Қазақcтан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


Отбасындағы тәрбие дәстүрлері



бет76/143
Дата07.01.2022
өлшемі1,36 Mb.
#20545
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   143
Отбасындағы тәрбие дәстүрлері. Әр түрлі типті отбасында балалардың жеке басын қалыптастыру. Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан ұлттық тәрбиені, озық өнегелі дәстүрлерді, адамгершілік асыл қасиеттерді жастар бойына қалыптастыруда, оны ұтымды пайдалану аса маңызды міндеттердің біріне айналып отырғаны даусыз. Сондай-ақ, ұлттық мәдениеттің, әдебиеттің, тілдің, халықтық педагогиканың тағдыры мен болашағы да мектептегі жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты. “Отбасы адамның өте маңызды, өте жауапты ісі. отбасы өмірді кемеліне келтіреді, отбасы бақыт әкеледі, бірақ әрбір отбасы, ең алдымен мемлекеттік маңызы бар зор іс болып табылады”,- деп анықтама берген А.С. Макаренко болатын.
Яғни, отбасы – қоғамның маңызды буыны және өзінше бір кішігірім ұжым. көп ұлтты мемлекетіміздің негізі осы шағын ұжымдардан қаланады. осы жағынан кез келген отбасы өзін қоғамның бір бөлігі деп түсінеді. Тәрбиедегі басты бағыт делінген тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: “Әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болу керек екенін, ұлттық болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс. Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көмектеседі, солар арқылы ол жалпы азаматтық мәдениетке аяқ басып, өз халқының мәдени игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір ұрпақ өз кезімен өткеннің тағдыры мен талаптарын, объективті факторлар ретінде ұсынып, сол арқылы ұрпақты өмірге даярлап, оларды жинақталған бай тәжірибе негізінде тәрбиелей отырып, өзінің ата-аналарының рухани мұрасын игере түсуі керек” екені айтылған. Қазіргі кезеңдегі саяси, экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы, тұрмыстағы күйзеліс, ұлтаралық қатынастардың шиеленісе түсуі, адамгершілік құндылықтардың құлдырауы, білімге, адал еңбекке деген ынтасының азаюы, отбасын құруға жауапкершілікпен белсенді қарамауы, зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің бел алуы т.б. мәселелері жастар тәрбиесіне жаңаша қарауды талап етіп отыр. Сонымен қатар, қазақ халқының әріден келе жатқан мәдениетін және білім, тәлім-тәрбие беру жүйесінің негіздерімен жан-жақты танысу бүгінгі күннің басты бағдары, талабы десек те болады. Қазақ табиғатында отбасы иелері балаларының алдында өздерінің тіршілік әрекетінде барлық адамгершілік қасиеттерін, үлгісін көрсете білген. Оның басты себебі “ұлдың ұяты әкеде, қыздың ұяты шешеді” деп бағалағандықтан. Сондықтан, ата-ана балаларын тұрмыс пен салтқа бейімдеп, шеше көріп тон пішуге, әке көріп оқ жонуға баулитын болған. Осылайша ұрпақтың отбасы тәрбиесі ешқашан күн тәртібінен түскен емес. Бұрынғы қазақ жастары тәрбиені мектеп пен медреседе оқып білмесе де қызы анадан, ұлы әкеден үлгі-өнеге алған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет