Қазақcтан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


Баланың мектепке дайындығын анықтау



бет84/143
Дата07.01.2022
өлшемі1,36 Mb.
#20545
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   143
Баланың мектепке дайындығын анықтау.Баланың мектепке психологиялық дайындығын тексеру мақсатымен олардың окуга дайындық мүмкіндігі және даму дәрежесін анықтау жүргізеді.
Зерттеу жұмысын жеке балалармен немесе тұтас топпен де жүргізуге болады.
Психологиялық зерттеудін мынадай шарттары бар.Баланың мектепке даярлығын мектепке дейінгі кеме психологы және балалар емханасындағы дәрігерлер анықтайды.
Балабақшаға бармайтын бала болса, онда оны жергілікті дәрігер анықтайды және баланың мектепке даярлық деңгейі медициналық психологиялық -физиологиялық шарттар бойынша анықталады.Медициналық шарттарға мыналар жатады:Анатомиялық - биологиялық даму деңгейі;
Тексеру кезіндегі науқастығы;Өткен жылғы науқастығы, мектепке қажетті функциялар дамуының психо - физиологиялық шарттары, бала психикасының даму деңгейін көрсететін психологиялық тұрғыда құрылған танымдық сұрақтар болады.Мысалы: Кейн - Йерасек сынағы және тіл дыбысты айту санасын анықтау жұмысы жүргізіледі. Баланың мектепке дайындығын анықтау жөніндегі дәрігерлердің жұмысы 2 кезеңнен тұрады және мектепке қажетті функциялардың дамуындағы кемшіліктерді түзетуге ерекше мән береді.Баланың оқуға даярлығын терең зерттеу мектепке баратын жылдың алдында,азан және қараша айларында өткізіледі. Ал медициналық жоспарлы түрде диспансерлік тексеруді бала - бақшада, балалар емханасында ларинголог, психоневролог, хирург, ортопед, тіс дәрігерлерінің бақылауынан өтеді.Балалардың алғашқы әр жақты медициналық психо - физиологиялық тексеру нәтижелері олардың дәрігерлік даму карталарына түсіріледі.Денсаулығы нашар, әртүрлі ауытқуларға ұшыраған балаларға сауықтыру және емдеу шараларының комплексі белгіленеді. Мектептеп оқуға қажетті функциялары жете дамымай қалған кемістігі байқалған балалардың тіліндегі және колдың бұлшық ет қозғалысын дамыту үшін әртүрлі жаттығулармен шұғылдану шаралары ұсынылады. Мұндай емдеу сауықтыру шараларын балалар емханасының маман дәрігерлері жүзеге асырады.Баланың дыбыстарды айтуындағы кемістіктерді жою сабақтарын да жүргізеді. Қолдың бұлшық ет қозғалысын дамытуға арналған сабақтар мен жаттығуларды психолог, бала тәрбиешісі немесе ата - аналары жүргізе алады. Атап айтқанда, сурет салуды тапсыру, құрастыру, конструкциялық ойындар, әртүрлі жазу емлелерін жазып үйретуге болады. Баланың белсенді сөздік қорын анықтау үшІн сынақтар да ұйымдастыруға болады.Мектепке барар балаладың ақыл – ойы принципі оралымдылығын анықтау үшін авторлық әдістемелер. Енді мектепке барар балалардың ақыл - ойының оралымдылығын анықтау үшін логиикалық ойлауын, арифметикалық дағдыларын, кеңістікті бағдарлауын, қабылдауының жылдамдығын тексеретін авторлық әдістемелерден мысалдар келтірейік:
1. Векслер тесті. Балалардың сөздік қоры, заттардың ұқсастық белгілері мен айырмашылықтарын ажырату, санамақты есіне сақтау дағдыларын өлшейтін тапсырмалардан құралады. Тест мазмұны ақыл - ойдың жалпы көрсеткішін құрайтын сөздік және сөздік емес тапсырмалардан тұрады Ағылшын тіліндегі бүл әдісті орыс тілінде «сөйлеткен» А.Ю.Панасюк.
2.Л.С.Выготский әдістемесі. Балаларға топтама сөздер оқылып, оларды бір
сөзбен қалай атауға болатыны сұралады. Мысалы: көйлек, күрті, шалбар, малақай - киім. Бұл әдістеме арқылы ұғымдардың қалыптасуы мен оларды жинақтай білу іскерлігі анықталады.
3.А.Р.Лурияның «Пиктограмма» әдістемесі. Мақсаты - құралдарды пайдалану арқылы балалардың есте сақтауының даму деңгейін анықтау. Зерттеуші есте сақтауға он, он екі сөздер мен сөз тіркестерін ретімен атайды. Ал бала әр сөзге сол сөзді есіне түсіретіндей сурет салуы тиіс.
4.Е.Е.Кравцованың «Кім үлкен?» деп аталатын әдістемесі арқылы балалардың ойлау операцияларының даму деңгейін анықтайды. Әдістеме ауызша есептерді ойша шешу арқылы орындалады: қоян - қасқырдан үлкен, қасқыр - агодан үлкен. Сонымен кім үлкен ? Қоян ба, аю ма?
5.С. Я. Рубинштейннің «10 сөзді жаттау» әдістемесі ерікті есте сақтау деңгейін тексеруге мүмкіндік береді. Қалыпты жағдайда дамып келе жатқан баланың әр бір жаңа сөз сайын есте сақтауды арта береді, ал медициналық, психологиялық көмекті қажет ететін балалардың есте сақтауы,керісінше,кеми береді.

6.Баланың мектепке оқуға ықыластық даярлығын анықтау үшін Н.Л. Белопольскаяның әдістемесім қолдануға болады. Әдістеменін міндеті -баланың ойынға және оқуға ықыласын байқау. Ойын элементтерін пайдаланып, ынталандыру арқылы белгілі бір тапсырмалар жүйесін орындатады.


7. Д.Б.Элькониннің «кескіндеме диктант», Л.А.Венгердің «Өрнекті диктант», Л.И.Цеханскаяның «Өрнек» әдістемелері үлкеннің нұсқауын тыңдап, оны орындау мен өзінің әрекетін белгілі бір тәртіпке бағындыру іскерлігін анықтау үшін қолданылады.Берілген әдістемелердің барлығы қарапайым, өлкелік, ұлттық ерекшеліктер алшақтығы аса көп мөлшерде емес. Сондықтан, авторлық әдістемелердің біразын (1,2,3,4,5,6) түп - нұсқаға сүйене отырып, қазақ тілніде жаңа әдістеме ретінде қайта жасауға болады. Ал, 7 үлгіні өзгеріссіз, сол қалпында пайдалану керек. Себебі, ол сөздік емес әдіс. Бүгінгі күнде мектепке окуға дайындық іс жүзінде жалпыға танымал көл компанентті білім бола отырып, ол кешенді психологиялық зерттеулерді талап етеді. Психологиялық дайындықтың құрамына мынадай компаненттерді жатқызуға болады:
1. Интеллектуалдық дайындық - баланың ой - өрісін, нақты білім қорын қарастырады.
2. Жеке тұлғалық дайындық - баланың мектепте оқу әрекетіне, ұстаздарға, өзіне қатынасын көрсетеді.
3. Әлеуметтік - психологиялық дайындық - баланың құрбылармен, мұғалімдермен қарым қатынасын, соның ішінде баланың коммуникативтік ерекшелігін көрсетеді.
Әр бір жас бүлдіршіннің мектепте оқуға даярлығында осы жоғарыда аталған 3 компанент басты рөл атқарады.Сонымен, мектепке барар баланың дайындық деңгейін анықтау үшін қарастырылған әдістемелерді іс жүзінде пайдалану арқылы мектеп психлогі әр бала туралы жан - жақты түсінік алады. Мектепте баланың негізгі әрекеті оқу болғандықтан, оның бар ынта - жігерін, ерік - күшін оқуға бағыттау үшін оған қандай карым - катынас түрін пайдалану мәселесін шешуде бұл деректер психолог кызметіне ете қажет болып табылады.6-7 жасар баланың мектепке психологиялық даярлық деңгейін анықтауға арналған әдістемелер қоры сан алуан. Қойылған мақсат ерекшелігіне байланысты тиімді әдістер мен тәсілдерді таңдау зерттеу жүргізетін маман іскерлігіне байланысты. Сондықтан, маман — психодиагностика баланың мектепке қабылданар алдындағы психологиялық даярлық деңгейін анықтауға қолданатын әдіс - тәсілдерді жиі өзгертіп, жаңалап отыруы тиіс. Осы ретте ескерілуі тиіс шарт тағы бір мәселе - анықтау шараларының мүмкіндігінше кешенді бағдарламалық сипат алуын қадағалау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет