Қазақcтан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


Дәрістің қысқаша мазмұны: Мектепке дайындық



бет80/143
Дата07.01.2022
өлшемі1,36 Mb.
#20545
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   143
Дәрістің қысқаша мазмұны: Мектепке дайындық – мектепке дейінгі ересек жастардың міндетті оқу формасы. Мектепке дайындықты құру бірқатар себептерге байланысты, ең алдымен – мектепке дейінгі ұйымдардың жаппай жабылуы себепші болды, нәтижесінде  1995-1999 жылдар балалардың көбі  қажетті психологиялық, когнитивтік, жалпы мәдени дайындықтан өтпей мектепке бара бастады. Балалардың көбі мектеп жағдайындағы жаңа жағдайға тап болып, оқиғаларды қабылдауда қинала бастады. Бірінші сынып оқушыларының мұндай сенімсіз тәртіптері қоршаған ортаның кері эмоциясын тудырды, бұл баланың психикасын бұзды, оған деген жаман қатынастың пайда болуына әкеліп соқты, өкінішке орай мұғалімде де сондай реакция тудырды. Соған байланысты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 1998-1999 жылдары еліміздің «Білім туралы» жаңа Заңының жобасын дайындау барысында мектепке дайындық деп аталатын жалпы ағарту бағдарламасы аясында мемлекеттік білім беру ұйымдарында бес-алты жастағы балаларды міндетті және ақысыз мектепке дайындау туралы заңа заңдық формасын жасауды бастамаға алды. Заң қолданысқа 1999 жылы 7 маусымда енгізілді.
Мектепке дейінгі сыныптар ашу механизмін анықтау үшін 1999 жылғы қарашада еліміздің Үкіметімен №1762 «Балаларды міндетті мектепке дайындау мәселесі туралы» қаулы қабылданды. Сол қаулыға байланысты 5-6 жастағы балаларға арналған бір жылдық мектепке дайындық сыныптары жалпы білім беру мектептерінде және ведомстволық бағыныстылығы және жекеменшік формасына байланыссыз білім беретін басқа ұйымдарда ашыла алады. Сондай-ақ, мектепке дейінгі ұйымдардың үлкен және дайындық топтар базасында мектепке дейінгі топтары ашыла алады.Мемлекеттік ұйымдарда мектепке дейінгі дайындық (балабақшаларда және мектептерде) мемлекет бюджетінен қаржыландырылуы тиіс. Бұдан басқа, қаулымен ата-аналар міндетіне 5-6 жастағы балалардың мектепке дайындығы артылады.  
Білім органдарымен соңғы бес жылда мектеп жанында және балабақшаларда 12 мың мектеп алды сынып топтары құрылды. Мектепке дайындық нәтижесінде 5-6 жастағы 72% бала, сонымен қатар қалалық жерлерде – 75%, ауылдық жерлерде – 68%.  38% бала мектепке дайындық курсын метепке дейінгі ұйымдарда алып жатыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет