3.Оқу мотивациясы - бұл заттардың және қоршаған әлем заңдылықтарының жасырын қасиеттерін табуға, қолдану ұмтылу:бала тек қана заттардың сезім мүшелеріне мүмкін болатын қасиеттеріне ғана бағытталса, онда ол - төменгі деңгей;бала қоршаған әлемнің кейбір жалпыланған қасиеттеріне бағытталуға және жалпылауларды табуға қолдануға тырысады;
қоршаған әлемнің заңдылық қасиеттерін қабылдаудағы кұпияны табуға тырысудың айқын көрінуі және осы білімді өз іс - әрекетінде қолдануға деген құштарлық - жоғары деңгей.
4.Ақыл—ой дамуының деңгейі.Өзге адамды тыңдай білмеуі, талдау, салыстыру, жалпылау, абстракциялау және нақтылау сияқты логикалық операцияларды сөздік түсінік түрінде орындауы - төменгі деңгей;өзгені тыңдай алмауы және сөздік түсінік түрінде орындалган логикалық операциялардағы қателіктер бұл орташадан төмен көрсеткіш;өзгені тыңдай алмауы және сөздік түсінік түрінде берілген салыстыру, жалпылау сияқты қарапайым логикалық операциялардың қатесіз орындалуы, күрделірек логикалық операцияларды, яғни абстракциялаудағы, нақтылаудағы, талдаудағы, жинақтаудағы жіберілген қателіктердің болуы орта деңгей;өзгені түсінудегі және барлық логикалық операцияларды орындаудағы кейбір қателіктерді, бала ересектің көмегінсіз өзі түзетуі бұл жоғары деңгей;өзге адамды тыңдай алу мүмкіндігінің болуы және сөздік түсінік түріндегі барлық логикалық операцияларды орындауы - бұл өте жоғары деңгей. Осы аталған параметрлер бойынша мектепке келеген баланы былайша бөліп көрсетуге болады:
1. Мектепке даярлығы жоқ бала - өз әрекетін жоспарлай және бақылай алмауы, оқу мотивациясы төмен (тек сезім мүшелеріне ғана бағытталған), өзгені тыңдайды және түріндегі логикалық орындауды білмейді.
2.Мектепке даярлығы бар бала - өз әрекетін басқарып бақылай алады (немесе осыған қарай ұмтылады), қоршаған ортадағы заңдылықтармен, заттардың жасырын қасиеттеріне бағытталған, өзгені тыңдай алады және сөздік түсінік түрінде логикалық операцияны орындай біледі (немесе тырысады).
Балаларды жетік зеттеу мектепке барар алдында сәуір — мамыр айларында іске асырылады. Тексеру нәтижесінің негізінде баланың мектепке даярлығы жайлы қорытындыны психологиялық — педагогикалық сараптау комиссиясы береді. Бұл комиссияда психолог, физиолог, дәрігер - педиатр және мұғалім болады. Бұл көрсетілген әр түрлі деңгейлі дифференция жағдайында комиссия 1, 2, 3 деңгейге бөлінген сыныптар құруына мүмкіндік алады. Балаларды жетік зеттеу мектепке барар алдында сәуір — мамыр айларында іске асырылады. Тексеру нәтижесінің негізінде баланың мектепке даярлығы жайлы қорытындыны психологиялық — педагогикалық сараптау комиссиясы береді. Бұл комиссияда психолог, физиолог, дәрігер - педиатр және мұғалім болады. Бұл көрсетілген әр түрлі деңгейлі дифференция жағдайында комиссия 1, 2, 3 деңгейге бөлінген сыныптар құруына мүмкіндік алады.
Достарыңызбен бөлісу: |