалғастырылуы қажет, міне сонда ғана онын, рухани дүниесінің келешекте әрі қарай даму негізі қаланады.

Мектепке дейінгі педагогикада эстетикалық тәрбиенің төмендегі принциптері қалыптасқан: бағдарлылық принципі — қоғамның талап-тілегіне, бағытына сүйеніп,жанжақтыүйлесімді дамыған белсенді үрпақ тәрбиелеу бағытын көздейді. Қоғамдағы өнер шығармаларының идеялық мазмүны арқылы баланын, дүниетанымын, эстетикалық қатынасын, көркемдік талғамын дамытып, зстетикалық әрекетін қоғаммен байланыстыру басшылыққа алынады; алдыңғы қатарлы мәдениет элементтерін игерудегі бірізділік принципі — халықтын, эстетикалық мәдениетін теориямен байланыстыра отырып,жаңа мәдениет пен енерді ғасырлар бойы жинақталып қалыптасқан алдағы қатарлы дәстүрлердің заңды мүрасы ретінде беру көзделеді;эстетикалық тәрбие мен көркемдікке тәрбиелеу жөнінде білім берудің міндеттілігі жгне жалпыға бірізділік принципі жалпы халықтың (ерекше қабілеті болмаса да) әр турлі жас шағында эстетикалык тәрбие және білім алуын талап етеді. Бұл мемлекеттің эстети-калық тәрбиені жаңа, сапалы сатыға көтеру қажет деген тілегінен туындап отыр. Эстетикалық тәрбие ба-ланың қарапайым және курделі сезімдерін дамытып, адамгершілік, азаматтық, интернациокалдық және еңбек тәрбиесінің міндеттерін табысты шешуге жағдай жасайды. Балалардың дербес көркемдік шығармашыльщ эре-кетін қалыптастыру мен оқытудың бірлігі принципі — осы екі әрекеттің өзара тығыз байланысына негіздел-ген. Балалардың шығармашылық қабілетін дамытуоку үстінде, білімді, іскерлікті, дағдыны меңгеру кезінде қалыптасатынын біраз ғалымдардың (Е. А. Флерина, Н. А. Ветлугина, Т. О. Казакова, т. б.) зерттеу еңбек-терінің қорытындылары дәлелдеген. Олардың пікірі бойынша балаларды оқыту және шығармашылығын да- » мыту міндеттерінің сәйкес келуі бір-біріне кедергі жа-самайды, қайта оқыту еңбегін мәнді, саналы, қызықты етеді. Қешенділік принципі — эегетикалық тәрбие жуйе-сінде өте маңызды принцип. Бала тәрбиесіне өзінін тақырыптық идеясымен, мазмұнымен, көркемдік ерекше-лігімен, бейнелілігімен ықпал ететін өнер туындыла-рының барлық турлері, жанрлары үнемі езара әрекет-тестікке түседі. Өнер шығармалары бір-бірімен тығыз байланысты, сондықтан балаларды өнердің турлері-мен таныстыру оның айрықша әсемдігі мен өзіндік ерекшелігін ескеруге негізделуі керек, сонда тәрбиелік ықпал кушейе туседі. Әсемдікке баулу тәрбиенің әзге салаларымен тығыз байланысты болғандықтан, аталған өнер шығармалары балалардың ақыл-ойының, адамгер-шілік қасиеттерінің, достық, отаншылдық сезімдерінің, дамуына да, еңбекке дұрыс қатынасының қалыптасуына да ықпал етеді.

Эстетикалық тәрбиенің негізгі қүралдары:Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары: балалар-ды қоршаған дүние, табиғи орта, кунделікті тұрмыс эстетикасы, табиғаттан, өмірден алған әсері, көркем әдебиет шығармалары, музыкалық туындылар, бейне-леу өнері, мерекелер және сауықтар. Бала кунде көре-тін жиһаздар, тұрмыс эстетикасы, балалармен қарым-қатынас жасап, араласып журетін адамдардың мораль- дық бейнесі, тәртібі эстетикалық тәрбие құралының тиімді түрлері болып есептеледі.

Тұрмыс эстетикасын ұйымдастыру — балаға эстетика-лық тәрбие берудегі ен, басты шарттардын, бірі. Тұрмыс эстетикасы: тазалық пен реттілік, балабақшаның педа-гогикалық талапқа сай безендірілуі, тұрмысқа керекті заттардық әдемілігі мен ыңғайлылыры балаға күнделікті әсер етеді. Бөлмедегі заттардың бәрі де қарапайым, артық ешнәрсе болмауы, қабырға бояуларының жа-рық, әдемі түстермен боялуы баланың эстетикалық талғамын дамытады.

Балаларға арналған үй жиһаздары қарапайым, жарық беретін терезе перделері қабырғалар мен жиһаз-дардын, түсіне үйлесімді келіп, суреттер де талғаммен ілінуі, әдемілік үшін пайдаланылатын бүйымдар қа-жетті мөлшерде ғана болғаны жөн. Белме ішін безендіру жыл мезгілдеріне, мерекеле^дің мазмүнына байланысты жүргізіледі.

Эстетикалық тәрбие беруде балалардын, және олар-ды қоршаған адамдардын. сыртқы бейнесінің, жүріс-тұрыс, тәртіп үлгілерінін, маңызы зор. Балалардьщ киімдері жасына лайықты, ьщғайлы, таза болуы керек. Балаларды үсті-басын қадағалауға баулу керек, бірақ ол теріс бағыт алмауын, яғни тек сыртқы көрінісіне ғана көңіл бөлу, қылымсушылық, сәнқойлыққа айналып кетпеуін байкап отыру керек.Эстетикалық қабылдау мен жан құбылысының, қай-нар кезі — өмір. Тәрбиеші баланын, болмыстан алған әсерін эстетикалық тәрбие берудің қүралы ретінде пайдаланады.

Ересек адамдардың өмір жолы мазмұнды, бірақ онын, бәрі бірдей балаларға түсінікті бола бермейді, сондықтан балаларға өмір құбылыстары мен заттар-дын, мазмұны, идеясы түсінікті болып, олардың ұғы-мын кеңейтіп, толғанысына әсер ететіндей дәрежеде берілуі жөн.

Салтанатты мерекелер, шерулер, гүлдер, әсем му-зыка сазы балаларды қуанышқа бөлейді. Егер балабак-шада балалар сол мерекелерге кызу дайындық жүмы-сына қатысса, мерекелердің тәрбиелік әсері арта тү-седіТабиғат — балаларға эстетикалық тәрбие берудің пәрменді құралы. Орман, су, жер, жазық дала, тау-тас, бау-бақша, табиғат тамашалары, қүстардын. әсем үні, түрлері, жануарлар дүниесінің байлығы, жыл мез-гілдерінін, ауысуы, адамдар еңбегі — осылардың бәрі балаларға әсер етіп, олардың көңіл аударып, баға бе-руіне ықпал етеді.

Егер тәрбиеші осы әсемдіктерді көріп, сезінуге, одан лэззат алуға, оны сақтауға, өз кушімен әсемдікті жа-сай білуге үйретпесе, табиғат сүлулығы өзінен-өзі әсер ете алмайды.



Тәрбиеші балаларға табиғат кұбылыстарын таныс-тыра отырып, таңсәрідегі әсемдікті байқауға, кун сәу-лесінің жер бетіне шашқан нұрын кере білуге, сылды-| ап аққан су дыбысын, орман шуылын, булбул мен сандуғаштың сайраған унін, жапырақ сыбдырын тың-дап, ол дыбыстарды тусіне білуге баулиды. Балалардың зейінін табиғатта жумыс істейтін адамның еңбегіне аударып, олардың әсем де епті қимылын бақылатады, муның бәрі балалардың эстетикалық сезімін оятып, ең-бекті суюге, еңбек адамдарын қүрметтеуге, табиғат әсемдігін қорғауға үйретеді.Көркемөнер шығармалары — эстетикалық тәрбие-нің әсерлі қуралы. Классикалық көркемөнер шығарма-лары, халықтық-үлттық әнер, қазіргі кездегі әдеби көркем туындылар улкен тәрбие кұралы болып отыр. Көркем бейне баланың сана-сезіміне әсер ете отырып, оның тәртібіне, іс-әрекетіне, айналасындағы ортаға дұ-рыс көзқарасының қалыптасуына ықпал етеді. Халықтың шеберлік өнері: пластилиннен, сазбал-шықтан жапсыру, кесте тігу, ши току, ағаштан жонып ою, т. б. халыктың көркемдік талғамымен таныстырып, улттык шеберлікке баулиды. Балаларға ұсынылатын көркемөнер шығармалары төмендегі талаптарға сай таңдалуы тиіс :

1) көркемөнер шығармалары мазмұны жағынан жан-жақты,тәрбие міндеттеріне сәйкес келіп, баланыигі істерге баулиды;

2)көркем әдеби туындылар кунделікті өмірқубылыстарын шыншылдықпен бейнелеп, өмірді терең тануға, белгілі бір құбылыстардың дамуы, басқа құбылыстардың дамуымен де байланысты екенін ұғынуға көмектесетін болады;

3)көркем-өнер шығармалары адамның жоғары моральдык қасиеттерін сәулелендіруі тиіс, көркемөнер балаларға қуаныш, шаттық әкелуге тиіс. Шығарманың такырыбы, турі жан-жақты болып келуі абзал, өйткені мазмұны мен түрдің қайталануы баланың эстетикалық дамуына әсер етпейді.

4)Балаларға эстетикалық тәрбие беруде халық ауыз әдебиеті шығармаларының (ертегілер, жұмбақтар, жа-ңылтпаштар, т. б.) маңызы орасан. Олар баланың қабылдауына, жан құбылысына жақын, өйткені бұл шы-ғармалар мазмұны жағынан терең, түрі жағынан көр-кем, көлемі ықшам, қарапайым да түсінікті келеді.

5)Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі негізгі құ-ралдардың бірі — бейнелеу өнері.

6)Бейнелеу өнері — эстетикалық тәрбие құралы. Ба-лалар өмір құбылыстарын суретке салу, пластилиннен жапсыру кезінде оны тереңірек танып, білуге мүмкін-дік алады.



7)Балабақшада тәрбиешілер биік мұнараларды, ұшақтарды әдемі етіп салуды, қойылған затқа карап„ оның өзіне тән белгісін кере білуді, оны суретке салу-ды, көркемдеуші ою-өрнек сызуды, көзбен мөлшерлеу-ді, орналастырудағы пішін сәйкестігін сақтауды үйретеді. Бұл көркемдік талғамды дамытады.Суретте нақты бейне беріледі, оны балалар жақсы кабылдайды. Балаларға өмірді сәулелендіретін өнер шеберлері шығармаларының («Багдарламада» көрсе-тілген) ұсынылуы тиімді. Балаларға моральдық тақы-рыптарға арналған суреттер, балалар өмірінен салын-ған суреттер ұсынылса, олардың тәрбиелік ықпалы күштірек болады. Сурет кітапшаларының ішіндегі су-реттердің де оларға көркемдік-эстетикалық тәрбие бе-рудегі маңызы едәуір. Мүсін, графика, кескіндеу, кесте тігу өнерінін, де мәні ерекше. Керкем әдебиет те эстети-калық тәрбиедегі басты құралдардың қатарынан орьш алады. Қөркем шығарма баланьщ сездік қоры мен сез-дік кұрамының баюына, тіл мәдениетіке әсер етеді. Ба-ла тілінің айқын, бейнелі болуына ықпалын тигізеді. Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, А. Пушкин, Н. Некра-сов, Л. Толстой, К. Чуковский, С. Маршак, В. Маяковский, С. Михалков, С. Бегалин, Ө. Тұрманжанов М. Әлімбаев, Ә. Дүйсенбиев, Қ. Баянбаев, Ә. Табылдиев, Ә. Асылбеков, Т. Молдағалиев, Е. Өтетілеуов, С. Жиенбаев, т. б. ақын жазушылардың көркем шығармалары, балалар фольклоры, халық педагогикасы — мектеп жасына дейінгі балалар үшін кұнды тәрбие кұралы Балалардың көркемдік қабылдауын дамыту үшін түрлі ұлт халықтарының фольклорлық шығармалары- мен, турлі ұлт халықтарының өмірімен, турмысымен, даналығымен таныстырады.Эстетикалық тәрбиенің негізгі қуралдарының ішінде музыка, ән, би ерекше орын алады. Музыка, ән балаларға бесікте жатқан кезіненақ таныс болады. Бала-бақшада ауыз әдебиетінен бесік жыры, халық әндері, т. б. көл қолданылады. Олар балаларға тусінікті де бейнелі больга келеді. Оларды балалар сезіммен қабылдайды, жаттап алады. Балабақшада музыкалық шығармалар бағдарламада көрсетілген мөлшерде пайдаланылады. Музыка, ән, би тату балалар ужымын құруға үлкен ықпал етеді.

Эстетикалық тәрбиенің әдістері.Эстетикалық тәрбиенің әдістері оның мақсаты мен міндеттеріне байланысты анықталады. Әдістер баланың жас және іс-әрекет ерекшеліктеріне байланысты қолда-нылады.

Әр адамнын эстетикалық қабылдауында жеке ерекшеліктері болады. И. П. Павлов адамдардың жүйке қызметіне байланысты 2 турлі негізгі типтері бар: сезімтал және ойшыл типтер деп көрсеткен. Сезімтал, яғни тез әсерленгіш типтер, қоршаған ортаны тікелей бірінші сигнал жуйесі арқылы жіті қабылдайды. Мун-дай типтер көркем шығарма ықпалына тез берілгіш келеді. Ойшыл типтер талдау қызметіне, сөзге, қубылыстарды қорытындылауға суйенеді. Олар екінші сиг-нал жуйесіне негізделген.

Бул белгілер мектеп жасына дейінгі балаларда білінеді, сондықтан тәрбие жумысы сол ерекшеліктерді дамытуға бағытталады.



Эстетикалық тәрбиенің негізгі әдістері: бақылауды дурыс уйымдастыру (балалардың әсерленуін молайту), тусіндіру, әңгімелесу, улгі көрсету, іс-әрекетін уйымдастыру, бейнелеу өнеріндегі әрекеті ушін мақтау және жетістіктерін бағалау.

Бақылауды ұйымдастыру, айналадағы әсемдікті кө-ре білуге, байқауға үйрету — эстетикалық тәрбиенің негізгі. әдістерінія бірі. Тәрбиеші белгілі қубылысты бақылауға унретуде баланың зейінін аударатын сурак-тар қояды, сол жайында өлең оқиды, мазмұнын тусіндіреді.

Әңгіме әдісін пайдалану арқылы тәрбиеші баланың ойын негізгі мәселеге аударып, қызығушылығын оята- ды. Балаларға өз пікірін айтуды, баға беруді үйретеді. Әңгіме үлгі көрсету әдісімен жалғасып, үндесіп келуі қажет.

Тәрбиеші айтып, түсіндіріп, жасап көрсетеді: ән, би, ойын үйретуде, сурет салуда түсіндіру анық, дәл, айқын болу керек.

Өнер туындыларын көру (әдеби шығармаларға салынған иллюстрацияларды, суреттерді, альбомдарды, шығармаларды, ашық хаттарды), әдеби және музыкалық шығармаларды тьщдау, оларды салыстыру, бір-бі-рінен ажырата білу, әдеби кейіпкердің бейнесіне ену, ахуалдар тудыру әдістерімен қатар қызықтау, се-руен, ойындық әдіс-тәсілдер (сенсорлық-дидактикалық ойындар), іс-әрекет тәсілін көрсету, сөзбен түсіндіру, алған білімін бекіту үшін бақылап-зерттеу, машықта-ну, іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру мақсатында ңабылдау, қайта жаңғырту әдіістері пайдаланылады. Балалардың эстетикалық, көркемдік қабілетін, дер-бес әрекетке деген қабілетін, шығармашылық дағдысы мен іскерлігін дамыту үшін тәрбиеші ізденімпаздық әдістерін қолданады. Тәрбиеші берілген тапсырманы шешудің тәсілін табуды балалардьщ ездеріне үсынады. Бүл балаларды ойлауға, ізденуге, шешімін табуға үй-ретеді. (Мыс: Ойналған музыканы тыңда, музыканың сипатынын, қандай екенін айтып бер, ырғағына сай қалай қимыл жасап, қалай билеу керек екенін көрсет!

Мадақтау және бағалау әдісі балалармен жеке-же-ке жүмыс істеуді қажет етеді, балалардың жалпы да-муына және көркемдік тәрбие алуына ықпал етеді. Бүл әдістер тәрбиеден үнемі әділдікті талап етеді.



Қоғамдық мерекелерді (1 қыркүйек, 8 наурыз, 22 наурыз, 1 мамыр, 1 маусым) атап өту. Бүл мерекелердіқ ән-бимен, көркем сөзбен үндесіп келуі балаларға қатты әсер етіп, олардың қуанышты көңіл-күйін тудырады. Біздің еміріміздегі салтанатты мерекенің мәнін, адамдардың өзара қарым-қатынасын түсінуге кемектседі, Отанын сүюге тәрбнелейді. Бүндай мерекелер балаларды достастырады, біріктіреді, қуанышқа бөлейді.

Мерекеге дайындық кезінде тәрбиеші қонақтарды қарсы алуға, қүрметтеп күтуге үйретеді. Оларға көңіл аударып қамқорлық жасауға баулу арқылы қазақ халқына тән қонақжайлылықты қалыптастырады.

Балалардың өздері қуанышқа кенеліп, өзгелерді де шаттыққа бөлейтінін сезеді, жақсы ән салуға, би билеуге, тақпақ оқуға тырысады. Әсем безендірілген зал, ән, музыка үні балалардың көңіл кушн көтеріп, шаттыққа кенелтеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет