Қазақcтан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


Тәрбие – балаға екі жақты әсер ету процесі



бет26/143
Дата07.01.2022
өлшемі1,36 Mb.
#20545
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   143
Байланысты:
УМКД -Мектепке дейінгі педагогика готовый

Тәрбие – балаға екі жақты әсер ету процесі:

- моральдық нормаларды меңгерту;

-тәртіп пен мінез-құлықтың моральдық тәжірибесін жинақтау.

Оқыту дегенімізбелгілі жоспармен программа бойынша жүйелі түрде балаларға білім беру, іскерлік пен жағымды әдеттер мен дағдыларын қалыптастыру, баланың танымдық қабілетін, қызығушылығын дамыту. Оқыту - балаға білім беру, іскерлікті, дағдыны, таным әрекеті тәсілдерін игерту процесі. Оқыту процесі оқытушы мен оқушының іс-әрекетін қамтиды. Оқытудың ең негізгі формасы – сабақ. Қазіргі кездегі сабақтың 5 түлі типі бар: аралас сабақ, жаңа білімді алғаш меңгерту, бекіту-жинақтау, есеп-бақылау, қайталау-жалпылау сабақтары. Ал енді мектепке дейінгі жастағы баланы оқыту оларды бастапқы элементарлық біліммен қаруландыру, ұнамды әдет-дағдылардың алғашқы нышандарына баулу, ақыл-ой қабілетін білуге құштарлығын дамыту. Балалардың зейін, ес, қиялдау, ойлау, сөйлеу сияқты дүние-танымдық қабілеттерін, мақсаттылық, белсенділік, қиыншылықты жеңе білу сияқты қасиеттерін тәрбиелейді.Оқу-тәрбие процестері тығыз байланысты, өйткені тәрбие міндеттері оқыту процесі мен тәрбие жұмыстары процесінде шешіледі. Әрқайсының өзіндік ерекшелігі болғанмен, олар өзара тығыз байланысты, бір заттың екі жағы сияқты, біртұтас оқу-тәрбие процесін құрайды. Оқыта отырып тәрбиелейміз, тәрбиелей отырып білімді, іскерлікті, дағдыны меңгертеміз. Мектепке дейінгі кезеңдегі оқу тәрбиенің басты мақсаты - жас ұрпақты қоғамның күрескері етіп қалыптастырудың негізін қалау.

Білім беру дегеніміз жас ұрпаққа жүйелі ғылыми білім негіздерін меңгертіп, табиғат пен қоғамның даму заңдылықтарын игерту, іскерлік, әдет, дағдыларын, дүниеге көзқарасын қалыптастыру. Білім беру оқыту арқылы іске асады. Білім - оқытудың нәтижесі. Мектепке дейінгі педагогикада білім беру деген түсінік қолданылмайды, өйткені балабақшада балалар аяқталған білім жүйесін меңгермейді.

Мектепке дейінгі педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы.

Қазіргі ғылыми таным жалпы ғылым саласынан әрбір ғылымның жекеленіп, тармақталып бөлініп шығуымен ғана емес, өзінен басқа ғылым салаларымен байланысының күшеюімен де, ұштасуымен де сипатталады. Мектепке дейінгі педагогика ғылымы да бар болмысымен жалпы педагогика ғылымының алғаш заңдылықтарына, негізгі принциптеріне, нәтижелеріне, қорытындыларына, мол тәжірибесіне сүйенеді, оны негізге ала отырып дамиды. Педагогика тәрбие жөніндегі ғылым ретінде алдымен, педагогикалық идеялардың даму тарихына сүйенеді. Сондықтан да педагогикалық мұралар жайында біліммен қаруландырып, оны сын көзбен қарап, бағалы ойларын пайдалануымызға мүмкіндік тудыратын мектепке дейінгі педагогиканың тарихымен тығыз байланысты. Мектепке дейінгі педагогика тәрбие туралы ғылым болғандықтан қоғамдық өмірдің тәрбиеге байланысты сан түрлі жақтарын, әлеуметтік қатынастарды зерттейтін әлеуметтік ғылымдар тобымен де, философиямен де байланысты. Бұл педагогиканың әлеуметтік сипатын, тәрбие проблемаларының саяси сипатын танытады.

Мектепке дейінгі педагогика психология, дефектология ғылымының мәліметтерін кеңінен пайдаланады, өйткені оқыту, тәрбиелеу, үнемі жүйелі түрде баланың санасына, сезіміне, еркіне әсер етеді. Бұл ғылым баланың ішкі толқынысын, талап-тілегін, жағымды, жағымсыз мінездерін, типін анықтауға мүмкіндік тудырып,оқу тәрбие жұмысының тиімді әдістері мен тәсілдерін таңдап алуға көмектеседі. Оқу-тәрбие процесін дұрыс құру үшін баланың жеке басының қалыптасуының табиғи ғылыми негізі болып табылатын физиология, биология ғылымдарының пайдалану кажет. Сонымен қатар медицина, гигиена, педиатрия деректерін де пайдаланады. Педагогика баланың сөйлеу тілін дамытуға тіл білімі, балалар әдебиеті және көркемөнер ғылымының жетістіктеріне сүйенеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет