Қазақcтан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


Ата-ана тәрбиесі және олардың міндеттері



бет77/143
Дата07.01.2022
өлшемі1,36 Mb.
#20545
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   143
Байланысты:
УМКД -Мектепке дейінгі педагогика готовый

Ата-ана тәрбиесі және олардың міндеттері: Отбасы үшін ежелден тән қасиетті балажандық, балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, үлкенді құрметтеу, туысқандық кең байланыс, көршілермен және ұлты басқа халықтармен достық, ізгілік қатынастар осының бәрі қазақ халқының тұсмыс қалпына байланысты болған. Қазақ қыз-келіншектері мен ер азаматтарының бойында өзге халық өкілдерінің бойынан көрінетін дара қазақы болмысы жарқырай көрініп, жүрекке жылы әсер еткен. Әсемдік пен әдептілік үйлесімдік тапқан. Мәселен, ата-ана құқықтары қыз беріп, қыз алу, құда түсіп, құдалы болу, қазақ некесінің ерекшеліктері, қалың мал мәселесі, бата бұзу, ажырасу, бала асырау, әмеңгерлік, мирас пен мұра т.б. ежелгі отбасы дәстүрлері мен соған қатысты қағида ерекшеліктері жайында мағлұматтардан қазақ халқының отбасына ерекше мән бергенін, шаңырақ шайқалып, босаға босамауына назар салғанын көреміз.
Жас отаудың пайдасына асатын әдет-ғұрыптар келешегін, нәсілінің болашағын ескертуден туындап, халқымыздың ұлын үйлендіріп, қызын ұзатуда ғыасырлар бойы желісін үзбей жалғасып келген. Ата-анамыз екі жасты үйлендірмес бұрын оларға мынадай шарт қояды: біріншіден, қалыңдықты жеті атадан асырып іздеу қажет. Бұл талаптың мәнін халқымыз былай түсіндіреді: “қандас туыс адамдар үйленсе дұрыс бала туылмайды, туыла қалғанның өзінде ғұмыры қысқа болады.” Екіншіден, ағайын-туысқан арасында әдепсіз, жағымсыз қылықтар етек алып, ынтымақ бұзылады. Осылайша атақты қазақтар қашанда өзінің баласына басқа бір рудан, тайпадан барып, өзінің теңіндей адамдардың қызын айттыруға тырысады. Соңғы кезде қазақ халқының табиғатына тән, ана сүтімен сүйекке сіңген ізгі әдет-ғұрыптардан тыс қалып бара жатқандаймыз. Өз ұлтының өткені мен болашағына бей-жай қарайтын тәрбиеден тысқары қалған жастар аз емес. Ата-ананы сыйлау, үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізет білдіру, әдеп сақтаудан хабарсыз кей жастардың қылығы әркімнің-ақ намысына тиері сөзсіз. Халық өнерін игеру – жастарды еңбек сүйгіштікке, әсемдікке бағыттап, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, жақсы әдет, дәстүрлерін жалғастыруға баулиды. Ұлттық тәжірибеміз отбасынан басталып, кейін де жалғасын тауып жатса, қазіргідей қазақ халқының қанында жоқ, ата-баба тәрбиесіне жат өзін жарық дүниеге әкелген анасын, әлпештеп өсірген асқар тауы әкесін қарттар үйіне өткізген, нашақорлық пен маскүнемдікке салынғандардың шаңырағы ортаға түспес еді. . Ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән берген ата-бабамыз асыл сөздің кестесімен сәби жүрегін тербеп, ой-санасын игі адамгершілікке жетелейді. Сондықтан кең байтақ ата жұрттан ертеден жас буынға жалғасып келген ар-ұят сақтау, мейірімді, шарапатты болу салтанатын құрды. Ұнасымды қарым-қатынас жасай білу. Бұл адамзат баласының әу бастан өз өміріне серік етіп, ұғыныса, сыйласа, тіршілік құру сапарында алға ұстап келе жатқан әдеп салттарының ең көкейкестісі. Адамдар өздерінің арасында тату, кішіпейіл, өресі деңгейлес қатынастардың тату болғаны жөн екендігіне ежелден-ақ ден қойған.
Дәстүрге арқа сүйемегеннің көсегесі көгермейді деген атамыз. Яғни отбасы ауыл-аймақ, көпшілік, қоғам болып адамдарды тәрбиелеу қазақ халқының өмірінен өзекті орын алған. Салт-санасы, әдет-ғұрпы, ойын-тойы осы мақсатты іске асыруға бейімделе жүргізілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет