Қазақcтан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет28/143
Дата07.01.2022
өлшемі1,36 Mb.
#20545
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   143
Байланысты:
УМКД -Мектепке дейінгі педагогика готовый

Дәрістің қысқаша мазмұны. Әр ғылымның өз мазмұны мен мәніне қарай оның дамуын қамтамасыз ететін белгілі ғылыми-зерттеу әдістері болады. Айталық педагогика, тәрбиелеу, оқыту теориялық мәселелерін зерттейді. Сол зерттеу жұмысында белгілі мәселені таңдап алып, оның өмірде қаншалықты көкейкесті екенін негіздеп, айқындаудың маңызы зор. Зерттеудің нәтижелі болуының негізгі шарты – теория мен практиканың өзара тығыз байланыстылығы. Педагогикалық зерттеулер жүргізудің негізгі әдістерін білу шығармашылықпен жұмыс істей білетін әрбір тәрбиешіге өзі ынта қоятын салада ғылыми ізденісті дербес жүргізу үшін де, сондай-ақ, басқалардың тәжірибесін зерттеп, бағалауы үшін де қажет.

Педагогикалық құбылысты зерттеудің үш кезеңі болады.



Алғашқы кезең – көкейкесті тақырыпты таңдау, ол не үшін екенін айқындап алу.

Екінші кезең – тақырыпқа байланысты әдебиеттерді оқып-үйрену, талдау жасау.

Үшінші кезең – бақылау эксперименті арқылы жүргізілетін жұмыстың мән-жайын, дәрежесін анықтау.

Мектепке дейінгі педагогиканың функциясын іске асыру мен міндеттерін шешу үшін ғылыми әдістемелік зерттеулер қолданылады.



Педагогиканың әдіснамасы дегеніміз – әдіснама (методология) – болмысты (ақиқатты, шындық) өзгерту немесе қайта жасау және жалпы ғылыми таным әдістері немесе жеке ғылымдардың әдістері туралы ілім. Әдіснама ғылымның, зерттеушінің, практика қызметкерлерінің педагогикалық көрегендігі мен ойлау қабілетін тереңдетіп, дұрыстығын қамтамасыз етеді. Әдіс дегеніміз – мақсатқа жету тәсілі.

Зерттеу әдістері: Бақылау әдісі. (Баланы нақты іс әрекет үстінде), сауалнама жүргізу әдісі,әңгімелесу, әңгімелету, жеке әңгімелесу,іс қағаздарын зерттеу, статистикалық әдіс,педагогикалық эксперимент. /Анықтау, бақылау, қалыптастыру, қорытынды эксперимент/.

Бақылау әдісі. Бұл - педагогикалық мәселелерді зерттеуде жиі қолданылатын әдістердің бірі. Бақылау деп әдеттегі жағдайда педагогикалық құбылыстарды қабылдау арқылы тануды айтады. Ғылыми бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, экскурсия, зертханадағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі балалардың жұмыстары), жүргізілу әдістері мен техникасы дұрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізде шеберлікпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтижелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми бақылау зерттелетін педагогикалық құбылысты дұрыс және шын дәлдікпен жазып алуды та­лап етеді. Сондықтан бақылаудың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және оның жоғары дәрежелі сауаттылығына байланысты. Педагогикалық бақылау - бұл белгілі бір құбылысты ұзақ және жоспарлы түрде зерттеудің танымдық әдісі. Зерттелетін тақырыптың мақсаты мен мазмұнына қарап, бақылауды жаппай және ішінара жүргізуге болады. Оқу-тәрбие процесінде жалпы мәселелерді зерттеу үшін (сабақ үстіндегі балалардың таным іс-әрекеті, балалар зейінін белсендіру, балалар ұжымының іс-әрекеті, т.б.) жаппай бақылау әдісі пайдаланылады. Жеке мәселелерді зерттеу үшін ішінара бақылау әдісі қолданылады. Бақылау нәтижелері дұрыс шығу үшін зерттеуші түрлі формулаларды, кестелерді, фотосуреттерді, сызбаларды, әсіресе техникалық құралдарды, киноға түсіру, бейнемагнитофонға жазу, т.б. кеңінен пайдаланылады. Бақылау материалдары арнайы күнделікке немесе хаттамаға жазылады. Бақылау әдісі арқылы педагогикалық құбылыстың ішкі процесі жайлы толық сенімді мәліметтерді алуға болмайды. Бақылау әдісіне сүйеніп, балалардың сырттай мінез-құлқын, түрлі іс-әрекеттерін, сұрақтарға берген жауаптарын зерттеп жазып алуға болады. Осы жағдайлар ескеріліп, бақылау басқа әдістермен ұштастырыла жүргізіледі.

Өзін-өзі бақылау - адамның өзін-өзі бақылау әдісі. Бұл әдіс өзіне-өзі есеп берудің негізінде жатыр. Ол көбінесе қосымша ретінде қолданылады.

Сауалнама - арнайы дайындалған жауаптар және зерттеудің негізгі міндетіне сәйкес сұрақтар негізінде ақпарат алудың эмпирикалық әлеуметтік-психологиялық әдісі. Сауалнаманы дайындау – кәсібилік пен жауапкершілікті талап ететін іс. Сауалнама құрастыруда: 1) сұрақтардың мазмұны, 2) олардың түрі - ашық немесе жасырын, соңғысына "иә" немесе "жоқ" деп жауап беру қажет, 3) олардың тұжырымдалуы (анықтылығы, жауаптарға көмек берілмейді, т.б.), 4) сұрақтардың саны мен реті ескеріледі. Педагогикалық тәжірибеде сауалнамаға 30-40 минуттан аспайтын уақыт беріледі. Сұрақтарды: тізбектелу тәртібі көбінесе кездейсоқ сандар тәсілімен анықталады. Сауалнама ауызша-жазбаша, топтық-жеке бола алады. Сауалнама материалдары сапалық және сандық өңдеуден өтеді.

Әңгіме әдісі. Бақылау мәліметтерін әңгіме әдісі арқылы түскен материалдармен толықтырады. Әңгіме әдісі дұрыс қолдану үшін арнайы жоспар жасап, онда негізгі сұрақтар мен жаңа сұрақтардың және әңгіме жасаудың әдістері мен тәсілдерінің нақты көрсетілгені жөн.

Педагогикалық құбылыстарды анықтау үшін әңгіме мұғалім мен сынып жетекшілері, мектеп басшылары мен ата-аналар және басқа да қажетті адамдармен жүргізіледі. Әңгіме барысында зерттеуші жеке адамдардың дербес ерекшеліктерін еске алады. Кейде әңгімеге қатысушылар зерттеушінің сұрақтарына ойдағыдай жауап бере бермейді, керек десе, олар сақтанып, өздерінің ойын шын мағынада айтып беруден де бас тартады. Сондықтан әңгіме зерттеушіден үлкен дайындықты, зор шеберлікті, зейінділікті және әдептілікті талап етеді. Әңгіменің барысы хаттамаға жазылады. Кейде зерттелушіге елеусіз жағдайда әңгімені бейнемагнитофон арқылы жазып алуға да болады. Әңгіме әдісі эксперимент және бақылау әдісімен байланыстырылып жүргізілгенде ғана тиімді нәтиже береді.



Сұхбат - әңгімелесудің ерекше түрі ретінде, ол туралы хабарлар, сұхбат алынып отырған адам туралы ақпарат алу үшін ғана емес басқа да адамдар, оқиғалар, т.б туралы мәліметтер алу үшін қолданылады.

Анкета. Бұл - арнайы іріктелген танымдық сұрақтар мен олардың мүмкін деген жауап нұсқаларының қатал логикалық құрылысы. Анкета мүмкін деген бірнеше жауаптары бар жабық сұрақтардан тұрады. Егер анкетадағы сұрақтардың жауаптары болмаса, онда ол ашық сұрақтар деп аталады. Жабық сұрақтарға қарағанда,ашық сұрақтарға статистикалық талдау жасау қиынырақ. Анкета әдісі, көбінесе, адамдардың бір-біріне, оқиғаларға, іс-әрекет, пікірлерді зерттеу түрлеріне де­ген қатынасын анықтау үшін қолданылады.

Эксперимент деп нақты жағдайды есепке алып, пе­дагогикалық процесті әдейі зерттейтін ғылыми тәжірибені айтады. Педагогикалық эксперименттерге сүйеніп, зерттеуші оқытудың және тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін, формалары мен мазмұнын тексереді. Экс­перимент зерттеулердің нәтижелері әдеттегі жағдайда жүргізілетін педагогикалық жұмыспен салыстырылады. Сондықтан эксперимент мәліметтерін салыстыру үшін екі объект алынады. Олардың бірі - эксперименттік, екіншісі - бақылау объектісі деп аталады.

Педагогикалық эксперименттік зерттеуші өзі жүргізсе активті эксперимент, ал зерттеушінің ғылыми жазба ұсынысы бойынша екінші бір адам жүргізсе пассивті эксперимент деп атайды.

Соңғы кезде педагогикалық зерттеулерде эксперименттің бірнеше түрлері қолданылып келеді. Олардың бірі — табиғи эксперимент — бұл топта, бүкіл үжымда оқу-тәрбие процесін бұзбай, педагогикалық мәселелерді зерттеу үшін әдеттегі жағдайларда жүргізіледі.

Оқу мен тәрбиенің мазмұнын, ұйымдастыру формаларын, принциптері мен әдістерін жаңадан құру үшін -арнаулы эксперимент жүргізіледі.

Педагогикалық құбылыстарды ұқыптылықпен бақылау үшін топ үжымынан бір топ бала бөлініп алына­ды да, олармен арнаулы эксперимент жүргізіледі. Экс­перименттің мұндай түрін зертханалық эксперимент деп атайды.

Педагогикалық мониторинг, психологиялық диагностика.

Әдістемелік зерттеулер ғылыми педагогикалық білімдерді алуға рұқсат етеді, білім беру процесін жетілдіруінде саналы және мақсатқа бағытталған жолды іздестіруді жүзеге асырады, тәжірибенің педагогикалық табысын жалпылайды және зерттейді, өз бетінше ғылыми зерттеулерді жүргізеді. Оларға жататындар: әдебиеттерді талдау, оқу, бақылау,әңгімелесу, сауалнама жүргізу, педагогикалық құжаттарды, бала жұмыстарын білу және тәжірибе жүргізу. Әдістердің кең спекторынан шыға олардың деңгейін атауға болады:

мпирикалық (ғылыми деректердің жиынтығы, құбылыстарды, фактілерді сипаттау);

еориялық (жалпылау, материалдарды жүйелендіру);

етатеориялық (теорияны оқып білу және олардың құруы мен модернизация жолдарын өңдеу);

Мектепке дейінгі педагогиканың негізгі методологиясы философиялық білім берудің қазіргі деңгейін сипаттайды, философиялық бағыттардың әртүрлі спекторларына: аксиологикалық тәсіл, жүйелі, мәдениеттілік, қызметтік, жекелік, синергетикалық, т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет