Қазақcтан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет30/143
Дата07.01.2022
өлшемі1,36 Mb.
#20545
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   143
Дәрістің қысқаша мазмұны:Даму және тәрбие.Мектепке дейінгі шақта баланың дамуы мен тәрбие туралы айтқанда, ең алдымен, адамның жеке басының жалпы дамуына, тәрбиесіне тоқталамыз. Қоғамда өмір сүретін, сол қоғамның мүшесі, қоғамда атқаратын ролі, орны, белгілі құқығы бар нақты адамды – жеке адам деп түсінеміз. Жеке адамның белгілі дәрежеде рухани, дене және психиасы жағынан дамыған тұлғасы, белгілі көзқарасы, өзгелермен қарым-қатынасы, өзіндік талап-тілегі, белсенділігі т.б. моральдік қасиеттері болады. Бұлардың бәрі даму, тәрбие арқылы бірте-бірте қалыптасады. Ал қалыптасу дегеніміз адамның жеке басының даму мен тәрбиенің нәтижесінде жетілуі, саналы өмір сүруге дайын болуы. Адам қасиеттерінің дамуы сәбилік шақтан басталып, мектепке дейінгі, мектеп шағында да, есейген шақта да жетіле береді. Даму мен тәрбиенің арасы өзара тығыз байланысты. Даму – сапалы өзгеріс ол организмнің анатомиялық, физиологиялық жағынан өсіп, өзгеруінен, психикалық және әлеуметтік жетілуінен байқалады. Өсу – бала денесінің сан жағынан өзгеруі – клеткаларының көбеюі, өсуі, сүйектерінің қатайып, бекуі болса, «даму» ұғымы өсуден анағұрлым күрделірек. Бұған баланың туа біткен және қоршаған ортаның ықпалынан кейін қалыптасқан қасиеттерінің сандық, сапалық жағынан жетілуі, ой – сананың дамуы жатады. Олай болса, жеке бастың дамуы дегеніміз бала денесінің өсуі, психикасының барлық жағынан: іс-әрекет үстінде, шындықты бейнелеуде, айналасындағыларға, адамдарға қарым-қатынасында жетілуі, таным процесінде сапалы өзгеруі. Баланың дене жағынан дамуы салмағының артуынан, бойының өсуінен, нерв жүйесі әрекетінің жетілуінен, қимылының дамуынан көрініс табады. Бұл дененің биологиялық жағынан жетілу сатысын сәулелендіреді. Ал психикалық дамуы дене дамуымен бірлікте іске асады.

Психикалық даму – сананың дамуы. Бұл орталық нерв жүйесінің қызметімен, ойлау және сөйлеудің дамуымен байланысты.

Даму ұғымы. Адамның дамуы дене, психикалық және әлеуметтік жетілу, пісу процесі болып табылады да, туа біткен және өсе келе бойға сіңген қасиеттердің, сандық және сапалық өзгерістерінің бәрін қамтиды. Дене дамуы бойдың, салмақтың өзгеруімен, бұлшықеттер күшінің артуымен, сезім мүшелерінің жетілуімен, қимылдардың үйлесімділігімен, т.б. байланысты. Психикалық даму процесінде танымдық, еріктік, эмоциялық процестерде, жеке адамның психикалық сипаттары мен белгілерінің қалыптасуына елеулі өзгерістер болады. Даму барысында баланың биологиялық индивид ретінде адамға, жеке адам ретінде адамзат қоғамының мүшелеріне айналуы жүзеге асады. Адамның дамуы дегеніміз – оның тегінде бар және туа біткен белгілердің жай ғана сандық көрінісі емес. Даму – бұл ең алдымен айналадағы болмыстың ықпал жасауымен ағза мен психикада болып жатқан сапалық өзгерістер. Адамның дамуы мен оның жеке басының қалыптасуы біртұтас процесс.

2. Тұқым қуалаушылықтың адам дамуындағы рөлі. Тұқым қуалаушылық – жас ұрпаққа ата-аналардың бойындағы биологиялық ұқсастығының берілуі. Мысалы: ата-ананың дене бітімі, өңі, шашы мен көзінің түсі, т.б. адам ағзаларының қасиеттері, жүйке жүйелерінің кейбір ерекшеліктерінің берілуі. Генетиканың қазіргі түсінігі бойынша тұқым қуалау дегеніміз – барлық ағзаның өз ұрпағында өздеріне ғана тән биосинтезді және зат алмасуды қайталап отыруы. Педагогика тұқым қуалаушылықтың рөлін жоққа шығармайды, тұқым қуалаушылық арқылы кейбір биологиялық сипаттағы икемділік, бейімділік, қабілеттілік ауысып отырады, бірақ ол дамуда негізгі анықтаушы рөл атқармайды деп есептейді.

Адамның мінез-құлқының тұқым қуалаушылық программасы адамзат тұқымын жалғастыра түсу, ағзаға оның өмір сүру жағдайларының өзгеруіне икемделуге көмектесетін реттеу жүйесін қамтамасыз ету мақсатын көздейді. Адам ағзасының анатомиялық-физиологиялық құрылымы,оның жетілу сатылары және жүке жүйесі құрылысының ерекшеліктеріне терінің көздің, шаштың түсі, сондай-ақ адамның адамзат тұқымының өкілі ретіндегі ерекшеліктері, яғни жоғары қабілетті ми, сөйлеу, еңбек ету қабілеті жатады.



Ортаның жеке адамды қалыптастырудағы рөлі.Орта деген ұғымға стихиялы түрде балаға ықпал етіп отыратын әр қилы сыртқы құбылыстардың комплексі жатады. Орта адамның дамуына елеулі әсер етіп отырады. Баланың дамуы үшін, біріншіден, табиғи орта: тамақ, ауа, жылылық, жарық; географиялық орта,

Ортаның адам дамуына тигізетін әсерін қарағанда, біз жеке адамның қалыптасуын сөз етеміз. Ал “жеке адам” деген ұғымға келсек, ол әлеуметтік ортамен барынша алуан түрлі өзара әрекеттердің әсерімен адам бойында қалыптасатын қасиеттерді қамтиды. Ортаның әсері туралы сөз болғанда, ең алдымен әлеуметтік, яғни нақ сол қоғамдық-саяси формацияға тән қоғамдық қатынастардың жиынтығымен айқындалатын орта айтылады. Әлеуметтік орта деген ұғымға қоғамның материалдық тұрмыс жағдайы, оның экономикасы, қоғамдық және мемелекеттік құрылысы, өндірістік қатынастар жүйесі және адамдардың солар белгілейтін өмір салты енеді.



Адамның жеке басын қалыптастыруға әсерін тигізетін негізгі әлеуметтік институттардың қатарына мыналар жатады: халыққа білім беру жүйесінің барлық буындарын қамтитын оқу-тәрбие мекемелері, қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат тарату құралдары мен қоғамның негізгі ұясы ретіндегі отбасы. Адам әлеуметтік ортаның жемісі болып табылады. Ол әлеуметтік жағдайлардың өзгеруіне байланысты бірқатар өзгерістерге душар болады. Адамның жеке басы оның өмірінің әлеуметтік жағдайларының ерекшеліктерін де, оның қай топқа жататынын да, оның табының қоғамдық құрылымындағы жағдайын да бейнелейді. Әлеуметтік жағдайлар түбегейлі өзгергенде, адамның бүкіл рухани бейнесі де өзгереді. Тәрбиенің адам дамуындағы рөлі.Мектепке дейінгі шақтағы баланың дамуы мен тәрбиесі туралы айтқанда, ең алдымен, адамның жеке басының жалпы дамуына, тәрбиесіне байланысты. Қоғамда өмір сүретін, сол қоғамның мүшесі, қоғамда атқаратын ролі, орны, белгілі құқығы бар нақты адамды – жеке адам деп түсінеміз. Жеке адамның белгілі дәрежеде рухани, денесі және психикасы жағынан дамыған тұлғасы, белгілі көзқарасы, өзгелермен қарам қатынасы, өзіндік талап-тілегі, белсенділігі т.б. моралдық қасиеттері болады. Бұлардың бәрі даму, тәрбие арқылы бірте-бірте қалыптасады. Ал қалыптасу дегеніміз адамның жеке басының даму мен тәрбиенің нәтижесінде жетілуі, саналы өмір сүруге дайын болуы. Адам қасиеттерінің дамуы сәбилік шақтан басталып, мектепке дейінгі, мектеп шағында да, есейген шақта да жетіле береді. Жас ұрпақты қоғамдық өмірге және еңбекке араласуға дайындау міндетін іске асыруда баланың жеке басын қалыптастыруға әсер ететін тәрбие, қоғамдық-әлеуметтік орта және тұқым қуалаушылық сияқты негізгі факторлардың бәрі пайдаланылады. Даму мен тәрбиенің арасы өзара тығыз байланысты. Даму – сапалы өзгеріс ол организмнің анатомиялық, физиологиялық жағынан өсіп, өзгеруінен, психикалық және әлеуметтік жетілуінен байқалады. Өсу – бала денесінің сан жағынан өзгеруі – клеткаларының көбеюі, өсуі, сүйектерінің қатайып, бекуі болса, «даму» ұғымы өсуден анағұрлым күрделірек. Бұған баланың туа біткен және қоршаған ортаның ықпалынан кейін қалыптасқан қасиеттерінің сандық, сапалық жағынан жетілуі, ой-сананың дамуы жатады. Жеке бастың дамуы дегеніміз бала денесінің өсуі, психикасының барлық жағынан: іс-әрекет үстінде, шындықты бейнелеуде, айналасындағыларға, адамдарға қарым-қатынасында жетілуі, таным процесінде сапалы өзгеруі. Психикалық даму – сананың дамуы. Бұл орталық нерв жүйесінің қызметімен, ойлау және сөйлеудің дамуымен байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет