Қазақcтан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


Мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгі ережесi



бет87/143
Дата07.01.2022
өлшемі1,36 Mb.
#20545
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   143
Мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгі ережесi. Мектепке дайындық . Мектепке дейінгі тәрбиені ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету осы күнге дейін мектепке дейінгі тәрбие – бұл мектепке дейінгі ұйым принципі бойынша іске асырылды. Сондықтан, мектепке дейінгі педагогика саласындағы ғылыми-әдістемелік зерттеулердің көбісі мектепке дейінгі мекемелерді ұйымдастыру проблемаларына келіп тірелді. Осыған байланысты мектепке дейінгі білім беру методологиясы мойындалмай келді және қажетті нәтиже бермеді. Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымдар желісінің қысқаруына байланысты, әсіресе ауылдық жерлерде білім алуға қол жетімділік және оларды әдістемелік сүйемелдеу айтарлықтай шектелді. Осының бәрі мектепке дейінгі білім берудің стандарты мен сапасына қойылған талаптардың төмендеуіне әкелді. Соңғы уақытқа дейін кәсіптік және ақпараттық мониторингінің қажеттілігіне мән берілмеді, ал мектепке дейінгі тәрбиенің педагогикалық кадрларын даярлау мен қайта даярлау жүйесі өте нашар дамыған және еңбек нарығының қажеттіліктеріне жауап бере алмады, бұған қоса, мектепке дейінгі білім беру жүйесі мамандарын даярлау әліде болса дәстүрлі кеңестік үлгіде қалып отыр.  Колледждер мен жоғарғы оқу орындары осы бағытта жеткіліксіз тиімді жұмыс істеді, себебі, елімізде мектепке дейінгі ұйымдар желісінің қысқаруына байланысты мектепке дейінгі мамандарды даярлау қажеттілігі болмады. Қорыта айтқанда, бұл мәселе бүгін ерекше өзекті болып отыр, өйткені мектепке дейінгі тәрбие жүйесінің педагогикалық мамандарының тапшылығы байқалады, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейтін педагог мамандығы жастарды қызықтырмайды, осыған байланысты мамандардың «қартаю» тенденциясы байқалады.
Мемлекет дамуының бұдан бұрынғы кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдар желісінің қысқаруына байланысты бір миллионнан аса бала үйде «тәрбиеленуде», ал, 2005 жылдың 1 қазандағы мәліметтері бойынша республиканың мектепке дейінгі тәрбие жүйесінде 1283 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істейді, онда барлығы 192,5 мың бала тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі ұйымдардың жеткіліксіз дамуы, әсіресе ауылдық жерлерде, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға қол жетімділікті төмендетеді. Сонымен қатар, МДҰ- топтарда бала саны жеткілікті түрде толық (40-50 балаға дейін), осының өзі сапалы білім беруде біршама проблемалар тудырады.
Жалпы орта білім беретін мектептердің мектепалды сыныптарын міндетті мектепалды дайындықпен қамтуды кеңейту және оны одан ары дамыту қажеттілігі бар. 
Мектеп жасына дейінгі дамуы жағынан мүмкіндігі шектеулі балалардың 80% -ға жуығы өмірлерінің ең жауапты кезеңінде денсаулықтарын толыққанды физикалық және психикалық тұрғыда қалыптастыру мүмкіндігінен айырылған.Мектепке дейінгі ұйымдардың материалдық-техникалық базасы бұрынғысынша нашар күйде қалып отыр, олардың жалпы саны 1283-нің тек 638-і (57%) ғана типтік жоба бойынша салынған ғимараттарда орналасқан, 544-не (48,6%) күрделі жөндеу жұмыстары қажет. Мектепке дейінгі ұйымдарды толығымен жабдықтау өзекті мәселелердің бірі: ыстық сумен тек 828 (64,5%) ұйым ғана қамтамасыз етілген, 149-ы (11,6%) – әліде жағатын пешті қолданады, ал 298-де (26,6%) – дәретханалар аулада орналасқан. Бір қатар обылыстарда ауыз су мәселесі шешілмей келеді.Сондықтан, мектепке дейінгі білім беру қызметкерлерінің алдағы болатын тамыз конференциясында Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі және Үкіметтің директивтік, нормативтік құжаттарын талқылауға мүмкіндік жасау керек, нақты айтқанда ҚР «Білім туралы» жаңа Заңының жобасын;    Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына толықтырулар енгізу, Президенттің халыққа жолдаған «Қазақстанныңбәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» жолдауының негізгі идеяларын жүзеге асыру бойынша практикалық ұсыныстар жасау мақсатында білім беру және ақпараттық қызмет көрсету нарығын зерделеу.Конференцияларда сапалы білім беру қызметін ұсынуды қамтамасыз ету, тиімді іс-әрекет етуші мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамыту жөніндегі  мәселелер принципті баға алуы қажет. Мектепке дейінгі білім берудің, оқу-әдістемелік әдебиеттердің сапасы, мектепке дейінгі білім беру жүйесін ақпараттандыру, педагогикадағы ғылыми-инновациялық технологиялар негізінде авторлық бағдарламалар құру, мемлекеттік тілде оқыту сапасын арттыру, шетел тілін ерте оқыту және көп тілді білім берудің  жаңа мемлекеттік стандарттарын әзірлеу жөнінде талқылау қажет. Мектепке дейінгі білім беру саласы мамандарының кәсіби құзыреттілігін арттыру жүйесіндегі стратегиялық басымдықтарды анықтауға, сондай-ақ «мамандар тапшылығы» мәселесін шешуге, үздіксіз білім берудің ұлттық үлгісін дамыту үшін мектепке дейінгі білім беру саласының басымдықтарын анықтау, әлемдік білім беру кеңістігімен ықпалдасуға  ерекше назар аудару керек.  Конференцияны ұйымдастыру тәртібін, жұмыс жүргізу нысандарын  білім беруді басқару органдары жергілікті өзін-өзі басқару және атқарушы билік органдарының келісімімен жергілікті жердің жағдайы мен мүмкіндігін есепке ала отырып, анықтайды. Конференцияға қатысуға жергілікті өзін-өзі басқару және атқарушы билік органдарының, педагогикалық қауымның, қоғамдық ұйымдардың өкілдерін, шаруашылықтар, кәсіпорындар басшыларын тартуға болады. Пленарлық және секциялық отырыстарды өткізген орынды деп санаймыз. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет