Байланысты: УМКД -Мектепке дейінгі педагогика готовый
Баланың мектепке келу мәселесі.Балаларды мектепке дайындау, мектепке бейімделуін және оқытудың жетістігін қамтамасыз ететін маңызды құрамы психологиялық дайындық компоненттері болып табылады. Баланың жеке тұлғасының даму мәселесін ойдағыдай шешу, оқытудың тиімділігін арттыру үшін балалардың мектепте оқуының дайындық деңгейін нақты ескере отырып, дұрыс бағытта жұмыс жасай білу керек.Балалардың мектепке даярлығы төмендегі параметрлер бойынша анықталады. Олар:
1.Жоспарлау - бұл мақсатқа сәйкес өз іс - әрекетін ұйымдастыра білу іскерлігі:-баланың әрекеті мақсатпен сәйкес келмеуі - төменгі деңгей;-баланың әрекеті мақсаттың мазмұнына жартылай сәйкескелуіорта деңгей;мақсаттың мазмұнына баланың әрекеті толығымен сәйкес келуі - жоғары деңгей.
2.Бақылау- қойылған мақсатпен өз әрекетінің нәтижесін салыстыру іскерлігі:- бала әрекетінің нәтижесі қойылған мақсатқа мүлдем сәйкес келмеуі - төменгі деңгей (баланың өзі бұл сәйкессіздікті көрмейді);- бала әрекетінің нәтижесі қойылған мақсатқа жартылай сәйкес келуі - орта деңгей (жартылай сәйкессіздікті бала өз бетінше көре алмайды);
бала әрекетінің нәтижесі қойылған мақсатқа толық сәйкес келуі, бала өз бетінше алған нәтижесі мен қойылған мақсатты салыстыра алуы - жоғары деңгей.