Қазақcтан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет75/143
Дата07.01.2022
өлшемі1,36 Mb.
#20545
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   143
Дәрістің қысқаша мақсаты:

Демографиялық ахуалды жақсартуда денсаулық сақтау саласы үлкен рөл атқарады. Әлсіз және көбіне қағаз жүзіндегі жұмыстар, коммерциялану деңгейінің жоғарылығы аналардың жүктілікке нашар дайындалуына әкеледі.Халықтың көші-қонының оң сальдосы әлі сақталып отыр, 20011 жылғы қаңтар-желтоқсанда ол 10878 (33 472) адамды құрады, оның ішінде ТМД елдерімен 2989 (26 778). Республикаға келген адамдар саны 53 309 (67 386), одан тысқары кеткендер 42431 (33914) адамды құрағанҚазақстанға келушілер арасында қазақтардың басым салмағы 78,2% (73,1%), орыстар – 12,5% (14%), немістер – 1,0% (0,9%) құраған. Қазақстаннан тысқары кеткендер ішінде орыстар үлесіне – 69,5% (67,5%), немістер – 7,1% (7,3%), қазақтар – 5,3% (6,7%) тиесілі.


Статистка агенттігінің деректері бойынша 2008 жылғы 1 қаңтарда жастар (15–29 жастағылар) саны халық құрылымы ішінде 4 288 387 адамды құрайды, пайыздық қатынас бойынша бұл үлес 27,8%. Олардың ішінде ерлері 2 168 347 адам, әйелдер – 2 120 040 адам.Экономикада жұмыс істейтін жастар саны 2 730 951, оның ішінде     15–24 жастағылар 1577355 адам, 25–29 жастағылар 1 153 596 адамды құрайды. Республика бойынша экономикалық белсенді жастар саны                2961 644 адамды құрайды, оның ішінде 15–24 жастағылар 1 710 600 адам, 25–29 жастағылар  1 251 044 адам.Осы статистикаға орай жастардың 60%-ы халықтың экономикалық белсенді бөлігін,30%ы оқушылар мен студенттер және 10%-ы жұмысшылар.
Республика бойынша барлық жұмыс істемейтін жастар саны  264 652 адамды құрайды немесе 9,6 %, олардың ішінде 15–24 жастағылар 183 610 адам немесе 10,7 %, 25–29 жастағылар 81 042 адам немесе 6,5 %.Елдің барлық қалаларында жалпы жұмссыздық деңгейінен жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі жоғары. Бұл жергілікті еңбек нарықтарындағы сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігі және ауыл жастарының қалаға кетуі салдарынан болып отыр, олар көбіне біліктілігінің төмендігі немесе мүлде жоқтығына орай жұмысқа орналаса алмайды. Демография мәселелерін шешуде  экономикалық ынталандыру келешегін сипаттай отырып,  Қазақстанда нәрестелерге арналған тамақ өнімі мен тауарлар өндірісі жоқ екенін атап кету керек. Қазақстанның өнеркәсіп өндірісі демографиялық проблемаларды шешуге бағдарланбағанын батыл айтуға болады. Сонымен қатар, елде балаларды мектепке дейінгі дайындау мекемелері жетіспейді, бұл проблема әйелдердің еңбек әлеуетін  не аналар әлеуетін іске асыруға мүмкіндік бермейді.
Бүгінде халық арасында бала туу өсімінің үрдісі байқалып отыр. Осының негізінде кейбір зерттеушілер мұны демографиялық дағдарыстан шығудың басы деп бағалайды. Кейбір демографтар мен мемлекеттік билік органдарының басшылары қазіргі кездегі демографиялық дағдарысты, ең бастысы халық санының азаюын барлық өркениетті елдерге тән әлемдік процесс деп өзін-өзі жұбатады. Бұл құбылысты демографиялық өтпелі кезең (өмір сүру деңгейі ең жоғары елдерде бала туу барынша төмен) деп сипаттайды. Бұдан екі қорытынды шығады: жалпы әлемдік үрдістерден қорықпау керек және демографиялық саясат шаралары көп нәрсені өзгерте алмайды. Бірақ бұлардың екеуі де қате ұғым.Ілгерінді демографиялық өтпелі кезеңнің негізгі құрамдас бөлігі – бұл бала туудың қат-қабат төмендеуі, ең бастысы өлім-жітімнің жоғарлауы. Қазақстанда да, бұрынғы кеңестік елдер кеңістігінде де өлім-жітім өсіп келеді және орташа өмір сүру ұзақтығы тым төмен, ол ерлерде 58 жас, әйелдерде 68 жасты құрап отыр.Сондықтан  демографиялық ахуалды жақсарту жөніндегі жұмыстарды бірнеше бағыттар бойынша жүргізу қажет:отбасылардың, әсіресе көп балалы отбасылар мәртебесін көтеру; көп балалы отбасыларына пәтер алуға және жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін алуға басым құқықты заңнамамен белгілеу; адамдардың санасына отбасылық, үш және төрт балалары бар отбасылық өмір  салтын тұрақты орнату қажет; отбасылық өмір салты сөзсіз әлеуметтік норма болуы тиіс; ата-аналар еңбегін отбасы жоқ кәсіпқой мамандардың еңбегімен заңнама арқылы теңестіру қажет, бұл үшін «отбасылық еңбекақы» енгізу керек, яғни бала тәрбиелейтін әйелге ең төменгі өмір сүру деңгейін ескере отырып және отбасындағы балалар санына қарай белгіленген ең аз еңбекақы төлеу қажет;

қызметкерлердің (немесе әйел қызметкердің) еңбекақы бөлінісі проблемасын шешу керек, өйткені ол бүгінде отбасы мүшелерінің қажеттілігіне арналған шығыстарды көздемейді және жекелеген жағдайларда жеткілікті болып табылмайды; тұрақты демографиялық, әсіресе екінші және үшінші бала туу мониторингін жүргізу қажет; балалары жоқ отбасы жұптарын емдеуді мемлекеттік деңгейде қаржыландыру қажет; шетел тәжірибесі негізінде бала тууды материалдық ынталандыру  қажет; бала тууға қабілетті әйелдерді тегін емдеу жүйесіне баса назар аудару қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет