Қазақcтан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


Баланың мектепте оқуға психологиялық даярлығы



бет83/143
Дата07.01.2022
өлшемі1,36 Mb.
#20545
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   143
Байланысты:
УМКД -Мектепке дейінгі педагогика готовый

Баланың мектепте оқуға психологиялық даярлығы.Оқуға психологиялық дайындықтың құрамдас бөліктері ретінде жеке тұлғалық шығады. Жеке тұлғалық мектепке даярлығы баланың жаңа әлеуметтік орынға ұмтылысын жатқызамыз. Бұл позиция баланың мектепке, оку іс - әрекетіне, мұғалімдерге және оқушы ретінде өзіне - өзі қатысынан байқалады.6 -7 жастағы бала үшін мұғалімнін тұлғасы аса маңызды болып табылады. Жүргізілген бақылаулар нәтижесінде мыналарды байқауға болады: мүғалімнің талап - тілегін 6 жастағылар шын көңілмен, ынта - ықыласымен орындайды.Баланың мектепке даярлығын А.А.Венгер мен К.Н. Поливанова зерттеген. Олар оқу мазмұнын ересектердің фигурасынан бөліп алу қабілетін мектепке даярлықтың басты шарты деп есептеген. Зерттеушілер 6-7 жастағы бала үшін мектеп өмірінің сыртқы формальдық жағы ғана ашылады деген. Сондықтан да олар бар ынтасымен өзін «оқушы сияқты» ұстауға тырысады, яғни қолын көтеру, жауап бергенде тұру, тік отыруға тырысады, Бірақ мұғалімнің не айтып тұрғанына және оған не деп жауап беру керек екені балаға маңызды емес, 7 жасқа қараған бала үшін кез - келген тапсырма мұғаліммен қарым - қатынас жағдайына байланысты. Бала оқытылып жатқан пәнге мән бермей - мұғалімді ең басты қатысушы адам ретінде қабылдайды. Оқыту мазмұны - байқаусыз қалады. Осындай жағдайда мұғалімнің басты міндеті балаға оқытылатын пәнді ұсыну және оны жаңа мазмұнға араластыру, қайта ашу болып табылады. Оқыту мазмұны мен оны таратушы, яғни мұғалім - баланың санасында бөліңу қажет. Егер ондай болмаған жағдайда оқыту материалында алға жылжу мүмкіндігі жойылады.
Мектеп өмірі баладан мінез - құлық ережелерін дәл орындауды, өз іс -әрекетін өз бетінше ұйымдастыра алуын талап етеді. Ересектердің талабы мен ережелеріне бағына алу қабілеті мектептегі оқуға ерік даярлығының басты көрсеткіші болып табылады.
Мектептегі оқыту интеллектуалдық дайындықты да қажет етеді. Бала өзінің мектепке дейінгі эгоцентризмін жеңіп, шындықтың әр түрлі жақтарын ажыратуы тиіс. Сондықтан да мектепке даярлықты анықтау үшін мөлшердің сақталуына арналған Ж.Пиаженің есептері пайдаланылады. Мысалы: сұйықты кең ыдыстан жіңішкеге кұю, арақашықтықтағы әр түрлі түймелер қатарын салыстыру т.б.Бала заттардың жеке жақтарын, параметрлерін көре білуі қажет, осы жағдайда ғана пәндік оқытуға ауысуға болады.Ол танымдық іс - әркеттің тәсілдерін меңгеруді шамалайды. Қабылдауда сенсорлық эталондарды, ойлау сферасында кейбір интеллектуалдық операцияларды меңгеру. Мектепке интеллектуалдық даярлықтың маңызды жағы ол баланың ақыл - ой белсенділігі мен танымдық қызығушылығы, яғни жаңа бірнәрсе білуге деген құмарлық, бақыланған құбылыстардың мәнін түсіну, ақыл - ой міндетін шешуге ұмтылу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет